Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Зимние забавы" открытое занятие

01.02.2022

Тәрбиеші: Г.Е.Амирова

Күні: 27.01.2022

Білім беру саласы: Қатынас

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Көркем әдебиет

Тақырыбы: « Қыс қызығы»

Мақсаты: Қыс  мезгілінің  табиғи   ерекшеліктерін   меңгерту .Қыс мезгілі,қысқы ойындар,қысқы табиғат жайлы түсінік беру. Сөздік қорын молайту,тіл байлығын дамыту.Сабаққа қызығушылығын арттыру. Өлеңді жатқа айта білу арқылы көркем әдебиетке қызықтыру. 

Көрнекілігі: тиісті суреттер,қарлар,фетр,гуаш,қылқалам.

Әдіс-тәсілі: түсіндіру, сұрақ-жауап.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар,айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,жақсы адамдар болғанын бәріміз ұнатамыз иә.

 -Ендеше көңіл-күйімізді көтеріп алу үшін шаттық шеңберін орындайық

  Шаттық шеңбері

Арайлап таң атты,

Алтын сәуле таратты.

Қайырлы таң достарым,

Қайырлы таң достарым.

 

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды.

 

Ұйымдастыру ізденушілік

Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.

-Бүгінгі оқу қызметінде жылдың қыс мезгілі туралы әңгімелейміз.

Сұрақ-жауап арқылы әңгіме жүргізу:

-Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің басқа мезгілдерден айырмашылығы қандай?

-Қыс мезгілі несімен қызықты?

-Қыста қандай ойындар бар?

«Аққала құрастыру»

Алдын-ала дайындалған фетрден балалар аққала құрастырады.Қолдың ұсақ моторикасын дамыту мақсатында.

-Жарайсыңдар,балалар

Ал ,енді балалар қыс мезгілі туралы кім тақпақ біледі.

Балалар қыс туралы тақпақтарын айтады.

Аяулым:

Аппақ күміс бар әлем,

Зымыраймыз шанамен,

Тоғайлар тон киеді,

Аяз беттен сүйеді.

Жиналып ап бар бала

Тұрғызамыз аққала.

Амирлан:

Далада қар борайды,

Ақ мамыққа орайды.

Мұз болады  қатады,

Жып-жылтыр боп жатады.

Сергіту сәті:

Тоңса біздің қолымыз,

Қолғап киіп аламыз

Шапалақ біз  соғамыз                                                                                                       

Тоңса біздің аяғымыз,

Етік киіп аламыз.

Топылдатып басамыз

Тоңса біздің денеміз,

Тоңды киіп аламыз.

«Қар атысу» қимылды ойыны.

 

 

Қыс

Күн суық болады.

Айнала аппақ қар болады.

 

 

 

Балалар аққала құрастырады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар ойынға белсене қатысады.

 

Рефлексивті-түзетушілік

Қыс мезгілінің суретін салу арқылы оқу қызметін аяқтау.

Балалар сурет салады.

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: Өлеңнің мазмұнын түсініп жатқа айта білу;

Игереді: қыс мезгілінің басқа жыл мезгілдерінен айырмашылығын;

Меңгереді: қыс туралы түсінігін кеңейтеді.

 

 

 

 

 

Просмотров: 342


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст