22-Наурыз мерекесіне арналған «ҰЛЫС ОҢ БОЛСЫН!»
атты ертеңгілігі.
Мақсаты: Балалардың Наурыз туралы түсініктерін арттыру , ой өрісін, тілін дамыту. Халқымыздың салт-дәстүрін, әдеп-ғұрпын дәріптеу, өнерлі азамат болып бірлікке, достыққа тәрбиелеу.
Жүргізуші: Құрметті қонақтар, балалар!
Ілесіп Наурызбен көктем жетсін,
Көнілін үлкен- кіші көкке өрлесін
Еңсесі көтеріліп ер азамат,
Ескі жылмен реніш өкпен кетсін - дегендей наурыз жыл басы құтты болсын!
Жаңа жыл тек қана жақсылығың жаңалығын әкелсін!
Ақ мол болсын!
Халық тоқ болсын!
Еліміз тыныш болсын!
Баршамызға бақ қонсын!
Балалар хормен:
Жылдың басы – Наурыз,
Жердің басы – Наурыз.
Мерекеге арналсын.
Бүгінгі жыр – әніміз.
Жүргізуші: Уа, халайық, халайық! Ақ сандықты ашайық, Бұл мереке, бұл тойдың Шашуларын шашайық! (Шашу шашылады).
Балалар енді сендермен наурыз тойына дайындалған әнімізді айтайық.
Ән: « Наурыз!»
Кел балалар ойнайық
Наурыз тойын тойлайық
Баянды боп мереке
Қыр гүліндей жайнайық
Наурыз, наурыз, наурыз-жыл басы,
Наурыз наурыз-бақыт жалғасы
Наурыз, наурыз, наурыз-жыл басы,
Наурыз наурыз -бақыт жалғасы.
Наурыз келді тамаша!
Ән айтайық таласа.
Атам, апам той тойлап,
Қуанып жүр балаша.
Жүргізуші: Рахмет балалар! Білесіңдер ме?! Наурыз мейрамы негізінен адамдардың көрісуінен басталады. Жігіттер төңіректегі бұлақтардың көзін ашып, бұлақ басына тал екен. Жаңа шыққан күнге иіліп сәлем берген. Ренжіскен ағайындар татуласқан.
Ал енді біздің өнерпаз бүлдіршіндердің тақпақтарын тыңдайық.
Тақпақтар:
Наурыз тойым, Наурыз тойым.
Құтты болсың халайық!
Қане, достар, қане, достар,
Шырқап әнге салайық. Аяла
Көктем келді, балақай,
Жасарды жер, алақай.
Наурыз тойын тойлайық,
Әсем әнге салайық. Зере
Наурыз тойы — тамаша,
Наурыз тойы — жаңаша.
Табиғат та тамаша,
Тамылжып тұр жараса. Амирлан
Наурыз – бұл мереке
Құтты болсын береке
Қыдыр ата келсін
Жақсы тілек әкелсін. Тілек
Залға әуендетіп Алдар көсе кіреді.
«Мен Алдармын алдармын
Сақалымды талдармын
Сақал түгіл мұрт та жоқ,
Оның несін талдармын.
Аааааа Ооооо Ееееее» дей келе.
Ортада тұрады,жан жағына қарап,біреуді іздегендей болып.
Алдар көсе:Кімді алдасам екен деп ә. Қандай баланы алдасам мекен?
Жүргізуші:Алдар көсе кімді алдағың келіп тұр?
Бүгін Наурыз мерекесі.
Алдар көсе:Жарайды, ешкімді алдамайын, онда да сендермен бірге ойын ойнаймын.
Ойын: «Арқан тартыс»
Жүргізуші: Алдар көсе, талантты да өнерлі жандар осындай үлкен мейрамда тек қана ойын ойнамаған биді де билеген. Сондықтан да, ортаға мың бұралған биші қыздарды қарсы алыңыздар!
Би «Қыздар биі»
Жүргізуші: Балақайлар, естеріңде болсын! Ел арасында 21 наурыз түні даланы Қыдыр баба аралайды деген аңыз бар. Осыған сенген халық дәулет дарып, бақ қонсын деген мақсатпен есіктерін ашып қояды. Жаңа жылда Қыдыр баба үйге кірсе, ол үй ауру-сырқаудан, пәле-жаладан аман болады деген сеніммен Наурызға дейін адамдар үйін қағып-сілкіп, тазартып қоятын болған.
Алдар көсе, біздің ұлдарымыз қыздардан да қалыс қалмайды. Олардың да мерекеге деп дайындаған билері бар.
Би «Қаражорға»
Алдар көсе: Әп- бәрекелді, балалар сендерге көп көп рахмет! Барлықтарыныз шеттерінен өнерлі екенсіңдер. Мереке мерекеге ұлассын! Ал енді мен жүрейін. Әлі көрші ауылдың балаларының өнерлерің тамашалау керек, Қош сау болындар!
Жүргізуші: Осымен Наурыз мерекесіне арналған шағын мерекелік ертенгілігіміз аяқталды. Назарларына көп рахмет.