Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін оята отырып, елжандылыққа тәрбиелеу. Патриоттық сезімін ояту. Қазақстанның келешегі өздері екеніне көз жеткізу.
Көрнекілігі: мемлекеттік рәміздер, слайд, әнұранның фонограммасы, жалаушалар.
Қазақстан Республикасының Гимні!
орындалсын!
«Ата Заңым – айбыным!» атты тәрбие сағатты.
Еркін елдің Ата Заңы ардақты,
Әрбір сөзі, әрбір бабы салмақты.
Адам құқы, бостандығы, теңдігі,
Барлығын да қарастырған жан - жақты!
Балалар қазір сендерге сұрақ-жауап өткіземын.
- Арайлаған таңды сүйетін кім? Яғни біз адамдар қазір сендерге осындай сұрақттар қойам ал сендер мен деп жауап бересіңдер
- Алтын сәулені сүйетін кім?
- Мен.
- Жарқын даланы сүйетін кім?
- Мен.
- Туған жерді сүйетін кім?
- Мен.
- Ата - ананы сүйетін кім?
- Мен.
- Досын сүйетін кім?
- Мен.
- Еліміздің болашағы кімдер?
Тақпақтар:
- Қазақстан Республикасы тәуелсіз, егеменді мемлекет. Еліміз тәуелсіздікті 1991жылы алды. Қазақстан мемлекеті өз егемендігін алған соң 30 - тамызда 1995жылы өз Ата Занымыз қабылданды. 30 тамыз – мемлекеттік мереке «Конституция күні» деп аталды. Еліміздің тәуелсіздігін дәлелдейтін өз рәміздері бар.
Мемлекеттің барлық азаматтары - үлкендер де, балалар да – мемлекеттік рәміздерді, олардың символикаларын білуі және түсінуі тиіс. Өз еліңнің Туын, Елтаңбасын және Әнұранын құрметтеу – өз Отаныңды құрметтеу және сыйлау!
- Балалар, біз қай елде, Республикада тұрамыз?
Бала - р: - Қазақстан Республикасында тұрамыз.
- Қазақстанның елордасы қай қала?
Бала - р: - Нұрсұлтан қаласы.
- Елбасымыз кім?
Бала - р: - Қасым Жомар Кемелұлы
- Біз Қазақстан Республикасының рәміздерін білеміз бе?
Бала - р: - Иә. Олар: Әнұран, Ту, Елтаңба.
Жүрг: Кәне, балалар, тақтаға қарап еліміздің рәміздерін атайықшы!
(Слайдпен жұмыс)
Дұрыс айтасыңдар, балалар! Біздің еліміз тәуелсіз мемлекет! Өз Ата заңымыз, өз рәміздеріміз, өз салт - дәстүріміз бар! Бәріміздің өз құқықтарымыз бар! Енді әр бала бақытты өмір сүруде өз құқықтарын білуге міндетті.
Қазір сендерге (өз құқықтарын айтып берем мұқияат қарап тыңдаңдар!
1 - Бала: Мен баламын...
Өмір сүруге құқым бар!
Ерікті, тәуелсіз болуға құқылымы
Отбасында тәрбиеленуге құқым бар!
Демалуға құқылымын!
Азаматтық алуға құқылымын
Емделіп, ем қабылдауға құқылымын!
Білім алуға, оқуға құқылымын
Өркендеп өз қолына алған ісі,
Биікке қазағымның самға құсы,
Халық боп қадір тұтып қастерлеген,
Ата заң – Азат елдің ар - намысы!
Халқымыз бірлікте, татулықта тыныш өмір сүрсін! Еліміздің абыройы мен мәртебесі асқақтай берсін! Конституция күні баршамызға құтты болсын! Еңсесін асқақтатқан Қазақстанымыз жайнап, гүлдене берсін!
Осымен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды балалар рахмет сендерге!
Сау болыңыздар!!!