Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Күншуақ" ортаңғы тобы "Үйдің суретін саламыз"

19.11.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім

басқармасының жанындағы Жалғызқұдық ауылының «Болашақ» бөбекжайы МКҚК

 

 

 

 

 

 

 

             Тақырыбы: «Үйдің суретін саламыз»

Мақсаты:    балалардың геометриялық пішіндерді қолданып,                                             үйдің сұлбасын бояуды үйрету, ептілікке, икемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу және эстетикалық талғамын дамыту,                                                                             ойын жағдаятына қосыла білуді үйрету, саусақ моторикасын дамыту,                                            ұйымшылдыққа, достыққа, ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

 

 

 

 

                                                   Өткізген:  Шаденова С.К

                          2021-2022оқу жылы

                                                                                          

                                               18.11.2021ж                                                                                         Білім беру саласы: Таным.

Бөлімі: Сурет салу.

Тақырыбы: Үйдің суретін саламыз.

Мақсаты: балалардың геометриялық пішіндерді қолданып, үйдің сұлбасын бояуды үйрету, ептілікке, икемділікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу және эстетикалық талғамын дамыту,                           ойын жағдаятына қосыла білуді үйрету, саусақ моторикасын дамыту, достыққа,                              ұқыптылыққа, бастаған ісін аяғына дейін жеткізуге тәрбиелеу.

Тапсырмалар: балаға гуашпен жұмыс жасауды үйрету, қауіпсіздік техникасы мен таныстыру.

Құрал-жабдықтар мен материалдар: гуаш, ақ парақ, су, губка таяқшасы, сулық.

Көрнекілік: геометриялық пішіндер, үйдің суреті.

Үлестірмелі материалдар: үйдің суреті.

Сөздік жұмыс: үй, қуыршақ, төртбұрыш, үшбұрыш, шеңбер, қызыл, сары, көк.

Билингвальды компонент: үй-дом, қабырға-стена, шатыр-крыша, күн-солнце

  Оқу іс-әрекетінің кезеңдері

                               

                              Педагогтің іс-әрекеті

 

   Балалардың іс-әрекеті

                          Мотивациялық -қозғаушылық

Шаттық шеңбер «Біз қандаймыз!»

Біз қандаймыз,  қандаймыз

Арайлап атқан таңдаймыз

Күлімдеген күндейміз

Еш уайымды білмейміз.

                            Ғажайып сәт:

Балалар бізге қонаққа қуыршақ Әйгерім келді.

Сәлеметсіңдер ме балалар!

Менің тұратын үйім құлап қалды.

Сендердің маған көмектерің қажет болып тұр еді.

Маған үй салып бересіңдер ме?

Балалар қуыршақ Әйгерімге көмектесеміз бе?

 

 

 

 

 

 

 

 

Балалар шаттық

шеңберін орындайды.

 

 

 

 

Балалар қуыршақ Әйгерім мен амандасады.

 

 

 

-иә, біз саған үй салып беруге көмектесеміз.

                                                           Ұйымдастырушылық-ізденістік

Балалар мен сендерге Ғаббас Өкеевтің «Біздің үй» деген өлеңін оқып берейін, мұқият тыңдайықшы.               

                         «Біздің үй»

Қалаушы да табылды,

Үй салынды жабылды.

Қосып құмға лайды

Сылақшылар сылайды.

Терезе есік, едені

Қиюласты әдемі

Құрылысшы боламыз

Зәулім сарай саламыз.

Балалар қарындашты т.б заттарды ауызға салуға, және бір-бірімізге сілтеуге болмайды.

-Дұрыс, өйткені бір жерімізді жарақаттап алумыз мүмкін.

1-тапсырма.

Бірінші мен суреттің қалай бояу керектігін айтып, көрсетемін, сендер қарап алыңдар.

-Енді балалар, үстел үстінде, үйдің үлгісі сурет бар.

Осыған қарап отырып, үйдің суретін бояймыз.

Сендерге көмек ретінде, ақ қағазға үйдің сұлбасын сызып қойдым.

Сендер үйдің қабырғасын қызыл түске, шатырын қоңыр түске, ал күнді сары түске бояңдар.

Түсінбеген жерлеріңді қайта сұрасаңдар болады.

Балалар, үйдің қабырғасын төртбұрышты пішінді губкамен қызыл түсті бояумен, үйдің шатырын үшбұрышты пішіндегі губкамен қоңыр түспен бояңдар.

Ал күнді дөңгелек пішінді, сары түске бояңдар.

Тәрбиеші көмек керек балаларға көмектеседі.

Әп-сәтте қуыршақ Әйгерімнің үйі дайын болды.

Қуыршақ Әйгерімнің қуанышында шек жоқ.

 

Билингвальды компонент:  

үй-дом, қабырға-стена, шатыр-криша, күн-солнце.

 

 

2-тапсырма.  

Балалар енді манка ұнтағына саусақпен үйдің сұлбасын сызамыз.

Мақсаты: балалардың саусақ моторикасын  дамыту.

                               Сергіту сәті:

Мен құрылысшы боламын,

Зәулім үйлер саламын.

Өз қаламды көркейтіп,

Ел алғысын аламын.

3-тапсырма.

    Ұжымдық жұмыс:  «Біздің үйіміз»

Шарты: балалар екі топқа бөлініп өздері тұратын үйді құрастыру;

Мақсаты: балалар ұйымшылдыққа, достыққа баулу.

 

 

 

 

 

Балалар өлеңді мұқият тыңдайды.

 

 

 

 

-мен салмаймын.

-мен сілтемеймін.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

үй-дом,

қабырға-стена

шатыр-крыша.

күн-солнце

 

-үйдің сұлбасын

саусақпен сызады.

 

 

Сергіту сәтін

қимылмен жасайды.

 

 

 

 

-балалар тапсырманы

жақсы орындайды.

Рефлексиялық-

түзетушілік

 

Балалардың жұмысын талдау.

Балалар бүгін бізге қонаққа кім келді?

Біз ненің суретін салдық?

Балалар Қуыршақ Әйгерім сендердің салған суреттеріңе риза болды.

Балалармен қуыршақ Әйгеріммен қоштасады.

 

 

 

 

 

-Бүгін қуыршақ

-Әйгерім келді.

-Үйдің суретін салдық.

 

-Қуыршақ Әйгерім сау бол .

 

Күтілетін нәтиже:

Біледі: геометриялық фигуралардың аттарын;

Игереді: геометриялық пішіндерді қолданып, үйдің суретін салуды.

Меңгереді: дұрыс бояуды,  геометриялық пішінд

Просмотров: 512


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст