Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Біз шыныққан баламыз"

24.06.2022

Білім беру саласы: Денсаулық                                                                                                                                                               

Бөлімі: Дене шынықтыру.

Тақырыбы: «Біз шыныққан баламыз»

Мақсаты: Берілген тапсырмаларды зейін қойып орындауға үйрету.                      Ойын арқылы балалардың қимыл іс-әрекетін дамыту, тұлға бітімдерімен аяқ қол, кеуде бұлшық еттерін жетілдіріп оны әрі қарай дамыту.                             Балаларды ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу.

1-Қимылды ойын. «Таяқшамен жеткіз»

Шарты: Балаларды екі топқа бөледі. Екі топтағы балалардан екі баладан шығып, бір нүктеден екінші нүктеге таяқшаның көмегімен қысу арқылы жеткізу. Қайсы топ бірінші допты жеткізеді, сол топ жеңімпаз.

Тәрбиеші балаларға ойынның шартын түсіндіреді.

2-Қимылды ойын. «Себеттегі доп»                                                                Ойынның шарты: Балаларды екі топқа бөледі. Балалар жолдағы кедергелерден өтіп, шашылырып жатқан қызыл және көк доптарды сәйкес себеттерге салады. Қайсы бала жылдам, бірінші жинады сол жеңімпаз болады.                                                                                                                   3-Эстафеталық ойын: «Кенгуру»                                                                                           Балалар екі топқа бөліп, саптізбекке тұрғызу. Үлкен допты астыларына қойып кедергілер арасынан межеге жетіп, кері қайту. Өзінің тобындағы келесі ойыншыға допты беру.

4-Қимылды ойын: «Орамал ойыны»                                                                                    Балаларды екі командаға бөлуден тұрады, төреші болатын адам бір нүктеде орамалды ұстайды. Әр команда төрешіден бірдей қашықтықта, бір қатарда және ретпен тұрады. Төрешінің ысқырығы болады, ол ысқырықты соққанда әр топтың бірінші баласы орамалды алу үшін жүгіруі керек. Қозғалысты барлық балалармен қайталаңыз және орамалды ең көп алған команда жеңілпаз.

Ойын соңында барлық балаларды мақтап-мадақтап, мадақтама қағазы беріледі.

 

 

Просмотров: 322

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст