Тәрбиеші: Шаденова С.К.
Білім беру саласы: Таным
Оқу қызметінің түрі: Математика негіздері
Тақырыбы: Үлкен-кіші. Биік-аласа. Ұзын-қысқа.
Мақсаты: сандарды ретімен және кері санауға үйрету, заттардың көлемін салыстыру және ажырата білуге дағдыландыру, сандар мен заттарды бір-біріне сәйкестендіруге үйрету.
Қолданылатын материалдар: ұзын, қысқа ленталар, үйдің суреттері, шәйнек пен кесенің суреттері, жемістердің суреттері
Оқу қызметі |
Педогогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық |
Сәлеметсіңдер ме балалар. Шаттық шеңбері. Қуан, шаттан, алақай! Қуанатын күн келді. Қайырлы таң! Қайырлы күн! Күліп шықты күн бүгін! -Жарайсыңдар!
|
Балалар амандасады.
Балалар шаттық шеңберін қимыл қозғалыспен орындайды. |
Ұйымдастырушылық-ізденістік |
Бүгінгі оқу қызметі «Математика негіздері». 1-тапсырма. «Көршісін тап». 1ден 5ке дейін сандарды тура және кері санау.
2-тапсырма Д/о. «Сандар мен заттарды сәйкестендір» Шарты: бір баладан ортаға шығып, қорап ішіндегі жемістің атын атап, сандармен сәйкестендіреді. Мысалы: алманы алады, алманың артында қандай сан жасырылынса, тақтаға сонша алманы орналастырады.
3-тапсырма. Д/о. «Кім бірінші?» Бұл тапсырманы орындау үшін ұзындықтары әртүрлі екі лента қажет болады. (0.5метр және 1 метр). Педагог балалар екі баланы тақтаға шықырып алып, оларға бір-бір лентадан ұстатады және лентаны қолдарына орауын сұрайды. Бір баланың қолындағы лентаның қысқа екіншісінің қолындағынығ ұзын екендігін еске салады. Тәрбиеші балалардан сұрайды. Лентаның бірі неліктен тез оралды. Мысалы: алдарыңда қарындаштың қайсысы ұзын, қайсысы қысқа
4-тапсырма. Биік-аласа. Педагог балалардан суретте қандай үйлер салынғанын сұрайды. Балалар «биік-аласа» деген сөздерді қолданып үйренеді. Балалардан биік үйдің қасына аласа ағаш, ал аласасының қасында биік ағаштың суретін бояуды сұрайды.
Сергіту сәті. Оңға бір қадам, Солға бір қадам Айналып билейміз. Алға бір қадам Артқа бір қадам Айналып билейміз.
5-тапсырма. «Үлкен-кіші» Педагог балаларға қағаздағы заттарды көлеміне қарай үлкен-кіші салыстыруды ұсынады. Д/о. «Жол сал» ойыны түрінде ұйымдастырылады. Педагог қағазда орындау үшін мынадай тапсырма береді: олар үлкен шәйнектен үлкен кесеге дейін, кішкентай шәйнектен кішкентай кесеге дейін жол салыңдар. Педагог балалардан жолды қалай салдыңдар деп сұрайды.
|
-Тапсырманы орындайды.
-Ойынды ойнайды.
-Балалар ленталарды қолдарына айналдырып бірнеше рет орайды. Содан соң қысқа лентаның тез, ал ұзын лентаның баяу оралатынын ұғынады.
-Өйткені ол қысқа лента болды.
-қызыл түстері ұзын қарындаш, -көк түстегі қысқа қарындаш.
-Балалар жауап береді. Сол жақта-биік, оң жақта-аласа. Биік үй мен аласа үйді салыстырады, және ағашты бояйды.
-Сергіту сәтін орындайды.
-Балалар үлкен шәйнек пен үлкен кесені, ал кіші шәйнек пен кіші кесені сызық арқылы қосады.
Балалар сұрақтарға жауап береді және тапсырманы орындайды. |
Рефлексиялық-қозғаушылық |
Балалар сендерге бүгінгі оқу қызметі ұнады ма? 1ден 5ке дейін сандарды дұрыс және кері санауды? -Ұзын-қысқа қандай болады екен? -Биік-аласа деген не? -Үлкен-кіші қандай болады екен? Белсенді сабаққа қатысқан балаларды мадақтау.
|
-ұнады.
-Балалар жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: ұзын-қысқа өлшемдерді салыстыра алуды.
Түсінеді: заттардың көлеміне қарай ажыратуды.
Меңгереді: сандар мен заттарды сәйкестен