Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Жаратылыстану.
Тақырыбы: Ауамен таныстыру.
Мақсаты: Денсаулық сақтау технологияларын қолдану арқылы тәжірибе жұмысын жасау , ауаның барлық жерде бар екенін түсіндіру.Тіршілік үшін ауаның маңызы зор екендігін ұғындыру.Өсімдіктер ауаны тазартатындығын естеріне түсіре отырып,табиғатты сүюге баулу,оны қорғауға тәрбиелеу.
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: үрлемелі
шарлар,қорапшалар,айна,целлофан қалта,тиісті суреттер,слайд.
Билингвальды компонент: ауа-воздух ,тәжірибе- опыт,жел-ветер
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс – әрекеті |
Балалардың іс – әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
1.Шаттық шеңбері. Сәлем,сәлем көздерім Сәлем,сәлем құлақтарым, Сәлем,сәлем беттерім, Сәлем,сәлем қолдарым, Сәлем,сәлем аяқтарым, Сәлем,сәлем достарым Сәлем,сәлем қонақтар! (Шаттық шеңберін өзін-өзі уқалау технологиясы арқылы өткіземін) Жарайсыңдар балалар! -Сендердің алдарыңда қорапшалар тұр.Қорапшалардың ішінен ең ақылды,ең алғыр балаларды көресіңдер.Кәне бәріміз көрейік, бұл кімдер екен? (Әр қорапшалардың ішінен айна шығады да, балалар айнадан өздерін көреді.) Енді бір-бірімізге күлімсіреп.! «Әлемдегі ең жақсы балалармыз!»деп айтайық.Осы көңіл күймен сабақты бастайық. |
Шаттық шеңберге тұрады. Өзін-өзі уқалау жаттығуын жасайды.
Қызығушылығын көрсетеді.
|
Ұйымдастырушы- лық-ізденістік |
Біз немен тыныс аламыз? -Яғни мұрын арқылы ауа біздің өкпемізге өтеді.Тынысты шығарғанда пайдаланылған ауа қайтадан ауыз немесе мұрын арқылы сыртқа шығарылады. Кәне бәріміз тексеріп көрейік.
- Балалар ауаны не ластайды деп ойлайсыңдар? Ауа қандай болады?Ауа түссіз,мөлдір,дәмсіз,иіссіз көзге көрінбейді,таза, салқын,жылы болады. Ендеше бүгін біз сіздермен ауа туралы әңгімелесеміз. Есік қағылады. Балалар кім екен? Мен барып, көріп келейін. Балалар бізге пошташы апай хат әкелді. Ашып көреміз бе? Сәлемдемені біздің досымыз - Самал жел жіберіпті. Не бар екенін көрейік. Самал жел бізге мынадай хат жазыпты: «Шардың ішінде не жасырылғанын табыңдар. Оның ішінде не болуы мүмкін?» Педагог шардың байланған жібін шешіп, ішіндегі ауаны жайлап шығара бастайды. - Меніңше, шардың ішінде бір нәрсе бар сияқты.Өйткені оның жібін шешкенде, дыбыс шыққан сияқты болды. Оның ішінде неболғанын қазір біз тәжірибе жасау арқылы тексеріп көрейік. Ал енді балалар біз ауаның қасиеттерімен танысу үшін бірнеше қарапайым тәжірибелер жасап көрейік.Дайынсыңдар ма?Дайын болсаңдар бастайық Тәжірибе №1 Балалар көңілді шарларды өзіміз жасайық ол үшін алдымыздағы шарды үрлейік. Ол қалайша үлкейді? Балалар айтыңдаршы, бұл ауа қайдан келді?Ал енді шарды босатып көреміз. Шардың ішін боcатқанда, одан ауа шықты. Біздің ішімізде де ауа бар, сол ауаны шарға үрлеп кіргіздік. Біз ауа құпияларының бірін аштық. Біз жаңалықтар туралы ұмытпау үшін оларды карточкалардың көмегімен белгілейміз. Бірінші карточка «Біздің ішіміздегі ауа» Балалар , айтыңдаршы, ауаны қайдан көруге болады, ол көрінеді ме? Ауа біздің айналамызда. Ол барлық жерде: біздің топта, көшеде, үйде. Ал мұнда ауа бар ма? Оны ұстап көрейік. №2 тәжірибе «Ауаны ұста». Мен оны целлофан пакеттердің көмегімен ұстап алуды ұсынамын. Үстел үстіндегі целлофан пакеттерді аламыз. Оның ішінде не бар? Ендеше оны ауамен толтырып, аузын бұрып ұстаймыз. Не болды? Енді пакеттің астына қолымызды қойып көреміз. Қолымыз көрінеді ме? Ауа-мөлдір, ол арқылы барлық қоршаған заттарды көреміз. — Енді таяқшамен тесіп, бетімізге жақындатып дорбаны қысамыз. Не сезіп тұрсыңдар? — Нәтижесінде ауа көрінбейді, сеземіз. Екінші карточка – «Ауа түссіз,мөлдір,көрінбейді»(Тәрбиеші тақтаға карточка-белгіні тіркейді). № 3 тәжірибе «Ауа арқылы сурет саламыз» Ауамен сурет салуға да болады екен. Гуашты қағазға құйып, алдымызда тәрелкеде тұрған түтікшені алып, қатты үрлейміз.Үрлеген кезде бояу қозғалады. Яғни ,балалар біз ауаны көрмейміз, бірақ оны сеземіз.Нәтиже ауа қозғалысы ол — жел. Желді сеземіз. Үшінші карточка – "Ауа қозғалмалы"(Тәрбиеші тақтаға карточка-белгіні тіркейді). Билингвальды компонент: ауа-воздух тәжірибе- опыт,жел-ветер Сергіту сәті: «Көңілді күн» Ал енді ойын ойнайық. Д /О " Ауа кімге қажет?". Балалардың алдына суреттер беріледі.. Кімге ауа қажет соны белгілеп қоршайды. Д/О« Ажырата біл » Ойынның шарты: Ауаны ластайтын заттардың суреттерін тауып тақтаға ілу. (Шаңтозаң, көліктер, өрт, ғарыш, кемелер, өсімдіктер, адамдар, ағаштар, жануарлар т.б).
|
- Біз мұрнымызбен тыныс аламыз - Біз ауамен тыныс аламыз. Балалар тәрбиешімен бірге іс-қимылды қайталайды. - Заводтардан шыққан түтін, көліктерден шыққан түтіні
Бір-бірден шар алып өздері үрлейді. Балалар үрленген шарды айналдырып қарай бастайды.Олар өз пікірлерін айтады. Балалар педагогтің іс-әрекетін бақылайды. Шарды босатқандағы ысылдаған дыбысты тыңдайды.
Жоқ
Балалар ауаны қолмен ұстайды. Ұсталмады.
Оның ішінде ештеңе жоқ.
Ауаға толтырдық.
ия
мөлдір,түссіз,көрінбейді Балалар тәрбиешімен бірге пакеттерді таяқшамен тесіп ауаны шығарады.
Желді
Балалар дұрысын белгілейді.
Балалар суреттерді тақтаға іледі. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
Жарайсыңдар балалар! Бүгін біз өте жақсы жұмыс істеп,тәжірибе жүргіздік ауаның қасиеттері туралы білдік. Енді, оқу қызметімізді «Иә, жоқ» ойыны арқылы қортындылаймыз. 1. Ауа бізді барлық жағынан қоршайды (иә) 2. Ауа көгілдір (жоқ). 3. Ауа мөлдір, түсі жоқ (иә). 4. Ауа өз дәмі бар (жоқ). 5. Таза ауа иісі жоқ, бірақ заттардың иісін бере алады (Иә). 6. Адам ауасыз өмір сүре алады (жоқ). 7. Жел-ауа қозғалысы (иә). Жарайсыңдар, балалар! -Балалар бүгін жасаған тәжірибемізге біздің досымыз Самал жел риза болып сендерге сыйлық беріп жіберіпті. |
Балалар иә,жоқ деп жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Түсінеді: тәжірибе жасау арқылы ауаның маңызы туралы мәліметті және ауаның тіршілік үшін зор маңызы бар екенін.
Қолданады: ауаның маңызы туралы сұрактарға толық жауап бере алу және қарапайым тәжірибе жүргізе білу дағдыларын.