Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Тәелсіздік -ел тірегі" мерекелік ертеңгілік

13.12.2021

                              «Тәуелсіздік  - ел тірегі »

Мақсаты : Бүлдіршіндерге еліміздің тарихы туралы түсінік беру .Рәміздерімізді қастерлеуге, елін,жерін,құрметтеуге тәрбиелеу. Өз Отанын сүюге,  халқымыздың әдет – ғұрпы, салт – дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыруға ,достыққа, саналылыққа тәрбиелеу .

Тәрбиеші :   Сәлеметсіздерме, құрметті ата-аналар, тәрбиешілер және балабақша бүлдіршіндері! «Ақ желкен» тобының « Тәуелсіздік –ел тірегі!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер! Қазақстан Республикасы 1991 жылы 16 желтоқсанда өзінің тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет болды. Егеменді еліміздің тәуелсіздік алғанына биыл 30 жыл толды. Өмір 30 жылда біраз өзгеріске ұшырады, нарықтық заман орнады. Тәуелсіз еліміздің жастары үшін заман талабына сай өнерлі де білімді болып өсу талабы туды. Тәуелсіз еліміз болашаққа айқын бағдар түзеп, өркениетті елдер қатарына жетуге аяқ басты. Болашақтың тірегі мына бүгінгі бүлдіршіндер сендерсіңдер! Сәби күлкісімен ана мейірімінің сәні ешқашан бұзылмасын. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен , Елтаңбамызбен басқа елдерге мақтаныш етеміз.

Барша халық таныған,

Біздің үміт тілекті .

Шырқалғанда әнұран,

Шаттық кернеп жүректі .

Қазақстан Республикасының Әнұраны орындалады.

Бәрі де сенің Отаның

Бойыңды биіктететін.

Рухына балап атаның

Өлгенше сүйіп өтетін.

Балалар, осы біз «Отан» деген сөзді күн сайын естіп жүрміз . Осы Отан дегеніміз не? Балалардың жауабы.

-Отан дегеніміз – адамның туып – өскен жері, туған – туыстарымен,  жақындарымен бірге тұратын ата мекені .

Отан туралы тақпақтар :

    Елизавета : Отан деген - атамекен,

                Отан деген – туған жер

                Отан – ана, Отан үлкен ,

                Қазақстан – туған өлкең !

 

Аслан:  Отан – сенің  ата-анаң,

              Отан –досың, бауырың

              Отан – өлкең, астанаң,

              Отан- аудан, ауылың

              Отан-тарих, Отан-тіл

              Жасаған елің, ер халқың!

              Отан-өлең, отан-жыр,

              Көтерген көкке ел даңқын

Дінмұхаммед:

             Қазақстан менің  Отаным

              Атыңды  әнге  қосамын

              Шарықтап  өсіп,дами бер

               Біліммен  үлес қосамын

-Балалар , ал еліміздің рәміздері туралы не білеміз.

Тәрбиеші:Туды көрсетіп, сипаттау. Мемлекеттік туымыздың  түсі көгілдір . Ол бірлік пен ашық аспанды, тыныштықты көрсетеді . Ортасындағы сәуле шашқан күн бейнесі – тыныштық пен байлықтың белгісі , астындағы қыран бүркіт қырағылықтың биіктеуін білдіреді.

Республикамыздың елтаңбасы көгілдір түсті бояудың үстінен салынған пырақ бейнесінен тұрады. Шаңырақтан күн сәулесі тәріздес уықтар тарайды . Шаңырақ пен уық біздің Отанымыздағы көптеген ұлттардың бірлігін көрсетеді Балалардың тақпағы :

Айдар : Тәуелсіздік – өткеніміз

              Ынтымағы жарасқан

              Тәуелсіздік  ел бірлігі

              Асқақ  арман таласқан

Жоламан : Тәуелсіздік таңы атты,

                     Барлық  әлем жаңарып

                     Осы тұрған халқыма

                     Бейбітшілік орнады.

Ән : «Отаным»

«Кім жылдам» ойыны:

Тәрбиеші: Кім айтады ? Біздің еліміз қалай аталады?

Балалар : Қазақстан Республикасы

Тәрбиеші: Астанамыз қай қала?

Балалар: Нұр-Сұлтан

Тәрбиеші: Біздің еліміздің Президенті кім?

Балалар: Қасым-Жомарт Тоқаев

Тәрбиеші : Қай  ауылда тұрасыңдар ?

Балалар : Жалғызқұдық  ауылында.

Тәрбиеші:                    Жас арудың жанарында- Желтоқсан,

                                       Қанды ғасыр табанында- Желтоқсан.

                                       Қаралы өмір қайыстырған халқымның,

                                       Қара тұман қабағында-Желтоқсан.

                                       Жауыздықты жасқаған да – Желтоқсан,

                                       Жаңа ғұмыр бастаған да- Желтоқсан.

                                       Жазықсыздың көз жасына жуынып,

                                       Абақтыға тастаған да Желтоқсан.

                                       Намысымның шырағы да- Желтоқсан,

                                       Сұрқай өмір сынағы да- Желтоқсан.

                                       Жігіттердің ұраны да- Желтоқсан.

                                       Жаңа күннің шуағы да- Желтоқсан.

Желтоқсан оқиғасында ерен ерлігімен көзге түскендер өте көп. Осы қазақ халқының жері болашағы үміті үшін желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың ұл-қыздары  Қайрат, Ербол, Ляззат, Сәбираның аттарын атап айтпай кетуге болмас. Олардың аңсаған армандарымен үміт тілектері бұл күнде толық жүзеге асты. Қазақ елі тәуелсіздігін алды.

Тәрбиеші : Қазақ халқы  өнерге бай халық, соның ішінде күмбірлеген күймен, мың бұрала би өнері ерекше .Олай болса біздің балаларымыздың  биін  тамашалаңыздар .

Би : «Домбыра»

Тәрбиеші :Олай болса балалар ұлттық ойын ойнайық .

Ұлттық ойын: Арқан тарту.

Тәрбиеші: Жарайсыңдар!

Тәрбиеші : Балалар сендер  тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарысыңдар . Сондықтан өз жерімізді, өз елімізді, әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге , сүюге, қорғауға міндеттісіңдер . Саналы , білімді азамат болу үшін не істеу керек ?

Балалар: Еңбек етуіміз керек .

Тәрбиеші: Біздің қазіргі еңбегіміз не ?

Балалар:Оқу!

Тәрбиеші : Бүгін , міне ,Егеменді  тәуелсіз еліміздің 30 жылдық ұлы мерекесін тойладық .  Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз . Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер ! Сендерге зор денсаулық , көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын , күннің нұры сәулесін мол төксін деп ертеңгілігімізді аяқтаймыз . Сау болыңыздар !

 

 

Просмотров: 423


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст