Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Көңілді старт"

11.05.2022

«Көңілді старт»

(спорттық ойын-сауық)

Мақсаты: Балаларға денені шынықтырудың пайдасын, адамның дені сау, сергек  болуына көмектесетінін түсіндіру. Балалардың көтеріңкі көңіл-күйде болуын қалыптастыру, шынықтыру жаттығуларына, сайыстың шарттарына деген қызығушылықтарын арттыру.

Д/ш нұсқаушысы: Құрметті ойыншылар, бүгін «Көңілді старт» атты эстофеталық жарысымызды бастаймыз.

Ал, сайыскер балалар,

Ешкімің жоқ алалар,

«Жеңімпаз» болу үлкен ерлік

Оны әділқазылар бағалар.

Сонымен бүгінгі жарысымыздың әділ қазыларын таныстырып өтсем

Болашақ бөбекжайының балабақшасының әдіскері – Арман Өміргүл

Болашақ бөбекжайының тәрбиешісі – Анна Шестакова

Жарыстың шарттары:

Таныстыру.

«Гүлдәурен» тобы

Ұраны: Күндей болып күлеміз,

Шуақ шашып жүреміз.

«Ақ желкен» тобы

Ұраны: Бүгін жарыс бақшада

Қуанады бар бала.

«Жалауды тез жеткізу». Ойын шарты: Топ мүшелері қолындағы жалаушамен бірге белгіленген жерге дейін жүгіріп келесі ойыншыға кезекті береді.

«Кедергілер сайысы». Ойынның шарты: кедергілер арасынан өту, тікен төсеніш үстінен тепе-теңдік

«Кім жылдам»

Ойын шарты: Велосипед арқылы белгіленген жердегі кегілге дейін жүргізіп, келесі ойыншыға эстафетаны беру.

«Епті де, жүйрік» сайысы.

Ойын шарты: Үлкен доп үстіне, кегілді айналып орнына

 

Рахмет, ойыншылар. Барлық жарыс шарттарын орындадық.

 

Просмотров: 308


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст