Тақырыбы: «Қош келдің, Алтын күз!»
Мақсаты: Күз мезгілінің өзгерістерін ұғындыру,күз туралы түсініктерін кеңейту,мерекелік көңіл-күй орнату.Балалардың ән салуға,би билеуге деген ынталарын арттыру.
Жүргізуші:
Құрметті қонақтар! Балалар! Алтын күз мерекесіне қош келдіңіздер! Ел байлығын арттырған берекелі де мерекелі күз мерекесі құтты болсын. Сары алтындай сары күз себетке толы жемісін, қамбаға толы егінін сыйлайды. Ендеше «Ақ желкен» тобының «Қош келдің, Алтын күз!» атты мерекелік ертеңгілігін бастаймыз.
Көбейді құт-береке Астық толы қамбамыз Құтты болсын мереке Алтын күзді тойлаймыз
Жүргізуші: Балалар мінеки күз мезгілі де келіп жетті. - Күз мезгілінде ауа райында қандай өзгерістер болады?
Ал, балалар,балалар,
Енді бері қараңдар
Бізге қонақ келмекші
Сендерді бір көрмекші
Әуелі жұмбақ жасырам
Қулығымды асырам.
Таба алсаңдар шешімін
Қонақты ортаға шақырам.
«Көк майсалы көрікті, алқаптағы көп егін
Бұл күндері киіпті, сары жібек көйлегін»-Бұл не ,балақайлар? (Күз)
(Желдің уілі естіліп, залға сазды әуенімен Күз ханшайымы келіп кіреді)
Күз ханшайымы : Уа халайық, дархан далам армысың
Табиғатым жаны жайсаң тал мүсін.
Ханшайымы күздің бүгін келіп тұр,
Алмақ болып бар халқымның алғысын
Балалар бірге : Қош келдің, Алтын күз!
Жүргізуші:
Терістіктен желдетіп,
Жаңбырлатып, селдетіп,
Шаттандырып біздерді,
Сары алтындай күз келді.
-Балаларымыздың орындауында «Алтын күз» әнін қабыл алыңыздар
Ән: «Алтын күз»
Алтын күз: -- Жарайсыңдар балалар. әндерің қандай тамаша, тағы да қандай өнерлерің бар?
Балалардың тақпақтары:
Кенесары:
Күздің қазан айында
Алма,алмұрт піседі
Жапырақтар сарғайып,
Сыбдыр-сыбдыр етеді.
Замира:
Если на деревьях
Листья пожелтели
Если в край далекий
Птицы улетели
Если небо хмурое
Если дождик льется,
Это время года
Осенью зовется
Назерке:
Келді міне күз
Айнала сары түс
Керемет тамаша
Қандай әсем күз
Еркежан:
Берекесін сыйлауға
Өлкемізге күз келді
Жемістерін жинауға
Шақырады біздерді
Маргарита:
Осень,осень, не спеши,
И с дождями подожди!
Дай еще нам лета,
Солнышко и света.
Жүргізуші: - Рахмет, балалар, сендер күз туралы өте көп тақпақ біледі екенсіңдер, Алтын Күзіміз риза болып қалды.
Жүргізуші: Ойын «Жемістер мен көкөністер»
Балалар екі топқа бөлініп ойнайды .Бір бала жемістерді жапырақтың үстіне қойып шығады,ал екінші бала оны себетке жинап алады.Осылай ойын жалғаса береді,қай топ бірінші аяқтайды сол жеңімпаз.
Алтын күз: - Балалар,мен сендерге Қыс деген ағайымнан, көктем, жаз деген апайларымнан үлкен сәлемдемелер әкелдім. Олар мына ашық аспанымыз, жарқыраған күніміз, піскен егін мен жеміс -жидектеріміз. Балалар, мен сендерге жұмбақтар жасырайын, кәне жауабын кім көп табады екен.
Жұмбақтар:
Шықса жасыл,
Түссе сары. (Жапырақ)
Күннің көзін сүйеді. (Қарбыз )
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады. (Пияз)
Қойнында наны бар. (бидай)
Бір түйме жоқ ілінген (қырыққабат)
Астында қызғылт дәу жатыр (қызылша)
Жүргізуші: Бүгін мейрам, бүгін той Қуанышты күн біліп қой. Күзгі бақтай сыңғырлап, Алақанды соғып қой – дей келе, ендігі кезекті биге берейік.
«Тиіндер» биі
Алтын Күз: - Ия, барлықтарың өнерлі, білімді екенсіңдер, сендермен бір ойын ойнағым келіп тұр, бұл ойын - «Кім жылдам?» деп аталады. Ойын шарты: бес бала ортаға шығып, музыка әуеніне билейді. Музыка тоқтай қалғанда жерде жатқан бір жемісті жылдам ала қалуы керек, кімге жеміс жетпей қалды, сол бала ойыннан шығып отырады. Ең соңында билеп жүрген екі баланың қайсысы жемісті бірінші боп алса, сол бала жеңімпаз болады. Ендеше бастайық!( Ойын ойналады)
Желдің гулеген дыбысы естіледі.
Күз: — Балалар, желдің гуілін естимісіңдер? Мені бауырларым шақырып жатыр. Балалар, бәрің өнерлі екенсіңдер. Өнерлеріңді тамашалап, тәнті болдым. Еліміздің елеулі, халқымыздың қалаулы азаматтары болыңдар. Арнайы сендерге әкелген мына күзгі жемістерден ауыз тиіңдер.
Жүргізуші:
- Күз арқылы білеміз, жомарттықтың салтын біз, біз өзіңді сүйеміз!
Балалар: Рахмет саған, Алтын күз!
Алтын Күз: Сендерге көп-көп рахмет! Қош сау болыңдар! (Осылайша желдің дыбысымен қоштасып шығып кетеді.)
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, осымен «Ақ желкен» тобының «Қош келдің, Алтын күз!» атты ертеңгілігі аяқталды.
Берекелі бақ-дәулет
Арта түссін тойланып.
Сау болындар, балалар,
Келгенше жыл айналып
Жүргізуш: Берекелі, мерекелі жомарт күздің сыйы әрбір отбасының ақ дастарханынан арылмасын, Уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көптен көп рахмет-