Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ертеңгілік "Берекелі алтын күз"

14.10.2022

"Берекелі   Алтын күз" сценарий балабақшада ересек тобы
Мақсаты:Күз мезгілінің ерекшеліктерін ұғындыру. Күз өнімдерімен таныстыру, олардың ағзаға пайдасын түсіндіру. Мерекелік көңіл – күй орнату. Балаларды ән салуға, би билеуге, түрлі іс — әрекеттерге тарту, бейімділіктерін арттыру. Шығармашылық ой — қиялдарының дамуына ықпал ету. Ата — аналар қауымымен тығыз қарым – қатынас қалыптастыру.

 


Музыка ойнап, әсем безендірілген залға балалар келіп кіреді. 
Жүргізуші:       Қарсы алайық бәріміз,
                          Жасымыз бен кәріміз.
                           Қырдан кепті қыдырып,
                          Алтын күз бізге нұр төгіп.

Тілегім аман болсын ел іргесі,
Алтын күз қайта келді берекесі.
Молшылықтың жаршысы бола білді,
 Алтын күз-ырыс,береке,бірлік ала келді.

Армысыздар ұстаздар мен ата-аналар, қадірлі қонақтар!  «Берекелі алтын  күз» атты ертеңгілігімізге қош келдіңіздер!

Балалар мен сендерге бір жұмбақ жасырғым келіп тұр.

«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
  Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін» - Бұл не, балалар? (Күз мезгілі)
Күз мезгілінде ауа  райы  қандай  болады?

Балалар:күн суытады ,жие  жаңбыр  жауатын болады.

Жүргізуші:Күз айында  неше  айы  бар  екен ?Маган  кім  атап  бере  алады?

Балалар: күз мезгілінде  үш айы  бар ол  қырқүйек ,қазан , қараша  айлары.

 

Жүргізуші: Балалар бізге қонақ келе жатқан сияқты.Ол кім болды екен?

Күз ханшайымы:  Сәлем менің достарым,
                               Өмірге көп қосқаным,
                               Күз сыйлығын алыңдар
                               Сыйлығына қаныңдар.
                               Молшылыққа кенеліп,
                              Шаттық әнге салыңдар.

Жүргізуші: Сәлеметсіз бе, Күз ханшайымы! Біздің балалар сізді асыға күтті.

Күз ханшайымы: Рахмет, менің достарым! Ал, мен сендерге жұмбақ ала келдім.

1.Бұтақта ілініп тұрамын,

Піскенде себетке құладым.(Жеміс)

2. Ашулы қонақ бұл анық,

Тонып шешсе жыладық. (Пияз)

3. Өсірер тың дала,

Көшірер қамбаға.

Айналар ұңға да

Айналар нанға да.(Бидай)

4. Ағайынды бәрі,

    Шықса –жасыл

  Түссе – сары. Бұл не? (жапырақ)

Күз Ханшайымы:Жарайсыңдар  ,балалар  .

Жүргізуші: күз мезгіліне арнаған өлең шумақтарымызды тыңдайық:Аяулым,Зере,Амирлан,Риза,Әміре.Алимжан .
         

 «Күзгі  вальс»  әні

 (залға  әрен  әлсіз  Қоян    кіріп ,құлайды )

Қоян : Тоқтаңдар, тоқтаңдар!
Бойымнан әл құрып
Көздерім бұлдырап
Басым айналып барады!
Жүргізуші:: Енді, енді не естейміз?!
Қоянға   қалай көмектесеміз?
 Күз Ханшайымы:Сабыр сақта, саспайық
Дәрігер шақырайық!
Қоян : Жо - жоқ! Дәрігер керек емес!
Қазір өзім тұрамын тез!
Жүргізуші: Онда дәрі ішіп ал,
Менде міне, көп дәрі бар!
Бәрі бірге: Дәрігер, дәрігер! ("Жедел жәрдем" машинасының дыбысы естіледі. Дәрігер  келеді)
Дәрігер : Мені неге шақырдыңдар,
Қандай шағым, арыздар бар?
Бәрі бірге:Қоянға     дәрігерлік     көмек    керек!
Дәрігер : Қазір     қарап     шығайын,
Неден ауырғанын ұғайын... (Фонендоскоппен кеудесін тыңдайды)
- А - а - а - деп қане, аузыңды ашшы...... (Тексереді)
Тістерің орнында, тамағың іспеген
Қол - аяғың әлсізденген
Қызуың ыстық екен
Білдім, неден ауырғаныңды...!
Жеткілікті мөлшерде ағзаңа
Дәрумендер жетіспеген!
Қоян:: Енді не істеймін?
Дәрігер : Дәрумендер табиғи болғаны дұрыс,
Көп - көп көкөніс, жемістер жеуге тырыс!..
Қоян :мен  Күз  Ханшайымды  іздеп   ,    «Болашақ» бөбекжайында   екенін  естіп  секендеп  келдім  .Мен    тамақтануды  да  ұмытып кеттім  ғой .Рахмет  сендерге ! (дәрігер  Қоянға  сәбіз береді )

