Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімі жанындағы Жалғызқұдық ауылының «Болашақ» бөбекжайы МКҚК
Ашық сабақ .
Тақырыбы: «Ғажайып математика »
“ Ғажайып математика ” |
.
Тәрбиеші:Жармуханбетова Б.С
2022 жыл
«Гүлдәурен» ересек тобы
Ұйымдастырылған ашық оқу қызметінің технологиялық картасы
Тақырыбы: «Ғажайып математика»
Білім беру саласы: «Таным»
Оқу қызмет түрі: Математика негіздері.
Мақсаты: Балалардың білім, білік дағдыларын қортындылау, меңгерген білімдерінің деңгейін бақылау.
1-ден 10-ға дейін тура және кері санау, кеңістікте дұрыс бағдарлау дағдысын бекіту. Логикалық есептер шығару.Апта күндерін сандармен сәйкестендіру және атап беруді бекіту. Геометриялық пішіндердің түстерін, атын атау, сөз тіркестерін қолдану дағдысын дамыту, есте сақтау қабілетін дамыту
.
Оқу іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс-әрекеттері |
Балалардың іс-әрекеттері |
Мотивациялық – қозғаушылық |
Балалар келген қонақтармен сәлемдесіп алайық. -Бізде қазір қандай жыл мезгілі? -Қыс қандай жыл мезгілі? -Қыс мезгілінде неше айы бар? -Атап беріңдерші. -Балалар ,сендер балабақшаға тәуіліктің қай бөлігінде келесіңдер? -Тәуліктің қай бөлігінде дала қараңғы болып біз ұйықтаймыз? |
Балалар келген қонақтармен сәлемдеседі. Сұрақтарға жауап беруге тырысады . |
Ұйымдастырушылық – Ізденістік |
Ғажайып сәт: Есікті біреу қағады Тәрбиеші: балалар тыңдаңдаршы біреу есік қағып тұрған сияқты, Тәрбиеші есікті ашып қарайды Есік алдында хат жатады тәрбиеші хатты алып балалараға оқып береді. -Сәлеметсіңдер ме ,достарым!Мен математика елінің ханшайымымың. Мен математика оқу қызметіндерінде сендерді бақылап отырдым .сендер өте ақылды ,тапқыр балақайлар екенсіңдер!Маған сендердің көмектерін қажет болып тұр. «Ғажайып математика» елінде барлығы шатасып кетті, қөмектесіңдерші . Сендерді жақсы, ақылды келешекте мектепке баратын балалар деп естідім.Мен сендерге сенемің! Тәрбиеші: Олай болса алға! Жолға аттанайық! Ал жолға біз сиқырлы автобуспен шығамыз!Мен сендерге билетер таратамын ,ал сендер болса өз орындарынды осы билет арқылы тауып аласыңдар деп ойлаймын . 1-тапсырма «Затты санмен сәйкестендіру» Міне біз «Ғажайып математика» еліне келіп жеттік. 2-тапсырма . Д/о«Сандардың қатарға қой» Тәрбиеші: -Балалар ,қатты дауыл жел соғып ,сандарды шатастырып тастапты .Канекей орындарын тауып берейік!Орындарын тауып бердік,ал енді сандардың қөршілерін атап беріңдерші. Жарайсыңдар ,бірінші тапсырманы орындадындар ! 3-тапсырма.Д/о. «Пішінді ата» «жұмбақ) Балалар,геометриалық пішіндер өз атауларын ұмытып қалыпты Сендер оларға естеріне түсіруге көмектесесіңдер ме? Мен сендерге жұмбақ жасырамын ,сендер болса маған сол жұмбақтың шешуін көрсетесіңдер .(пішінді) 1.Атына сай балалар, Үш бұрышы,үш жағы бар . Ол пішінді кім біледі? «»(үшбұрыш) 2.Төрт бұрышы бар , Төрт бірдей қабырғасы да бар. Бұл кандай пішін? (шаршы) 3.Допқа өзі ұқсайтын, Ерекше бір пішін бар. Атын оның атаңдар.(шеңбер) 4.Мен пішін,мен пішін, Екі қарама қарсы жақтарым бірдей. Мен есік,мен терезе ,мен тақта , Тауып алшы балақай.(тіктөртбұрыш) 5.Мен жұмыртқаным , Мен қауын , Мен алмұрт Мен тауып ал балақай.(сопақша) Д/ойын «Пішінді ата» Мақстаты: Сиқырлы ұшбұрыштың ішінде пішіндер жасырынған . Бала қолыммен сипап сезу арқылы пішінді атау қажет .
Сергіту сәті.(видеоролик)
4-тапсырма . Д/ойын. «Апта күндері» Тәрбиеші:Балалар,математика елінде апта күндеріде өз атауларын ұмытып қалыпты . -Бір аптада неше күн ? 1-ден 7 –ті санына дейін алып апта күндерімен сәйкестендіру. Тәрбиеші: -Жарайсыңдар ,мына тапсырманы да орындадыңдар!
5-тапсырма . Д/ойын: «Жүйрік ой»
-2 қоянда неше құлақ бар? -2 мысықта неше аяқтары бар? -Бағдаршамда неше көз бар? -Адамда қанша көз бар? -Жұлдыздың неше бұрышы бар? -Аспанда неше күн бар? -Бір аптада неше күн бар? -Адамның 2 қолында қанша саусақ бар? Тәрбиеші:балалар ,қарандаршы конверт жатыр ,хат қой. Кім жазғаның білгілерін келеді ме?Ал енедеше мен оқып берейін. (тәрбиеші оқып береді) -Балалар сендер барлық тапсырмаларды орындадындар.Математика елінде шатасып кеткен сандарды орындарын тауып ,атауларын естеріне түсірдіңдер .Жарайсыңдар! Ракмет сендерге ! Мен сендерге балабақшада сыйлық дайындап қойдым .Сау болыңдар ,достар!
|
Балалар ,мұқият тыңдайды.
Балалар сандарды заттармен сәйкестіріп орындарын тауып отырады.
Бір-бір саннан қоладрына алып ,қатарға тұрады және де саннын көршісін атайды.
Пішіндерді көрсетіп отырады.
Балалар ұшбұрыштын ішіне қолдарын салып сипап сезу арқылы пішінді атау керек. Сергіту сәтіннің қимыл –қозғалыстарын қайталап жасайды.
Жеті бала шығып сандар алып ,қатарға тұрады.Бала санмен сәйкестіріп өз апта күнің атайды .Мысалы: 1 –ші күн дүйсенбі .
Балалар тез жауап беруге тырысады.
Балалар хатқа назар аударады , мұқият тыңдайды.
|
Рефлексия –қорыту |
Д/ойын .Дұрыс әлде пе бұрыс пе ?» Шарты: дұрыс жауапқа балалар қолын шапалақтайды, ал бұрыс жауапқа болса аяқтарымен топылдатады. -Дүйсенбі күннен кейін сейсенбі күні -Жұманың алдында сәрсенбі күні -Бір аптада 5 күн бар . –Жұмыртқа шеңбер пішініне ұқсайды -Автобус тіктөртбұрышқа ұқсайды -Үйдің шатыры ұшбұрыш пішінге ұқсайды
|
Балалар дұрыс жауабтарға қол шапалақтап ,ал бұрыс сұрақтарға аяқтарымен топылдатады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: 1-ден 10-ға дейін санадарды, жыл мезгілдерін, апта күндерін .
Түсінеді: Логикалық есептер шығарады, геометриялық пішіндерді атап, түстерін анықтайды.
Орындайды: Берілген тапсырманы дұрыс орындайды.