Тақырыбы: «Қарттарым-асыл қазынам!»
Мақсаты: Балалардың бойына халқымыздың асыл қасиеттерін сіңіру, үлкенді сыйлау, өз ата – бабасын ұмытпай сақтау үшін және салт – дәстүрден нәр алып өсуіне, инабаттылыққа, жақсы мен жаманды ажырата білуге аталы сөзден ғибрат алуға тәрбиелеу.
Жүргізуші:
“Үйдегі қарияң – жазып қойған хатпен тең”, демекші қарттарын құрметтеген елдің ертеңі биік, мерейі үстем болғай.
Осындай дәстүрлі тәжірибеден тәлім алған егемен еліміз алғашқы күннен қарттарын қадірлеп, үлкенін құрметтеуді даму баспалдақтарында басымдыққа айналдырып келеді. Адам баласы үшін ең аяулы,ең қастерлі, қадірлі және ардақты жан ол-Ата мен әже. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің ыстық құшағымен, мейірім толы көз-қарасымен, жылы жүзімен, сарқылмас ақылымен мейірімділік махаббатын немере-жиендеріне бере білген аталар мен әжелер үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп тағайындаған. Ол 1-қазан қарттар күні. Бүгін біз де аталарымыз бен әжелерімізді осынау мерекелерімен құттықтап « Үлкен алдында жас қарызы, ата алдында бала парызы –әдеп пен сый» деп мерекелік ертеңгілігімізді ашуға рұқсат етіңіздер.
1ведущий: Уважаемые гости! Дорогие наши мамы и папы, бабушки и дедушки — все те, кого чествуют 1 октября — в международный день пожилого человека! От лица сотрудников и воспитанников поздравляем вас с этим ежегодным событием. Мы искренне уважаем и любим ваше поколение за удивительное трудолюбие, мудрость и неиссякаемый оптимизм, за стойкость, с которой вы научились преодолевать любые трудности и невзгоды. спасибо вам за желание делиться своим огромным жизненным опытом, за вашу заботу, поддержку и любовь. Желаем вам здоровья, долголетия, благополучия, теплоты и внимания близких. пусть они радуют вас, а неурядицы обходят ваш дом стороной! будьте счастливы!
Жүргізуші:
Хош келіпсіз ақ жаулықты аналар,
Ақыл кенін арқалаған аталар.
Алдарыңда жауқазындай құлпырған,
Біз алаңсыз балғын шақты балалар
Армысыз ауылымның асылдары
Жайнасын көңілдердің жасыл бағы
Сіздер үшін ән мен күй, өлең мен би
Сіздер үшін мереке шашулары
Қадірлі ата - әжелер бүгінгі күні біз сіздерді мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тілейміз.
Сіздер жас ұрпаққа әрқашан төзімділіктің, даналықтың үлгісі болып келесіздер.
Бүгінгі салтанатты мерекелеріңізбен құттықтауға сөз кезегін балабақша меңгерушісі Бейсембаева Өрік Қабатайқызына береміз.
1ведущий:
Что за праздник начинается тут?
Видно почётные гости придут!
А может, уже пришли генералы?
А может, пришли адмиралы?
А может, герой, облетевший весь свет?
Гадать понапрасну не будем!
Смотрите! Вот наши гости!
Почётные, важные самые
Наши бабушки и дедушки славные!
Кто поможет и подскажет?
Раньше всех всегда встает?
Кто печет оладушки?
Все (хором). Это наши бабушки!
Кто ставит на пятку заплатку?
Кто гладит и чинит белье?
Кто дом поутру прибирает?
Кто ставит большой самовар?
Все (хором). Это наши бабушки!
А сейчас вас поздравить выйдет группа «Қүншуак»
Ведущий 1.Сегодня в день такой неповторимый
Сказать вам хочется особые слова:
Чтоб были молоды, активны,
И не болели никогда.
Дому вашему радости,
Чтоб без бед в нём до старости жить и не горевать
Чтоб внучат своих вырастить,
Чтоб их лучшему выучить.
Не стареть, не грустить, не скучать,
Каждый год этот праздник встречать
Жүргізуші:
Аппақ шашың күн сайын қылаңдаған,
Зейнет емес бейнеттен арылмаған.
Тәңірімдей табынып өтем мәңгі,
Қариялар өзіңді ел сыйлаған.
Ел мүддесін бәрінен биік қоятын, өзінен кейінгі ізіне ерген інілеріне ізеттігін аямайтын, ізінен ерген ұрпағына ұлылығын ұялатып, бір қауымға бас-көз бола білген ауыл қарттарының орны ерекше, олай болса әр халықтың бойында ықылым заманнан бері қалыптасып оны өзгелерден даралап тұратын, тек өзіне ғана тән қасиеттері болады. Біздің халқымыздың сондай ерекшеліктерінің бірі – үлкенді сыйлау, оның сөзіне құлақ асу. Қазақ қарты жасына лайық ауызы дуалы, сөзі берекелі, ісі тыңғылықты ойы терең ақылы телегей теңіз болып келеді. Міне осындай теңеуге лайық қарияларды жылына құттықтау үшін ортаға «Күншуақ» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Ведущий: Встречаем группу «Күншуақ»
Жүргізуші: Халқымыздың тәлім – тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, аталар ақылымен берісіп, өзіндік қасиетімізді қалыптастыру көзделген.
Құттықтаймыз мейрамыңмен аталар!
Әр күлгенің бізге бақыт саналар.
Еңбегіңді еш етпейтін өмірде
Елің жұртың ұл мен қызың бағалар
Ана мейір күн көзімен пара – пар.
Тұла бойға қуат болып таралар
Өміріме шуақ шашып әрқашан
Көп жасаңдар аталар мен аналар!
Аталарымызбен әжелерімізді құттықтау үшін ортаға «Ақ желкен» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Ведущий: Сегодня наших бабушек и дедушек хотят поздравить и группа «Ак желкен»
Жүргізуші: Ойын: «Менің әжемнің алақаны»
Мақсаты: Балалардың көзі байлаулы қолдарымен әжелердің алақандарын ұстап өз әжесінің алақанын табу керек.
Ведущий:Игра: «Ладони моей бабушки»
Жүргізуші: Келесі кезекте ата-әжелерімізге өз өнерлерін көрсетуге
«Капелька» тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Ведущий: Своими танцами и песнями встречаем группу «Капелька»
Жүргізуші: Ортаға ән мен биден жыр шашуға «Гүлдәурен» тобын шақырамыз.
Ведущий: Своими танцами и песнями встречаем группу «Гүлдаурен»
Ведущий:Конкурс «Ласковые слова»
Жүргізуші: Сайыс: «Жылы сөздер»
Мақсаты: Екі немере,екі әже ойынға қатысады.Әр әже өз немересіне жеткенше немересін еркелететін сөздерді айту керек,кім көп сөз айтады сол жеңімпаз.Осылай жалғаса береді
Жүргізуші:
Асыл әжем, мақтанышым менің де
Қонақ болып отыр міне төрімде.
Өзіңе арнап былай тәтті үніммен
Ән салатын кезім келді менің де дей отырып ортаға мектепалды даярлық тобының бүлдіршіндерін шақырамыз.
Ведущий: Приглашаем предшкольную группу
Ведущий:
Не болейте, не старейте, не сердитесь никогда!
Вот такими молодыми оставайтесь навсегда!
Дорогие дети, нежно любите и цените своих бабушек и дедушек. Не причиняйте боли своими словами и поступками, будьте добрыми и чуткими к ним.
Пусть ваш дом достатком дышит,
Пусть будут в нем покой и труд,
Пусть смех внучат в нем будет слышен,
Пусть мир и счастье в нем живут!
Жүргізуші:
Балаларыңыз қуаныш әкелсін!
Немерелеріңіз жұбаныш әкелсін!
Орындарыңыз төр болсын!
Дастархандарыңыз мол болсын!
Қатарларыңыз көп болсын!
Уайым қайғыларыңыз жоқ болсын!
Елде бірлік болсын!
Жарасты тірлік болсын! –деп тілек тілеп сіздерді 1-қазан қарттар күнімен тағы да шын жүректен құттықтаймыз.Денсаулықтарыңыз мықты болып, ауырмай немере- шөберелеріңіздің қызығын көріп шат күлкісімен жарасып, ұрпақтарыңызға тәлім –тәрбие, өнеге беруден жалықпаңыздар!.
«Батамен ел көгерер, жаңбырмен жер көгерер» демекші әжелер бата, ізгі ниет-тілектеріңіз болса, сөз кезегін өздеріңізге береміз.
Осымен қарттар күніне арналған «Қарттарым-асыл қазынам!» атты мерекелік ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Келгендеріңізге көп –көп рахмет.
Сау болыңыздар.
Ведущий:Ребята давайте подарим нашим бабушкам подарки. Ведь каждая бабуля достойна ведь вы самые лучшие!
Жүргізуші: Бүлдіршіндеріміздің сіздерге арнап өз қолдарынан жасаған сыйлықтары бар. Қабыл алыңыздар!