Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Ана сыйы"

04.03.2022

«Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғыз құдық ауылының «Болашақ» бөбекжайы» МКҚК

 

 

 

 

 

                     

     «Анаға сый»

                    (ертеңгілік)

 

 

 

 

 

 

                            Өткізген: Шаденова С.К.

                                                                  Амирова Г.Е

                                         2021-2022оқу жылы

 

           8-Наурыз мерекесіне арналған  «АНАҒА СЫЙ»

                           атты ертеңгілігі

Мейірім төккен баршаға

Онымен өмір қаншама

Анасыз өмір болама

Айтыңдаршы, баршаң да?                                                                                                      

Қош келдіңіздер. Аяулы әжелер, аналар, қызғалдақ қыздар, қадірлі тәрбиешілер!
Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып 8- наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті.                                         Осындай көркем мерекенің қай кезде де орны бөлек.                                                  Олай болатыны аналарға ыстық сезім, алғыс пен құрмет ешқашан сөнген емес.                                                                                            Олар өмірдің гүлі, көңілдің жыры, әр отбасының алтын діңгегі.                                                                                Бүгінгі «АНАҒА СЫЙ» атты ертеңгілігіміз сіздерге арналады.

Жүргізуші: Балалар қар еріп, құстар ән салып, алғашқы гүлдер шығуда. Адамдарға қуаныш сыйлайтын сиқыршы көктем.                    Олай болса мерекеге көктемді шақырайық.
Музыка әуенімен залға (Көктем) кіреді.
 

Көктем:                                                                                                                         Дала гүлге бөленеді.
Қуанышқа кенеледі.
Орман, торғай, бақтарда
Өйткені мен көктеммін
Құстар сайрай жөнеледі.
Шұғыламды төккенмін.
Барлықтарыңызды мерекелеріңізбен құттықтаймын.                      Денсаулық, қуаныш, сұлулық тілеймін.

Жүргізуші: Сиқыршы көктем, біздің шақыруымызды қабыл алып мерекемізге келгеніңізге рахмет.

 

Көктем: Мен қалай келмеймін. Бүгін сондай керемет күн - әжелер мен аналар мерекесі.
Балалар мен сендердің әже, аналарыңның есімдерін білгім келеді.

Жүргізуші: Әрине біздің балалар әже, аналарыңның есімдерін біледі. (Балалар жауап береді)

Көктем: Қандай керемет есімдер. Көп - көп рахмет балалар сендерге.

Жүргізуші: Көктем төрге шық! Балалар ана-әжелеріне арнап өнерлерін көрсетпекші. Сіз де тамашалаңыз.                     

                                       Тақпақтар.

Аялаған анашым

Мәпелеген анашым

Менің саған тілегім

Қартаймашы анашым.              (Аяулым)

 

Ақ сүт берген балаңа

Күш жігерін жұмсаған

Бұл өмірде жан анам

Тең келеді кім саған                   (Әміре)

 

Мен анамды сүйемін

Сөзін ойға түйемін

Анашымды ардақтап

Басымды оған иемін             (Аяла)

     

 

 

БИ: «КӨКТЕМ» қыздардың орындауында.

Ойын: «Кім жылдам»

Мақсаты: балалардың киім туралы түсініктерін дамыту,                           қол моторикасын дамытуға ықпал ету, жылдамдыққа, шапшаңдыққа, жүйріктікке баулу.

Ойын шарты: екі топтан екі ұл бала шығып, екі жіпке жуылған киімді бірінші болып жаюу. Қай топ бірінші болады.                                      Сол топ жеңімпаз.

Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Аналардан тарайды

Біздің ана тіліміз                 (Амирлан)

 

Аспандағы айымсың

Бақытыма балаған

Құтты болсын мерекең

Айналайын жан анам                           (Дария)

 

Мәпелеп мені өсірген

Ризамын мен өзіңе

Ана деген керемет

Сыйлап өтем өмірде              (Зере)

 

Әжем менің асыл жан

Мейірімді жақсы адам

Жамандықтан шектейді

Әжем менің жақсы адам             (Әміре)

 

       

                                    Ән: «МЕРЕКЕҢМЕН АНАМ»

СЫЙЛАЙЫНШЫ ГҮЛІМДІ

ТЕРІП АЛҒАН ДАЛАДАН

МЕЙРАМЫҢЫЗ БҮГІНГІ        2-рет

ҚҰТТЫ БОЛСЫН, АНАЖАН.

 

СІЗГЕ БҮГІН СЫЙ ҚҰРМЕТ

ЖАН АНАШЫМ, МЕЙЕЙІМ.

ҚАЛАСАҢЫЗ БИ БИЛЕП        2-рет

ӘН ДЕ ШЫРҚАП БЕРЕЙІН.

БИ: «ДОМБЫРА» ұлдардың орындауында.


Жүргізуші: Көктем балалардың өнерлері осындай. Сізге ұнады ма?

Көктем: жарайсыңдар балалар, сендердің өнерлерің маған өте қатты ұнады, сендерге рахмет!

(Осы кезде көктемнің телефоны шақырады)
Көктем: Ия, не сұрақ жапырақтар шықпай жатыр ма? Кірпілерде оянбай жатыр ма? Оларға көмектесу керек.                                Қазір ұшып келемін. Мінекей балалар менің басқада жұмыстарым бар, менің кетуім керек. Сау болыңдар.

Балалар: Сау болыңыз!

 

Просмотров: 250


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст