Тәрбиеші: А.К.Машрапова
Күні: 12.11.2021ж
Білім беру саласы: «Қатынас»
Оқу қызметі: Көркем әдебиет.
Тақырыбы: Ертегілер еліне саяхат.
Мақсаты: Ертегі кейіпкерлері туралы білімдерін кеңейту;
Ойлау, қайта жаңғыртып еске түсіру арқылы қиялдай білуге үйрету,ертегілер әлеміне еніп,балаларға жақсы көңіл күй сыйлау.
Ертегілер арқылы балаларды адамгершілікке, мейірімділікке, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Билингвалды компонент: ертегі-сказка, сиқырлы – волшебный.
Көрнекіліктер: Үйшік, слайд,күзгі жапырақтар, әр түрлі ертегілерден суреттер, құрастыруға арналған кескіндер.
Іс-әрекет кезеңдері |
Тәрбиешінің әрекеті |
Балалардың әрекеті |
Мотиватциялық -қозғаушы- лық |
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық. -Сәлеметсіздер ме, -Здравствуйте! Шаттық шеңбері: Орнымыздан тұрамыз, Үлкен шеңбер құрамыз Құрсақ енді шеңберді. Алақанды соғамыз. Оң жақтағы көршіге Сол жақтағы көршіге, Күлімсіреп қараймыз. Қолды көкке созамыз, Бір-бірімізден озамыз Құшақтасып бәріміз, Тату достар боламыз - Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай? жағымсыз кейіпкерлерді білесіңдер? |
Балалар шеңбер бойына тұрып қонақтармен амандасады.
Балалардың жауабы тыңдалады.
Балалар дауысты тыңдап, ертегі ханшайымының айтқанын мұқият тыңдайды.
Балалар жоғары қарайды, төмен қарайды, оң жақтарына қарайды кітапты ізеуге аттанады. Ханшайымның тапсырмасымен кітапты тауып алады. |
Ұйымдасты рушылық ізденістік. |
- Сиқырлы кітап өте әдемі екен, ашып көрейік, ашылмайды, енді не істедік? - Міне керемет сиқырлы кітап ашылды, (Әдемі музыка әуенімен кітап ашылады) - Ал ,Сиқырлы кітап ертегілер елінде бізді не күтіп тұр? -Балалар сиқырлы кітап бізді ертегі тыңдауға шақырады. Тыңдайық па балалар? -Ендеше біз қазір «Қасқыр мен жеті лақ» атты ертегіні тыңдаймыз. -Балалар сендерге ертегі ұнады ма? Осы кезде ертегі ханшайымының дауысы тағы да естіледі. Ертегі ханшайымы: -Балалар лақтарға сендердің көмектерің керек қасқыр жеті лақты жеп қоймақшы,құтқарыңдар! Балалар естідіңдерме лақтарға көмек керек екен көмектесеміз бе? Ертегі ханшайымы: Балалар егер сендер мен берген тапсырмаларды түгел орындап шықсаңдар жеті лақты қасқырдан құтқарасыңдар! Жеті лақты құтқаруға дайынсыңдар ма? Балалар алға қарай жүрсеңдер аңдардың ізі кездеседі сол ізбен жүре берсеңдер тапсырмалар кездеседі сол тапсырманы орындайсыңдар,келістік пе? 1-тапсырма. «Дидактикалық ойын» «Ертегі кейіпкерлерін өз орнына орналастыр» Балалардың алдына Шалқан,Бауырсақ,Үйшік ертегілеріндегі кейіпкерлердің суреттері беріледі,кейіпкерлерді дұрыс орналастыру керек. - Бұл қай ертегілер екен? Сергіту сәті: Қане,қане тұрайық, Кел билейік,ойнайық, Қоян болып секіріп, Аю болып қорбаңдап, Қасқыр болып ырылдап, Қу түлкідей қимылдап, Бойды жазып шынығып, Орнымызды табайық . 2-тапсырма Балалар кезектесіп мнемотаблица арқылы ертегі айтып берсін, қалған балалар тыңдасын – дейді. 3-тапсырма - Балалар, мында аю жылап отыр.Қалай ойлайсыңдар неге аю жылап отыр? Аюдың өзінен сұрап көрейік. Аю сен неге жылап отырсың? Аю:Мен үйшікті сындырып алдым. Аю сен жылама,біздің балалар саған үйшік жасауға көмектеседі. -Балалар аюға көмектесейік пе? - Олай болса қазір біз аюға әдемілеп тұрып үйшік жасап береміз. Балалар бұл аю қай ертегіден келіп отыр? Осы кезде ертегі ханшайымының дауысы естіледі. -Балалар сендер неткен мейірімді,ақылдысыңдар. Сендер өздеріңнің ақылдарыңның,білімдеріңнің арқасында жеті лақты қасқырдан құтқардыңдар.Мен де сендер сияқты мейірімді боламын,Ертегі әлемі сендерге ұнады ма? -Онда менің сендерге сыйлығым бар,ол ана қорапшаның ішінде, оны тек топтарыңа барып ашыңдар.Қолдарыңнан ұстап, көздеріңді жұмыңдар. -Балалар көздерін жұмып топқа келеді. |
Балалар бәрі кітапқа қарай үрлейді.
Иә тыңдайық. Балалар шеңбер бойымен отырып ертегі тыңдайды.
-Ия,көмектесеміз
-Дайынбыз
Ия,келістік Балалар ізбен жүру арқылы тапсырмаларды кездестіріп,орындайды.
Сергіту жаттығуын өлең жолдарын қайталай отырып ,қимыл-қозғалыспен жасайды
Балалар мнемотаблица арқылы «шұбар тауық» ертегісін тыңдайды.
Өйткені ол үйшікті сындырып алды.
Иә көмектесейік. Балалар үйшік құрастырады. «Үйшік» ертегісінен
Иә ұнады.
|
Рефлексия |
Балалар сендерге ертегілер әлемі ұнады ма? Ертегілер елінде қандай кейіпкерлер бар екен? Ол кейіпкерлердің барлығы жағымды ма,әлде жағымсыз кейіпкерлер ме? Олай болса балалар бүгінгі оқу қызметімізді қортындылау мақсатында мен сендерге жұмбақ жасырамын,мұқият тыңдаңдар. Жұмбақтар
Көрді өсіп қалғанын. Ары тартты, бері тартты, Тарта алмады ( Шалқан) Апасынан қашып кетті, Атасынан қашып кетті, Кездестіріп біраз аңды, Біраз жолдан асып кетті ( Бауырсақ) Қыт-қыттаған тауығы, Жұмыртқаны тауыпты. Ол жұмыртқа жай емес, Алтын болып шығыпты (Шұбар тауық) Аңдар бәрі жиналып Орманда бірге тұрыпты. Аю келіп қорбаңдап, Үйге сыймай бұзыпты . (Үйшік) Балалар қане қонақтармен қоштасайық. Сау болыңыздар! |
Иә бізге өте ұнады. Балалардың жауабы тыңдалады.
Балалар жұмбақтарды тыңдап,жауап береді. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі:Ертегілер мазмұнын.Ертегі кейіпкерлерін Игереді: Мнемокесте арқылы ертегі айтуды. Меңгереді:Мейірімділікті,қамқорлықты.