Тақырыбы: «Түрлі – түсті шарлар»
Мақсаты: Балалардың ойынға деген қызығушылықтарын оята отырып жаттығуды дұрыс орындауын үйрету. Төзімділікке, жылдамдыққа, ептілікке тәрбиелеу.
Ойын түрінде өтіледі.
Балалар дөңгеленіп тұрады. Топқа Карлсон (тәрбиеші апай) кіреді.
- Ох, жерге әрең дегенде қондым ғой!
- Жж – Жж...
- Балалар сәлеметсіңдер ме?
- Мен Карлсонмын, мен сендермен дос болғым келеді .. Бәріміз бірігіп шаттық шеңберін құрайықшы.
Орнымыздан тұрамыз
Алақанды соғамыз.
Жоғары – төмен қараймыз,
Тоқылдатып басамыз
Біз ақылды боламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Жаттығу жасап шынығып
Өсіп үлкен боламыз.
Балалар, біз ауырмас үшін денсаулық жолдарымен жүріп өтеміз.
1. Соқпақ, гүлді жолмен жүру.
2. Кедір – бұдырлы жолмен жүру.
3. Жұмсақ жолмен жүру.
Енді балалар біздің денсаулығымыз мықты болады.
- Балалар тыңдаңдаршы, бір дыбыс естіліп тұр. Қане бәріміз естиікші.
- Желдің дыбысы естіліп тұр (осы кезде іші шарға толы қапшық домалап ұшып келеді)
Карлсон:
- Ол не болды екен?
- Ол шар екен.
- Жарайсыңдар, желдің жасырғаны шар екен. Шарларды біз ойын үшін, мереке күндері безендіру үшін пайдаланамыз.Ал біз болсақ бүгін шарлармен ойындар ойнайық .
Балалар екі топқа бөлініп тұрады.
1.Ойын: «Жұлдызқұрт »гусеница Ойының шарты:алдында тұрған балаға шар арқасына тиіп түру керек ал артындағы баланың ішіне ,екеуі сол шармен жүгіріп келіп келесі баланы алып кету керек .Солай жұлдызқұрт болып шығады.
- Балалар қараңдаршы бізге кім келе жатқанын.
- Бұл менің кішкентай Карлсоным. Беті кір қожалақ болыпты. Әбден тосапты жей беріпті ғой. Енді біз кішкентай Карлсонмен бірге жылы сумен жуынып, құрғақ сүлгімен сүртініп, серігіп қалайықшы. Міне, осындай тап – таза болып жүріңдер. Сол кезде ауырмайсыңдар. Кішкентай карлсон балалармен бірге ойын ойнағысы келеді.
2.Ойын: «Шарларды жинау».Ойын шарты: екі топтың капитандары шығып музыка қосылып жердегі шарларды жинайды .Көп шар жинаған басшының тобы жеңімпаз аталады.
- Жарайсыңдар балалар, кішкентай Карлсон сен де жақсы ойнадың.
3.Ойын «Күн мен түн» Ойын шарты:бір қатарда тұрып допты үстінен жүргізеді (күн),сосын астымен(екі аяқтың ортасынан) артқа әкеледі (түн).
4.Ойын «Кенгуру» Ойын шарты :балаға алдындағы дорбасына жұмсақ ойыншық салады да және де екі аяқтың ортасына шарды қысып секіріп орындыққа дейін жетіп ойыншықты орындыққа отырғызып артқа жүгіреді . ал келесі ойыншы секіріп ойыншықты әкеліп басқа балаға береді .
5. «Шарды үрлеу» тыныс алу жаттығуын жасайықшы.
Балалар, осы шарларды аспанға ұшырамыз.
Далаға шығып шарларды ұшыру.
Балаларды мақтап, мадақтау, қоштасу.
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Шарлардың түр – түсін ажырата білу, шарлармен ойнай білу.
Үйренеді: Шарларды қолдарына ұстап үйрену, әр түрлі ойын ойнап үйрену.