Тобы: «Күншуақ» ортаңғы тобы
Тәрбиешісі: Амирова Г.Е
Күні: 16.11.2021
Білім беру беру саласы : Шығармашылық
Ұйымдастырылған оқу-қызметі: Мүсіндеу.
Тақырыбы: «Апельсиндер мен мандариндер»
Мақсаты: Апельсин мен мандариннің айырмашылығын ажырата білуге үйрету, үлкен және кішкентай домалақ заттарды жасауды дамыту;
Жұмысты ұқыпты жасауға тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: апельсин мен мандарин,тұзды қамырдан жасалған апельсин мен мандариннің үлгісі, тұзды қамыр, тақтайша, сулық.
Билингвальды компонент: үлкен-большой, кішкентай-маленький
Іс - әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің іс - әрекеті |
Балалардың іс - әрекеті |
Мотивациялық – қозғаушы
|
Шаттық шеңбері: Арайлап таң атты, Алтын сәуле таратты. Жарқырайды күніміз, Жарқырайды даламыз. Қайырлы таң балалар, Қайырлы таң қонақтар. |
Балалар шаттық шеңберіне тұрады, бір –бірімен амандасады.
|
Іздену – Ұйымдастырушы
|
Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Балалар мына ағашты қараңдаршы ,бірдеңе өсіп тұрған сияқты,келіңдерші бірге көрейік. Балаларға сұрақтар қою: -Мынау не? -Түсі қандай?
Ал мына ағашта да бірдеңе өсіп тұр ,ол не екен? -Түсі қандай? Енді екеуінің көлемі қандай? Балалар біреу есік қағып тұрған сияқты,қане көрейік кім екен? Бұл қуыршақ Айгерім ғой! Айгерім қуыршақ жылап тұр ғой,неге жылап тұрсың? Қуыршақ: Менің апельсин мен мандарин жегім келіп тұр. Жылама,біздің балалар қазір саған апельсин мен мандарин жасап береді. Қане, балалар қуыршаққа апельсин мен мандарин жасап берейік -Сары түске боялған тұзды қамырды біреуін үлкен, біреуін кіші етіп бөліп аламыз, алақанға салып домалақтаймыз. -Апельсин үлкен домалақ, ал мандарин кішкентай домалақ. Билингвальды компонент: үлкен-большой, кішкентай-маленький Сергіту сәті. «Саусақ жаттығуы» Бала бала балақан Қане қайсы алақан? Саусақтарың әйбат Былай-былай ойнат Балалар біз апельсин мен мандаринді мүсіндедік,енді оны құрастырып көрейік. Үстел-үсті ойыны: «Жемістерді құрастыр» Апельсин мен мандаринді құрастыру. |
Балалар сұрақтарға жауап береді. Балалар жақындап келеді.
-Апельсин -сары
-Мандарин -Сары
Үлкен,кішкентай
Балалар тәрбиешінің көрсеткен мүсіндеуін қайталап жасайды
Балалар қайталайды.
Сергіту сәтін жасайды
Балалар алдын-ала қиылған апельсин мен мандариндерді құрастырады. |
Рефлексиялық – түзетушілік |
Балалар, бүгін не мүсіндедік? Оны кімге бердіңдер? Апельсин мен мандарин жеміске жата ма,әлде олар көкөніс пе? Балалар сендер бүгін қуыршақ Айгерімге апельсин мен мандаринді мүсіндеп бердіңдер,сендерге менің де сыйлығым бар. Балаларды мадақтау, мақтау |
-Апельсин -Мандарин -жеміс |
Күтілетін нәтиже:
жасайды: тұзды қамырды домалқатап апельсин мен мандаринді келтіреді;
түсінеді: апельсин мен мандариннің жемістерге жататынын;
қолданады: үлкен, кішкентай домалақтар жасау үшін;