Күні: 25.01.2022ж
Тәрбиеші: Хасенова А.У
Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Оқу іс әрекеті: Көркем Әдебиет
Тақырыбы: «Түлкі мен тырна» ертегісі
Мақсаты: Балаларға үстел үстіндегі театр және көлеңкелі театр туралы түсінік беру, ертегілер кейіпкерлерін таныту, оларды дұрыс ажырата білуге үйрету. Көркем шығармаларға деген қызығушылығын арттыру. Ойын, тілін, білімділігін, сөздік қорларын молайту. Ертегіні қызығушылықпен тыңдауға дағдыландыру, балаларды татулыққа, ұйымшылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Көрнекілігі: көлеңкелі театр, үстел үсті театрының атрибуттары, жүректер.
Әдіс – тәсілдері: түсіндіру, көрсету, сұрақ – жауап, салыстыру, мадақтау.
Оқу іс-әрекетінің Кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
Шаттық шеңбер ұйымдастыру. : - Балалар сендердің бір – біріңе қарап күлгендерің қандай әдемі, жүздеріңнен тек жылулық сезіліп тұр. Мен де сендерге өз жылуымды беріп «Қайырлы таң» деймін. Сендер де бір – біріңе қайырлы таң тілеп, күнмен сәлемдесіп, қонақтарға да жақсы тілек білдіріңдер. Біз әдепті баламыз Біз ерекше баламыз Үйге қонақ келгенде «Сәлеметсіз бе!» -деп Амандасып аламыз.
|
Балалар шеңберге тұрып, бір-бірімен амандасады. |
Ұйымдастырушылық- Ізденістік |
Осы мезгілде залға түлкі кіреді.
- Поезбен, машинамен, ұшақпен баруға болады, бірақ біздің топта ондай көлік жоқ. Ендеше мына сыйқырлы кілемшемен бәріміз барып алайық. Тәрбиеші кілемді әкеліп жаяды. - Балалар қараңдар біздің кілем тесіліп қалыпты ғой. (Кілемнің тесіктері геометриялық пішіндер тәрізді болып келеді.) - Ертегі әлеміне жету үшін кілемді жамау керек. Дидактикалық ойын: «Жамауды тап» Балаларға берілген геометриялық пішіндердің орның тауып кілемді жамау керек. - Балалар қандай геометриялық пішіндерді көріп тұрсыңдар? - неше төрт бұрыш бар? - неше үшбұрыш бар? - неше тіктөртбұрыш бар? - Жарайсыңдар кілемді жөндедік енді бәрімізге сәт сапар тілеймін. (хормен) Біздің кілем ұшып барады Алыс жерге апарады Кәне достар көзді жұмамыз Ертегілерімізді тындауға барамыз Ал енді келдік ертегі тыңдауға болады балалар. . Ал сен түлкі балалармен бірге отырып ертегі қара. Балалар бұл ертегіні мен көлеңкелі театр арқылы айтып беремін. |
-Түлкі
-ертегі кейіпкерлері
-иә, -бауырсақ,шалқан, маша мен аю
-тырна
-жарайды
Ойын ойнайды
-қайталайды.
Түлкі мен тырна
|
Рефлексиялық-түзетушілік |
Тәрбиеші: - Жарайды қане балалар мына жүректерді алып түлкіге арнап жүректен жүрекке, жақсы тілек айтайық. |
|
Күтілетін нәтижелер:
Білу: Ертегілерді сурет арқылы танып білу.
Игеру: Өз ойынды ашып айту, сұрақтарға толық жауап беруді.
Меңгеру: достық сөзін түсініп, бір-біріне қамқор болуды.