Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәуелсіздігім-тұғырым" тақырыбындағы мерекелік ертеңгілік ересектер тобы "Гүлдәурен"

14.12.2021

Тақырыбы: Тәуелсіздік тұғырым

 Мақсаты:Балаларды Отанды сүюге, Қазақстан Республикасының    рәміздерін  қастерлеуге, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін  арттыруға  тәрбиелеу. Сөйлеу мәнерін қалыптастырып, қойылған сұрақтарға дұрыс, толық жауап берулерін қадағалау.

 

 

 

 

 

 

Бәрі тік тұрып Әнұранды айтады.

 

Тәрбиеші: Кім айтады біздің еліміз қалай аталады?

Балалар:   Қазқақстан Республикасы.

 

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыздар. Балалар, ерте кезде біздің елімізді хандар, сұлтандар, билер басқарған. Біздің еліміз Ресеймен бірге болған,елімізді Ресейдің Президенті басқарған. Ал қазір өзіміздің Президентіміз  басқарады.   Балалар сендер, білесіңдер ме, елбасымыз кім?

 

Балалар:   Қасым- Жомарт. Тоқаев.Кемелұлы

 

Біз бүгін Тәуеліздік Казақстан 30 жылдығың тойлап жатырмыз.

 

 

 

 

Балаларға жұмбақ жасыру:

 

 Алтын күн аспаны

Алтын дән даласы

Айтатын Әнұран

Қай елдің баласы   (Қазақ елінің баласы)

 

Еліміздің тірегі,

Жеріміздің жүрегі

Бас қаланың есімін,

Қане кім біледі? (Астана)

 

Қос пырағым қос қанат,

Шаңырағым күн менің

Шолпан жұлдыз маңдайда.

Елтаңбам ғой бұл менің (Қазақстан мемлекетінің Елтаңбасы)

 

Көк аспанның түсі бар

Ортасында      күні бар.

Қыран ұшқан  қалықтап ,

Кімнің туы біліп ал.    (Қазақстан мемлекетінң Туы)

 

Туымыздан күн қарап

Күлімдейді әлемге

Күнмен бірге қандай құс.

Қанат қаққан бар елге   (Қыран)

 

          Есімізге түсірейікші,туымыздың түсі қандай? Көк.

 

 

 

          Өсер елдің қай сәтте де бірлік болмақ қалауы,

          Лала, лаула! Желтоқсанның мұзға жаққан алауы.

          Өздеріңдей өр намысты жас өркені бар елдің.       

          Ешқашанда еңкеюге тиісті емес жалауы!

 

Тәрбиеші: Балалар Тәуелсіздікке арналған тақпақтарымызды айтайық.

 

 

Жасай бер елім, қазағым,

Еселеніп ғажабың!

Отыз жылдығың құтты боп,

Кіре берсін ажарың.                                         Айгерім

Аман болсын ел, жұртым,

Аспаным ашық, күн күліп.

Отыз жылдық азаттық,

Шаттықты әуен үн қылып.

________________________________________

Тәуелсіз отыз жыл,

Құтты болсын, қазағым!                                    Айлана

Бейбітшілікті жөн еткен,                                  

Елім өзің, ғажабым!

________________________________________

 

Қазақстаным айбыным,

Өзіңсің менің Ай, күнім!                                           

Отыз жылдығың сыйласын,                      Қуаныш

Таусылмас шаттық, байлығын!

Абыройың асқақ боп,

Жасай берші гүл елім!

Отыз жылдығың құтты боп,

Биіктей бер жыр елім!

 

 

 

Елім деп соғады жүрегім,

Жерім деп соғады жүрегім.                   

Отыз жылдығың биылғы,                          Жансейіт

Құтты болсын нұр елім!

________________________________________

Отаным менің  Қазақстан ,

Ыстық қой  сенің  топырағын.

Орман,көөл,бау-бағын,

Қастерлеген  қазағым .                                          Султан

________________________________________

 

Қазақ елім, Отаным!

Өзіңсің менің мақтаным.                            Дария

Отыз жылдығың құтты боп,

Ата берсін ақ таңың.

 

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.                           Назым 

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

________________________________________

 

 

Ән   «Отан-ана»

 

 

Тәрбиеші: Өркениетті ел боламыз келешек,

                   Шет елдерге болмаймыз біз берешек

                  Екі мың отыз келген кезде бұйырса,

                  Елім дейтін, халқым дейтін ер өседі.

                  Аш болмайды, тоқ болады халқымыз,

                  Ешқашанда бұзылмайды халқымыз,

                   Ешқашанда бұзылмайды салтымыз

                  Президентті әрқашанда қолдаймыз,

                  Жастарыма, толық сенім артамы

 

Ойын:Арқан тарту.

 

 

Тәрбиеші: Кең байтақ туған елім Қазақстан,

                   Мен сені әрқашанда мақтан тұтам

                   Алтын дән, мыс, мырышы, мұнайымен,

                   Баршаны байлығымен таңқалдырған.

                   Төбеңде көк байрақты желбіретіп,

                   Жасашы, жасай берші Қазақстан!

 

Биі        «Менің Қазақстаным».

 

Тәрбиеші: Сонымен балалар біздің Тәулестік күніне арналған ертенглгіміз аяқталды.

 

 

Просмотров: 383


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст