Мақсаты: Туған елінің болашағына үлес қосып, елі, жері үшін қызмет етуге тәрбиелеу. Ұлттық тілді жақсы меңгеруге, ұлтжандылық сезімді қалыптастыру, танымдылық қабілеттерін арттыра отырып, өнерге баулу.
Жүргізуші:
Желтоқсан - ау, ұмытылмайсың жүректе,
Ұрпақ өсер айналатын тірекке.
Егемендік тиді міне еншіме,
Желтоқсаным, жеткіздің ақ тілекке!
Сәлеметсіздер ме, бүгін біз Қазақстанымыздың Тәуелсіздік алған күнін тойлағалы отырмыз. Бәрімізге мереке құтты болсын!!!
Тәуелсіздігіміз баянды болсын дей отырып, кішкентай бүлдіршіндерімізбен бірге ертеңгілігімізді Қазақстан Республикасның әнұранын бірге шырқайық.
Жүргізуші:
Қазақ халқы еркіндікке жету үшін қаншама қиын – қыстау кезеңдерді бастан кешірді. Бұл оқиға Алматы қаласында болды. Мыңдаған жылдық тарихы бар. Ал, 1986 жылғы оқиға халықтың есінде мәңгі сақталады.
Тақпақтар:
Отан деген-Атамекен, Отан деген-Туған жер. Отан-ана, Отан-пана, Қазақстан-туған ел.
Аяла
Отан-тарих, Отан-тіл, Жасаған елің, ер халқың Отан-өлең, Отан-жыр, Көтерген көкке ел даңқын
Аяулым
Отан-сенің ата-анаң Отан-досың, бауырың Отан-өлкең, астанаң Отан-аудан, ауылың.
Медина
Отан-жерім, Отан-суым, Отан-қуат, нәр береді.
Аделя
Отан-ұран, Отан-туым, Отан-мәні гүлденеді.
Амирлан
Жүргізуші:
Бәрекелді, балалар! Өте алғыр екенсіңдер.
Ғажайып сәт:
Жүргізуші: Балалар, мен сендерге бірнеше сұрақ қойып, білімдеріңді сынағым келіп тұр.
1.Қазақстан Республикасының Президенті кім? (Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев)
2.Қазақстанның астанасы қай қала? (Нұр-Сұлтан қаласы)
3.Біз қандай мемлекетте тұрамыз? (Тәуелсіз мемлекетте тұрамыз)
Жүргізуші: Балалар, еліміз туралы көп мәлімет біледі екенсіңдер. Оларыңа ризамын. Білімді азаматтар болып өсетіндеріңе сенімдімін.
Шетсіз шексіз қиырсыз ұлы дала,
Шуақ болып шашылмай жылына ма?!
Сүй отанды! Шынымен сүйіп өт те,
Гүл боп қадал ойына, қырына да- дей отыра, қыздарды «Киіз басу»-биімен ортаға шақырамыз.
Жүргізуші: Өте керемет, мың бұралған биші екенсіңдер.
16 – желтоқсанда қазақ жастары Орталық алаңға шығып, Қазақстан тәуелсіздігін талап етті.
Бұл күн - Қазақстан тарихында тәуелсіз Қазақстан Республикасының туған күні деп алтын әріппен жазылды. Сондықтан да желтоқсан бүкілхалықтық мереке.
Жүргізуші: Тәуелсіздік күніне арналған мерекелік әнді қабыл алыңыз:
Ән: «Біз-өмірдің гүліміз»
Жайнап өскен, Жайдары өскен, Біз-өмірдің гүліміз.
Тыныштықта, Нұр шаттықта, Бақыттымыз бәріміз.
Жүргізуші:
Барлық ұлттың басын қосты бұл достық,
Ұлы достық, нұрлы достық, күн достық. Достық деген қасиетті ұранға,
Кең даланың жүрегі де үн қосты.
Би: Ұлдардың орындауында «Тұлпар»-биі
Жүргізуші: Жарайсыңдар балалар, мен сендердің өнерлеріңді тамашалап, бір марқайып қалдым.
Бүгін, міне, Егеменді тәуелсіз еліміздің ұлы мерекесін тойладық. Жүзіміз жарқын болып, аспанымыз ашық болсын деп тілейміз. Егеменді елдің болашағы – сендерсіңдер! Сендерге зор денсаулық, көңілдеріңе шаттық тілей отырып, атар әрбір таңдарың арайлы да шуақты болсын, күннің нұры сәулесін мол төксін деп, ертеңгілігімізді аяқтаймыз.