Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Мақта қыз бен мысық" ертегісі

21.07.2022

Мақта қыз бен мысық ертегісі

Бір күні Мақта қыз үйін жинап жүріп, бір мейіз тауып алады да, мысығын шақырады, бірақ мысығы келмейді.                                                                                Мақта Қыз: – Келмесең келме! – дейді де, мейізді өзі жеп қояды.                                             Арада біршама уақыт өткен соң  мысығы келіп: – мені неге шақырдың?                                    – деп сұрайды.                                                                                                                       Мақта қыз бірақ оған еш нәрсе айтпайды.

Мысық: – Ендеше мен сенің қатығыңды төгемін! – дейді.

Мақта қыз: – Онда Мен сенің құйрығыңды кесіп аламын! – дейді мысығына.

Мысық Мақта қыздың айтқанын тыңдамастан  қатықты төгіп жібереді.

Мақта қыз мысықтың құйрығын жұлып алады.

Мысық: – Мақта қыз құйрығымды берші! – дейді.

Мақта қыз болса: – Менің қатығымды төле! –дейді.

Содан Мысық сиырға барады. – Сиыр- Сиыр, маған қатық берші! – дейді.

Сиыр оған: – Менің қарным ашып тұр. Маған жапырақ әкеліп берші! – дейді.

Мысық ағашқа барады: – Ағаш, ағаш, жапырағыңды берші! – дейді.

Ағаш мысыққа: – Мен шөлдеп тұрмын. Су әкелсең, жапырақ беремін, –дейді.

Мысық су іздеп бара жатса, су әкеле жатқан қыздарды көреді.                                                      – Қыздар, қыздар, маған су беріңіздерші! – дейді.

Қыздар оған: – Бізге сағыз әкеліп берсең, біз саған су береміз, – дейді.

Мысық дүкенге барады. – Дүкенші- Дүкенші, маған сағыз берші! – дейді.

Дүкенші: – Маған алдымен жұмыртқа әкеліп бер! – дейді.

Мысық тауыққа барады. – Тауық, тауық, маған жұмыртқа берші! – дейді.

Тауық: – Бізге дән әкеліп берсең, біз саған жұмыртқа береміз, – дейді.

Мысық : «Енді не істеймін?» – деп бара жатқанда, бір ін қазып жатқан тышқанды көреді. Мысық тышқанды бас салады.                                                                         – Тез жаныңның барында айт! Үйіңде не бар? – дейді.

Тышқан қорыққанынан: – Үйімде бір табақ тары бар, – дейді.

Мысық: – Маған бір уыс тары бер, – дейді.

Тышқан үйіне барып, бір уыс тары әкеліп береді;

Мысық тарыны апарып тауыққа береді,

Тауық жұмыртқа береді; жұмыртқаны апарып дүкеншіге береді;

Дүкенші сағыз береді; сағызды апарып қыздарға береді,

Қыздар су береді; суды апарып ағашқа береді;

Ағаш оған жапырақ береді;

Жапырақты алып сиырға береді,

Сиыр қатық береді;

Қатықты апарып Мақта қызға береді,

Мақта қыз мысықтың құйрығын қайтарып береді.

 

Мақта қыз-Аяулым

Мысық-Аяла

Сиыр-Жамиля

Ағаш-Нұралі

Қыздар- Медина мен Риза

Дүкенші-Дария

Тауық-Аяулым

Тышқан-Зере
 

Просмотров: 1385


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст