Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Сиқырлы математика" ашық ҰОҚ "Ақ желкен" тобы

27.01.2022

Тәрбиеші: А.К.Машрапова

Күні: 26.01.2022

Білім беру саласы: Таным

Ұйымдастырылған оқу қызметі: Математика негіздері

Тақырыбы: Сиқырлы математика

Мақсаты: Дидактикалық ойындар арқылы  1-ден 10-ға  дейін тура және кері  санау қабілетін күшейту; реттік санау дағдысын қалыптастыру; геометриялық фигуралардың атаулары туралы білімін пысықтау; екі заттың айырмашылығын табу және салыстыра алу қабілетін арттыру.

Көрнекілігі: таратпа цифрлар,текше ,геометриялық пішіндер,тиісті суреттер,слайд

Әдіс-тәсілі:Дидактикалық ойындар, түсіндіру, сұрақ-жауап.

 

Іс-әрекет кезеңдері

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс- әрекеті

Мотивациялық қозғаушылық

-Балалар,айналамызда көңіл-күйі көтеріңкі,жақсы адамдар болғанын бәріміз ұнатамыз иә.

 -Ендеше көңіл-күйімізді көтеріп алу үшін шаттық шеңберін орындайық

  Шаттық шеңбері

Бәріміз енді тұрайық,

Үлкен шеңбер құрайық.

Жақсы – жақсы сөздерді,

Қонақтарға сыйлайық!

Табиғат біздің анамыз,

Табиғатқа баламыз.

Иіліп сәлем береміз,

Біз әдепті баламыз.

 

 

 

 

 

Балалар шеңберге тұрып шаттық шеңберін жасайды.

 

Ұйымдастыру ізденушілік

Балалар, бүгін біз үшін ерекше сабақ. Бізге бүгін көп қонақтар келіпті.
– Балалар қазір жылдың қай мезгілі?

-Қыс мезгілінің ерекшелігі қандай?

 

 

-Жарайсыңдар ,балалар.

-Балалар бүгін мен топқа келгенде ,топта бір ерекше кітап тауып алдым. Оны жақсылап қарасам бұл біздің математика екен ,бірақ балалар ол жай математика емес ,сиқырлы математика екен.

Сендердің де көргілерің келе ме?

Ендеше бірге көрейік.

Балалар бұл сиқырлы математикада сендерге бірнеше дидактикалық ойындар берілген екен орындаймызба?

 

Балалар сендер дайын болсаңдар бастайық. 

1.«Жоғалған санды тап» ойыны

Тақтада сандар берілген арасындағы сандары жоғалып қалған, сол сандарды тауып орнына  ретімен қою. Тура және кері санау.

 

2.«Көлеміне қарай орналастыр»

(жеке жұмыс)

Балаларға көлемі әр түрлі суреттер беріледі. Суреттерді көлеміне қарай орналастырып, санап шық  және салыстыр.

3.«Сиқырлы текше»

Балалар кезекпен текшені айналдырып лақтырады,текшенің сыртында геометриялық пішіндер мен сандар берілген ,балалар қандай пішін және сан екенін  айтып,сол санға сәйкес пішінді санап алып өз орнына қою керек.

Сергіту сәті: (бейне ролик)

4.«Айырмашылығын тап» дидактикалық ойыны
Мақсаты: Балаларға екі суреттің немесе заттың айырмашылығын таба білуге;көру және сипап сезу арқылы өз ойын айта білуге үйрету; ақыл-ойларын дамыту; шыдамдылыққа, досының жауабын тыңдай білуге дағдыландыру.

5.Заттарды санмен сәйкестендір.

Балалардың алдына суреттер және сандар беріледі, сол суреттерді санап сәйкес келетін санды сызық арқылы қосу керек.

 

 

 

 

Қыс

Күн суық болады.

Айнала аппақ қар болады.

 

 

 

 

 

Ия

Балалар бірге көреді.

 

-Ия,орындаймыз

 

 

Балалар сандарды ретімен қойып,тура және кері санайды

 

 

 

Балалар өз еркімен жұмыс атқарады.

 

 

Балалар ойынға белсене қатысады.

 

Рефлексивті-түзетушілік

Қорытынды. Қызықты сұрақтар

1.Аспанда неше күн бар?

2.Бағдаршамда неше көз бар?

3. Жұлдыздың неше бұрышы бар?

4. Қоянның неше құлағы бар?

5.Адамда неше көз бар?

6.Машинада неше дөңгелек бар?

7.Адамда неше қол бар?

 

Балаларды мадақтап, оқу іс-әрекетін қорытындылау.

Балалар сұраққа жауап береді

 

 

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: 1ден-10ға дейін тура және кері санауды,геометриялық пішіндердің атауын,түстерін;

Игереді: тапсырманы кезеңімен  орындау жолдарын;

Меңгереді: ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын.

 

 

 

 

 

Просмотров: 623


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст