«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Жалғызқұдық ауылының «Болашақ» бөбекжайы »МКҚК
Тақырыбы: «Шуағын шашқан –аялы алақан !» (мерекелік еретеңгілік )
Тәрбиеші :Жармуханбетова Б.С.
Садвакасова Б.Т.
2022 ЖЫЛ
«Шуағын шашқан — аялы алақан!» мерекелік ертеңгілік сценарий
(Зал көктем мерекесіне орай әдемі безендірілген.Көңілді әуен қосылып, балалар керемет көңіл-күймен кіреді.)
Мақсаты: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеу, сыйлай білуге, бала бойындағы жеке қабілеттері мен таланттарын дамыту, адамгершілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тәрбиелеу.
Жүргізуші: Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар!
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар,қасиетті аналар!
Сәлеметсіздер ме, құрметті қонақтар! Аналар, әжелер, «Болашақ» бөбекжайымыздың ұжымы бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Мерекелік ертеңгілігімізді тамашалауға қош келдіңіздер!
Жүргізуші::Балалар ,біз қандай мерекені тойлап жатырмыз?
Балалар: Көктем мерекесін,аналарымыздың,аруларымыздың мерекесін тойлап .
Жүргізуші::Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?
Балалар:Көктем мезгілі.
Жүргізуші: Көктем мезгілінде ауа-райы қандай болады?
Балалар:Жаңбыр жауады. Күн ұзарып,түн қысқарады. Адамдар жылы киімін тастап,жеңіл кейіне бастайды.
Жүргізуші.: Көктем мезгілінде неше ай бар? Атауларын кім айтып береді?
(наурыз,сәуір,мамыр)
Жүргізуші.: Көктем айында табиғат не істейді?
Балалар:Көктем айында табиғат оянады.
Жүргізуші:Жарайсыңдар,балалар! Өте ақылды екенсіңдер.
Жүргізуші: Мейірімді сымбатты,
Қадірменді қымбатты
Ең жақын жан балаға
Кім дейсіңдер ? Ол Ана ( бәрі)
Жүргізуші: Ал қазір біздің балалар «Анашым» әнін сиға тартады.
Ән «Анашым»
Жүргізуші: Сіздерден өскен балалар,
Батырлар мен даналар.
Құттықтаймыз мейраммен,
Құрметті абзал аналар,- дей келе балаларымыздың сіздерге арналған тақпақтарын тыңдайық.
Балалардың тақпағы (7 бала)Айлана,Дария,Назым ,Султан,Қуаныш.Жансейіт ,Аделя.
Жүргізуші: Көрсетер бүгін өнерін,
Бал-бұл жанған ұл-қызың.
Құтты болсын қадамың,
Өнерге басар жұлдызың.
«Көктем вальсі» биін тамашалаңыздар.
Музыка: Көздерін ұқалап залға Аю кіреді.
Жүргізуші: Сәлеметсің бе, Аюжан !Төрлет ,төрлет ..
Аю: Сәлем бердім бәріңе! . Не сауық бұл жерде?Мен ұйықтап жатқан жерден ояттындар ғой мені.Ұйықымды әлі де ашы алмай жатырмын.
Жүргізуші:Сен бізге мерекеге түстің. Балалар аналарын, әжелерін және қыздарды құттықтап жатыр.
Аю: немен құттықтап жатыр? Қандай мереке? Неге мен ештеңе білмеймін?
Жүргізуші: Бүгін халықаралық 8 наурыз әйелдер күні.
Аю : Ой, қандай бақыт!Мен де құрметті қонақтарымызды бүгінгі келген 8 наурыз көктемгі мерекемен құтықтаймын!
Жүргізуші: Біз бүгін 8 наурыз Аналар мерекесін тойлап жатырмыз. Қазір отыр аздап дем ал да балалардың өнерін тамашала.
(Аю отырады)
Жүргізуші. Қариясы бар үйдің, қазынасы деп бекер айтпаған. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, бүгінгі мерекеге әр отбасының ақылшысы да тіректері, немерелерін еркелетіп, ермек ететін әжелер де келіп отыр. Қымбатты әжелер, бүгін көктемнің алғашқы мерекесі 8 Наурыз құтты болсын! Осы немерелеріңіздің өздеріңізге арнаған өлең жолдарын қабыл алыңыздар.
Ақ жаулықты әжелерді,
Аналарды сүйеміз .
Әрқашанда ардақтап ,
Сіздерге бас иеміз .
Ән: «Әжемнің шәйы»
Аю: Ой, қандай керемет, көңілім көтеріліп ойын ойнағым келіп кетті ғой, келіңдер ойнайық.
Аю: Ой балалар, балалар,
Ойнайық та күлейік .
Қызықты ойын бастайық,
Дем алайық саспайік.
Ойын: «Кім бірінші қызға гүл сыйлайды» Шарты: Ортада үстел үстінде құмыраға салынған гүлдер тұрады. Ойынға 5-6 ұл бала қыздарды вальс биіне шақырады. Әуен ойналып, вальс билейді. Әуен тоқтаған кезде, ұлдар жүгіріп барып құмырадағы гүлді алып бірінші қызға сыйлау керек. Кім бірінші қызға гүл сыйласа, сол бала жеңіске жетеді.
Жүргізуші: Бала деген болашақтың арайы,
Балабақша сол бастаудың сарайы.
Кіп-кішкене бүлдіршіндер тақпақтарын ,,
Көрермендер өздеріңе арнайды..
Балалардың тақпақтары : 8 бала :Аяулым,Рамазан,Қаусария.Айгерім,Мухамедияр,Анеля,Самида,Аяна .
Жүргізуші: Біздің ұлдар сіздерге арнап «Джентелмендер» биін сыйға тартқылары келіп отыр .
«Джентелмендер» биі.
Аю: Балалар ,мен бүгін өзіме жаңа достар таптым, енді біз бәріміз доспыз. Менің ең жақын достарым боласыңдар (Қуанып айналады) Енді менде де достарым бар алақай. Ой ,қарным ашып кетті ғой .Балалар ,мен орманыма барайын ,тамақтанып алайын .Рақмет ,сендер өте өнерлі балақайлар екесіңдер!Сау болыңдар!
Жүргізуші:Балалар ,ойынға да кезек келді .
ОЙЫН: «Ананың даусынан тану»
Мақсаты:балалар аналарын дауыстарын естіп , әр бала өзінің анасының дауысын танып алу қажет.(аудио)
Жүргізуші:
Ару қыздарымызды құшақтап,
Мейрамымен құттықтап.
Сыйымызды береміз.
(Ұлдар қыздарға дайындаған сыйлықтарын табыс етеді)
Жүргізуші: Құтты болсын осы шаттық күніңіз
Бақытты да ұзақ өмір сүріңіз
Қуанышты жүзіңізден әрдайым
Бұл өмірде күліп қана жүріңіз
Құрметті қонақтар, бүгінгі мерекеміз аяқталып қалды, сіздерге тек денсаулық,көктем гүліндей құлпыра беріңіздер.