Жүргізуші:

ОЙЫН : «Ғажайып  дорба  »

Міндеттері:жеміс-жидекке немесе  көкөніске қол  тигізу  қабілетін  жетілдіру,оның  түсін  дурыс  атау,зейінің  есте    сақтау  қабілетін,ауызша  сөйлеуді  дамыту.
Жүргізуші:  Ән: «Алтын күз» алтын күзге арнаған әнімізді айтайық.

Күз ханшайымы: —- Бәрекелді, керемет!


Жүргізуші: Жыл мезгілімізге арнаған өлең шумақтарын тыңдайық.Б.Медина,Жазира , У.Медина ,Бахтияр,Адель,Алимансұр .


Жүргізуші: Балалар күзде, аңдарда қысқа дайындалады. Қорек жинап күздің, сыйлықтарына рахметін айтады.Қоянға сөз берейік!
 Күзгі орманда не болып жатыр, аңдар қысқа қалай дайындалады?

Қоян :  Орманда көптеген өзгерістер болып жатыр. Барлық аңдар қыс мезгіліне азықтарын дайындап жатыр.Балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын ал сендер шешуін табыңдаршы.

Үсті толы ине,

өзін қорғай алады,

домаланып қалады. Қандай аң?

Балалар: Кірпі!

Қоян: Дұрыс балалар!

Бұтақтан бұтаққа секірген,

Кішкентай ғана шапшаң аң.

 Балалар: Тиін!

Қоян: Дұрыс тиін! Балалар сендер білесіңдер ме, тиін мен кірпі қысқа   қорек жинап  бірақ    жаңғақ пен  алмалар    араласып  кетіпті  ғой  мүмкін сендер көмектесіп жібересіңдер?

Жүргізуші: Әрине көмектесеміз! Кірпіге  алмалар , ал тиінге жаңғақтарды жинап береміз!

ОЙЫН «Жаңғақтар мен алмаларды себетке жинап ал!»

Ортада шеңбер ішінде жаңғақтар мен алмалар аралас жатады. Қарама қарсы балалар екі командаға 5 баладан бөлініп тұрады. Қолдарында себеттер. 1,2,3 дегенде бір-бірден барып өз заттарын жинайды. Музыка тоқтағанда ойын аяқталады. Кім көп жинаса сол команда жеңеді.

Жүргізуші: Досы көпті жау алмас, деп бекер айтпаған! Міне біздің, балалар кірпі мен тиінге көмектесіп жіберді.

Теңіздей тербетіле көл бетіне,

Бишілер билеп кетті тербетіле.

Аққудай қалықтаған теңіздегі,

Бишілеріміз өнерлерін көрсетуде.

ұлдарымыз бен қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.

Би: «Қырманға  кел  қалқатай»

Жүргізуші:Кезегімізді   ойынға  берейік .Ата  аналарымызды  ортаға  шақырайык .Ойын : «Кім  жылдам» Ойын  шарты  екі  ата ана  ортаға  шығып  алма  жейтін  болады  .Кім  бірінші  алманы жеп  тауысады  сол  жеңімпаз  болады.  
  
Күз ханшайымы: Керемет! Қандай әдемі! Балалар, менің басқа балабақша бүлдіршіндеріне  баратын уақытым болыпты. Мен енді кетейін, келесі кездескенше сау болыңдар!
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, ата-аналар бүгінгі «Берекелі  Алтын   күз» - атты ертеңгілігімізді аяқтай отырып, күз берекелі, астықты болсын демекпіз. Сау болыңыздар қонақтар, келгенше жыл айналып.
 


 

 

Просмотров: 1124


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст