Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Үй жануарлары" ортаңғы "Күншуақ" тобы

11.04.2022

Білім беру саласы: «Таным»

Бөлімі: Жаратылыстану

Тақырыбы: «Үй - жануарлары»

Мақсаты: Үй жануарлары нелер жататынын айту, көрсету, төлдерімен таныстыру, олар  туралы білімдерін кеңейту.                                                                                            Үй жануарларға қамқор болуға тәрбиелеу.

Адамға беретін пайдасы туралы білімдерін кеңейту.

Билингвалдық компонент: жылқы-лошадь, сиыр-корова,                                                түйе-верблюд, ешкі-коза, қой-баран.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары

 

 

Қызмет кезеңі

                Педагогтің іс-әрекеті

Балалардың

іс-әрекеті

Мотивациялық-қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

Жарқын, жарқын үніміз,

Болашақтың күніміз.

Балалық шақ үйінің,

Жайнап тұрған гүліміз.

 

 

Шаттық

шеңберін жасап, шаттық шеңберін орындайды.

Ұйым-дастыру-шылық-ізденіс-тік

-Балалар, үй жануарлары тірішілік етіп, өмір сүретін жерді қалай атаймыз?                                              -дұрыс айтасыңдар, қорада өмір сүреді екен.            

-Балалар, енді алдымыздағы тұрған қораның терезелерін қағып көрейік. Балалар, әр терезеде  жұмбақтар жасырынған екен, сендерге оқып берейін,  шешімін табуға тырысыңдар, жақсыса?

1. Терезе                                                                             Батырға көлік болған,                                                                  Сүт-қымыз                                                                                 Ол не?   (Жылқы)

2. Терезе:

Кезікті бір жануар.  

Үстінде екі тауы бар.   (Түйе)

 

3. Терезе:

Кішкене ғана бойы бар,

Айналдыра киген тоны бар.  (Қой)

 

 

4. Терезе:

Өзі күшті, мүйізі мықты,

Төрт бұлағы сүт, баға білсең құт.   (Сиыр)

 

5. Терезе:

Секең- секең етеді,

Таумен тасқа жетеді.   (Ешкі)

 

-Балалар қараңдаршы,  үй жануарлардың адамдар өміріне қандай пайдасы бар екенін, олардан нені алатынымызда айтып берейін.                                                     

Балалар сендерге айтайын естеріңе сақтаңдар.

-Жылқының төлі-құлыншақ. Жылқы сұлы, жем жейді. Құлыншақ сүт емеді. Жылқының сүтін – қымыз деп атайды. Жылқы мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Жылқының пірі – Қамбар ата.

-Сиырдың төлі-бұзау. Сиыр жем, шөп жейді, су ішеді. Бұзау сүт емеді. Сиыр сауса сүт, сойса ет, терісінен киім тігеді.. Сиырдың сүтінен қаймақ, айран, сүзбе, құрт, май, ірімшік алынады. Сиырдың пірі – Зеңгі баба.

-Түйенің төлі-бота. Түйе тікен жейді, су ішеді. Ботасы сүт емеді. Түйенің сүтін – шұбат деп атайды. Түйе мінсе көлік, сойса ет, сүті дәрі. Түйенің пірі -  Ойсылқара.Қойдың төлі-қозы.

-Қойдың төлі-қозы. Қой шөп, жем жейді,                     су ішеді. Қозысы сүт емеді. Қойды сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Қойдың пірі – Шопан ата.

-Ешкінің төлі-лақ. Ешкі шөп, жем жейді, су ішеді. лақ сүт емеді. Ешкіні сойса ет, терісінен түрлі заттар жасайды. Ешкінің пірі – Сексек ата.

 

 

.Билингвалдық компонент: жылқы-лошадь, сиыр-корова, түйе-верблюд, ешкі-коза,

қой-баран.

Сөздік жұмыс: үй жануарлары

 

 

 

              

 

 

 

      Дидактикалық ойын: «Адаспай тап».

Мақсаты: Балалардың үй жануарлары, төлдері туралы түсініктерін кеңейту,

 аттарын атап көрсету.

Ойын шарты: Сурет бойынша төлдерді өз аналарына сызықпен қосып, сәйкестендіру. 

 

                                 Сергіту сәті:

             «Қошақаным қайда екен?» әні

 

                         Тыныс алу жаттығуы:    «Көбелекті ұшыр»

Мақсаты: Бүлдіршіндерге дұрыс тыныс алуды үйрету, тыныс алу жолдарын шынықтыру.

 

Шарты:Балалар ілініп тұрған көбелектерді үрлеу арқылы, тыныс алу жаттығуын орындайды.

Балақайлар, үй жануарлары қалай дыбыстайды? Соны дыбыстап көрейік.               

Түйе боздайды: Бе-бе-бе, бе-бе-бе.                                    Қой-ешкі маңырайды. Қой:м-ә-ә-ә, м-ә-ә-ә. Ешкі: м-е-е-е, м-е-е-е.                                             Жылқы кісінейді: И-и-и-о-о-о.                                   Сиыр мөңірейді: Му-му-му.

                         Ойын: «Бұл не»

Мақсаты: Үй жануарларының қандай дыбыс шығаратындығын білу, бір-бірінен ажырата алу.

Шарты: Берілген аудиомәтінді тыңдап, дыбыстар қандай үй жануарларына тиісті                      екенін табу.

-қорада өмір сүреді.

 

 

 

 

-Жұмбақтарды тыңдайды.

 

 

 

-Жылқы

 

 

 

 

-Түйе

 

 

 

-Қой

 

 

 

 

-Сиыр

 

 

-Ешкі

 

 

 

 

 

 

-балалар мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар қайталайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Суреттегі жануарларды адаспай, төлдеріне сызықпен қосады.

 

 

Барлығы әнді   бірге шырқайды.

 

 

Балалар жаттығуды дұрыс орындайды.

 

 

 

 

 

 

-Мұқият тыңдап, педагогтің айтқанын қайталайды, естерінде сақтайды.

 

 

 

 

Аудиомәтінді тыңдап,                             жауап береді.

Рефлек-сиялық-түзету-шілік

-Балалар бүгінгі сабақ сендерге ұнады ма?

-Үй жануарларына нелер жатады?

 

-Олар қалай дыбыстайды?

-Балалардың мақтап-мадақтау.

-ұнады

-жылқы, түйе, сиыр, қой, ешкі.

-өздеріне ұнаған дыбысты салады.

 

Күтілетін нәтиже:

 

Біледі: Жылқы, сиыр, түйе, ешкі қой үй жануарларына жататынын;

Игереді:  жануарлардың қалай дыбыстайтынын;

Меңгереді: оларға адамдарың қамқорлығы керек екенін.

 

Просмотров: 596


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст