Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Музыка сабағынан ашық ұйымдастырылған оқу қызметі ересек тобы "Гүлдәурен"

22.11.2021

Білім беру саласы: Шығармашылық.

 

Бөлімі: Музыка.

 

Тақырыбы: «Күз сыйы»

 

Мақсаты: Күз сыйы,науқан кезі, жеміс жидектер піскені жайлы

түсіндіріп, оларды әнге қосып айтуды, оның өзі бір мереке

екенін түсіндіру арқылы музыкалық қабілетін дамыту.

Музыканы тыңдау, дауыстың «биік» және «төмен» дыбыстарын

ажырата білуге дағдыландыру.

 

Көрнектілік: суреттер, слайд картиналар

.

 

 

Сабақ барысы:

1.Сәлемдесу.

 2.Щаттық шеңбер.

3.Дауыс жаттығу.  «Баспалдақ»

4.Ән тыңдау. «Бұл қай кезде болады»

5.Ән айту. «Күз  сыйы»

6. Музыкалық дыбыстарды ажырата білуге үйрету. «биік» - «төмен»

7. Әуенді ырғақты би қимылдары,  «Кап, кап, кап.»

 

 

  1. Әуенді сәлемдесу: «Сәлеметсіздер ме, балалар.
  2. Сәлем,сәлем алтын күн,

Сәлем,сәлем көк аспан.

Сәлем, сәлем достарым,

Сәлем, сәлем қонақтар.

 

 

  1. «Баспалдақ» жүйесі арқылы дауыс жаттығу:

«Жоғарыға шығамыз,»

«Төмен қарай түсеміз»

 

  1. Ән тыңдау: «Бұл қай кезде болады»

Әнді тыңдап, әнде жылдың қай мезгілі туралы

айтылғанын балалардан сұрап, әңгімелеу.

 

                                       «Бұл қай кезде болады»

1.Бұлттар төніп, жерге шөгіп

  Дымқыл тұман басады.

  Шөп сарғайып, өңі тайып,

  Дала сұры қашады.

 

2.Бой жаза алмай, ойнай алмай

  Денең мұздап тоңады.

  Бөбектерім айтыңдаршы,

  Бүл қай кезде болады.

 

  1. Ән айту: «Күз сыйы» әнімен таныстыру. Орындау,

Мазмұнымен таныстыру. Әннің сөздерін буынға бөліп

қайталау әдісімен үйрету.

Әнімен орындап жаттықтыру.

 

  1. Музыканы тыңдап,дауыстың «биік» және «төмен» дыбыстарын

ажырата білуге үйрету.    «Жеті лақ» ертегісі.

 

7.Әуенді ырғақты би қимылдарын орындау:  «Кап, кап, кап»

 

Сабақтың соңы. Қорытындылау. Келесі кездескенше.

 

Просмотров: 301


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст