Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Баланы балабақшаға кезекке қалай қою керек?

18.04.2022

Біздің бөбекжайда баланы балабақшаға кезекке қою үшін және жолдама алу үшін ,,Өзіне қызмет ету бұрышы,,бар.Онда бөбекжай әкімшілігі сіздерге баланы кезекке қоюға және жолдама алуға көмек көрсетеді

Мектепке дейінгі ұйымға жолдама алу үшін сізге:

1.   «akmola.kz» жүйенің басты бетіне кіріп «Мектепке дейiнгi балалар мекемелерiне жiберу үшiн мектеп жасына дейiнгi балаларды кезекке қою» қызметті таңдау керек.

2.   Бұдан әрі Ақмола облысының аудандары мен қалаларының тізімі бейнеленеді. Тізімнен ауданыңызды немесе қалаңызды таңдаңыз.

3.   Өтініш берушінің ЭЦҚ (AUTH_RSA) кілті арқылы жеке кабинетке кіру қажет.

4.   Берілген өтініштер журналын ашу үшін бас бетте "Өтініштер журналына" батырмаға басу қажет»

5.   Ары қарай «Балабақшаны таңдау» батырмасын басыңыз.

6.   «Балабақшаны таңдау» батырмасы мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда ғана пайда болады.

 Мемлекеттік балабақшаға жолдама алу үшін:

Балабақшалардағы бос орындарға жолдамалар кезекке сәйкес беріледі. Кезегіңіз келген кезде көрсетілген электрондық пошта мекенжайы мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді.

1.   «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасы Сіздің кезегіңіз келсе, мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар болған жағдайда пайда болады.

2.   Назар аударыңыз, Сізге қажет барлық тізбесі көрсетілген құжаттарды жинау және 5 күн ішінде мектепке дейінгі ұйымға апарылуы қажет. Кері жағдайда, Сіздің кезегіңіз бұғатталады, бірақ ЖОЙЫЛМАЙДЫ.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

8. Балаларға арналған мектепке дейінгі ұйымдарда бос орындар тізімін қарап шығу үшін «Мемлекеттік балабақшаны таңдау» батырмасын басу қажет. «Балабақшаны таңдау» батырмасы келесі жағдайларда ғана көрсетіледі: − Баланың жасы 2 (толық) және одан үлкен; - егер Сіздің кезегіңіз келсе; − мектепке дейін ұйымдарда бос орындар болған жағдайда. Сіздің кезегіңіз келген жағдайда, Сіз көрсеткен электрондық пошта мен телефон нөміріне кезегіңіздің келгендігі туралы хабарлама келеді және өтініштің статусы "Хабарлама жіберілді" болып өзгертіледі (еркін таңдауға орындарды жариялау туралы хабарламалар жіберілмейді).

9. Ары қарай хабарлама түріндегі терезе пайда болады. Бос орындардың тізімін қарап шығу үшін «ОК» батырмасын басу қажет . Хабарлама терезесі ! Назар аударуды сұраймыз! Егер өтініш беруші балабақшаны таңдамаса және жолдаманы 3 жұмыс күні ішінде алмаса, мұндай орын топтың жылына сәйкес барлық кезектегі балаларға қол жетімді болады. Бұл ретте балабақшаны таңдамаған мұндай өтініш беруші кезекте қалады.

10. Ары қарай пайда болған тізімнен қажетті балабақшаны таңдау қажет. Балаларға арналған мемлекеттік балабақшалардағы бос орындардың тізімі ! Оқыту тіліне және таңдалынған мектепке дейінгі ұйымның орналасқан жеріне назар аударуды сұраймыз.

11. Мектепке дейінгі ұйымды таңдағаннан кейін «Қол қою және жіберу» батырмасын басып, ЭЦҚ (RSA) сертификатын жүктеу қажет.

12. ЭЦҚ-ны жүктегеннен кейін кілттер қоймасына құпиясөзді енгізіп, «Кілттер тізімін жаңарту» батырмасын басу қажет.

13. Таңдалынған кілттің деректері пайда болады. Соңғы қадамда «Қол қою» батырмасын басу қажет.

14. Ары қарай Өтініштер журналындағы «Жалпы құжаттар» қойындысынан мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымға қалыптастырылған жолдаманы қарап шығып жүктеуге болады.

Назар аударуды сұраймыз!

  Егер өтініш беруші жолдаманы алғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде балабақшаға келмесе, жолдама автоматты түрде жойылатындығына, ал бала 10 (он) жұмыс күніне стоп-тізімге жіберілетіндігіне назар аударуды сұраймыз. Өтініш стоп-тізімде болған уақытта жолдаманы алу мүмкіндігі бұғатталады. (Бұғаттан шығарғаннан кейін өтініш беруші өтінішті мектепке дейінгі ұйымдарда бос орын болған жағдайда ғана ала алады). ! Егер өтініш беруші берілген жолдаманың әрекет ету мерзімін 2 рет өткізіп алса, бала автоматты түрде кезектен алынып тасталынады Өтініш берушіде жолдаманы күнтізбелік 30 күнге дейін ұзартудың тағы бір мүмкіндігі бар (Толығырақ Жолдаманы ұзарту жөніндегі нұсқаулықта) ! Өтініш берушіде жолдаманы берген сәттен бастап бір тәулік ішінде өз бастамасы бойынша алынған жолдаманы жою мүмкіндігі бар. Аталған мерзім аяқталғаннан кейін өтініш берушінің бастамасы бойынша жолдаманы жою мүмкін емес.

Просмотров: 628


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст