Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім
басқармасының жанындағы Жалғызқұдық ауылының «Болашақ» бөбекжайы МКҚК
Тақырыбы: «Үйдің суретін саламыз»
Мақсаты: балалардың қиялын, эстетикалық талғамын дамыту, ойын жағдаятына қосыла білуді қалыптастыру, достыққа табандылыққа, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Бояу түсін таңдай білуге, сурет бояуға қызығушылығын жетілдіру, пішіндердің түсін айыра білуге үйрету, саусақ моторикасын дамыту.
Өткізген: Шаденова С.К
2021-2022оқу жылы
17.11.2021ж Білім беру саласы: Таным.
Бөлімі: Сурет салу.
Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.
Мақсаты: балалардың қиялын эстетикалық талғамын дамыту, ойын жағдаятына қосыла білуді қалыптастыру, достыққа, табандылыққа ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Білімділік: бояу түсін таңдай білуге, сурет бояуға қызығушылығын жетілдіру.
Дамытушылық: пішіндердің түсін айыра білуге үйрету, түстерді айыра білуге, саусақ моторикасын дамыту;
Тәрбиелік: ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге шыдамдылыққа тәрбиелеу;
Тапсырмалар: балаға гуашпен жұмыс жасауды үйрету, қауіпсіздік техникасы мен таныстыру.
Құрал-жабдықтар мен материалдар: гуаш, ақ парақ, су, губка, сулық.
Көрнекілік: геометриялық пішіндер, үйдің суреті.
Үлестірмелі материалдар: үйдің суреті.
Сөздік жұмыс: үй, қуыршақ, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, қызыл, сары, жасыл.
Билингвальды компонент: үй-дом, қуыршақ-кукла,
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық -қозғаушылық |
Шаттық шеңбер «Біз қандаймыз!» Біз қандаймыз, қандаймыз Арайлап атқан таңдаймыз Күлімдеген күндейміз Еш уайымды білмейміз. Ғажайып сәт: Балалар бізге қонаққа қуыршақ Әйгерім келді. Сәлеметсіңдер ме балалар! Менің тұратын үйім құлап қалды. Сендердің маған көмектерің қажет болып тұр еді. Маған үй салып бересіңдер ме? Балалар қуыршақ Әйгерімге көмектесеміз бе?
|
Балалар шаттық шеңберін орындайды.
Балалар қуыршақ Әйгерім мен амандасады.
-иә, біз саған үй салып беруге көмектесеміз. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Балалар мен сендерге Ғаббас Өкеевтің «Біздің үй» деген өлеңін оқып берейін, мұқият тыңдайықшы. «Біздің үй» Қалаушы да табылды, Үй салынды жабылды. Қосып құмға лайды Сылақшылар сылайды. Терезе есік, едені Қию ласты әдемі Құрылысшы боламыз Зәулім сарай саламыз. Балалар қарындашты т.б заттарды ауызға салуға, және бір-бірімізге сілтеуге болмайды. -Дұрыс, өйткені бір жерімізді жарақаттап алумыз мүмкін. 1-тапсырма. Бірінші мен суреттің қалай бояу керектігін айтып, көрсетемін, сендер қарап алыңдар. -Енді балалар, үстел үстінде, үйдің үлгісі сурет бар. Осыған қарап отырып, үйдің суретін бояймыз. Сендерге көмек ретінде, ақ қағазға үйдің сұлбасын сызып қойдым. Сендер үйдің қабырғасын қызыл түске, шатырын қоңыр түске, ал күнді сары түске бояңдар. Түсінбеген жерлеріңді қайта сұрасаңдар болады. Балалар, үйдің қабырғасын төртбұрышты пішінді губкамен қызыл түсті бояумен, үйдің шатырын үшбұрышты пішіндегі губкамен қоңыр түспен бояңдар. Ал күнді дөңгелек пішінді, сары түске бояңдар. Тәрбиеші көмек керек балаларға көмектеседі. Әп-сәтте қуыршақ Айгерімнің үйі дайын болды. Қуыршақ Айгерімнің қуанышында шек жоқ.
Билингвальды компонент: қуыршақ-кукла, үй-дом, қабырға-стойка, шатыр-криша.
2-тапсырма. Балалар манка ұнтағына саусақпен үйдің суретін сызамыз. Сергіту сәті: Мен құрылысшы боламын, Зәулім үйлер саламын. Өз қаламды көркейтіп, Ел алғысын аламын. 3-тапсырма. Ұжымдық ойын: «Біздің үйіміз» Шарты: балалар екі топқа бөлініп өздері тұратын үйді құрастыру; Мақсаты: балалар ауызбіршілікке, ұжымшылдыққа баулу.
|
Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.
-мен салмаймын. -мен сілтемеймін.
қуыршақ-кукла, үй-дом, қабырға-стойка, шатыр-криша.
Балалар тапсырманы жақсы орындайды.
Сергіту сәтін қимылмен жасайды.
-үй құрастырады. |
Рефлексиялық- түзетушілік |
Балалардың жұмысын талдау. Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді? Біз ненің суретін салдық? Балалар Қуыршақ Әйгерім сендердің салған суреттеріңе риза болды. Балалармен қуыршақ Әйгеріммен қоштасады.
|
-Бүгін қуыршақ Айгерім келді. -Үйдің суретін салдық.
-Қуыршақ Әйгерім сау бол . |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: геометриялық фигуралардың аттарын;
Игереді: геометриялық пішіндерді қолданып, үйдің суретін салуды.
Меңгереді: дұрыс бояуды, геометриялық пішіндерден үй құрастыруды.