Білім беру саласы:Таным,Денсаулық,Қатынас.
Бөлімі: Математика негіздері.
Тақырыбы: « Ғажайып математика әлемі»
Мақсаты: Сандарды санау,салыстыру,геометриялық пішіндер туралы білімдерін бекіту,ойлау қабілеттерін,қиялын,есте сақтап түсіну,сұрақтарға толық жауап беру дағдысын қалыптастыру
Балалардың білімге деген қызығушылығын арттыру,бірлікке,
татулыққа тәрбиелеу.
Көрнекіліктер :Буратино,геометриялық пішіндер,үйшік,дайын тапсырмалар,
слайд,қарындаштар,тақтайшалар,қол шатыр.
Іс-әрекет кезеңдері |
Педагогтің іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық- ізденістік |
Балалар қараңдаршы,бізге қонақтар келіпті,қәне алдымен сәлемдесіп алайық.
Бәріміз енді тұрайық, Үлкен шеңбер құрайық, Жақсы-жақсы сөздерді, Қонақтарға сыйлайық! Табиғат біздің анамыз, Табиғатқа баламыз. Иіліп сәлем береміз, Біз әдепті баламыз.
Балалар бүгінгі күнімізді,куанышпен бастайық.
Балалар: қазір жылдың қандай мезгілі? Күздің қандай айы?
Бір жылда неше мезгіл бар,атап беріңдерші.
Осы кезде есік қағылады Балалар есік қағылған сияқты кім екен бұл?
Буратино:Саламатсыздар ма балалар. Буратино:Балалар осы жер « Ғажайып математика әлемі ме?» Жоқ, Буратино,бұл жер балабақша. Буратино:Балалар мен алтын кілтімді жоғалтып алдым,кім алып кеткенін білмеймін. Маған көмектесіңдерші. Мен « Ғажайып математика әлеміне» қалай барсам екен баратын жолды таба алмай адасып,осы топқа кіріп кетіппін. Маған баратын жолды көрсетіп жібересіңдер ме?
Еш уайымдама,Буратино. Қәне, балалар Буратиноға көмектесеміз бе? Олай болса балалар Буратиноны ертіп,жол көрсетіп, «Ғажайып математика әлеміне» бізде саяхатқа шығып қайтайық. Саяхатқа шығамыз ба?
Балалар, саяхат кезінде бізге әртүрлі қиындықтар кездеседі, Сол қиындықтарды бірге өтіп көрейік. Балалар қане енді жолға шығайық,Қол шатырдың астына келіңдер.
Балалар міне біз тоғайға келдік,қараңдаршы алдымызда алма ағашы өсіп тұр,ағашта көп алмалар бар екен,бұл алмалар жәй алмалар емес, ғажайып алмалар екен,бұнда тапсырмалар бар екен: 1.Тапсырма:Ағаштағы алмаларды санап шық 2.Тапсырма:Үлкен алмаларды қызыл ж/е кішілерін сары түспен боя.
Ой балалар алдымызда көлшік, одан қалай өтеміз,аяғымызды суға тигізбей,абайлап өту үшін не керек?
Тақтайшалар,тақтайшалардан өту үшін, тапсырма орындау керек.
1.Тапсырма:Неше тақтайшаға секірсең,сонша қыстырғыш қада Сергіту сәті: (бейнеролик)
Балалар алдымызда қараңдаршы, үйшік тұр Балалар үйшікті айналады. Үйшік қандай геометриялық пішіндерден салынған? Үйшік шарлармен безендірліп тұр. Шарларда тапсырмалар бар екен: 1Тапсырма:.Бірдей геометриялық пішіндерді бір-бірмен сызып қос. 2.тапсырма: Пішіндерді өз үйіне орналастыр. Қараңдаршы балалар: тағыда пішіндер жатыр. Бұл не екен? Буратиноның кілтін құрастыру. Дидактикалық ойын: «Топтап жина»
Құрастырып көреміз бе? Балалар құрастырады Алтын кілт болып шығады. Буратино:Алақай,алақай менің кілтім табылды Буратино алтын кілтімен үйшікті ашады оның ішінен сиқырлы қорап табады,қорапта балаларға арналған сыйлықтар болады.
Буратино. Балалар сендерге көп-көп рахмет . Сендер маған «Ғажайып математика әлеміне» баратын жолды көрсетіп алтын кілтімді табуға көмектестіндер,көптеген тапсырмалар орындадындар Буратино сыйлықтарын таратып кетіп қалды. |
Балалар шаттық шеңбер құрып амандасады. Қолдарыңдағы сйылықтарың табыс етеді.
Күз мезгілі. Қараша айы.
Төрт мезгіл. Күз,жаз,қыс,көктем.
Саламатсыз ба, Буратино
Иә,көмектесеміз
-Ия
Қол шатырдың астына барлығы жиналады.
Тапсырма орындайды Санайды,бояйды.
Балалар секіреді Тапсырмаларды орындайды
Музыка аркылы балалар қимыл-қозғалыс жасайды.
Балалар атайды.
Балалар тапсырманы орындайды.
Топтық жұмыс |
Рефлексиялық түзетушілік |
Балалар сендерге саяхат ұнады ма? Сендер саяхатқа қайда бардыңдар? Біздер кімге көмектестік ?
Өте жақсы балалар, Енді қол ұстасып балабақшаға қайтайық.Қол шатырдың астына келіңдер.
Қол ұстасып тұрайық. Шеңберді біз құрайық Көріскенше күн жақсы. Сау-саламат болайық. Сау болыңыздар! |
-Ия,ұнады
Математика ғажайып әлеміне. Буратиноға.
Өлен жолдарына сәйкес кимыл-қозғалыс жасайды. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Геометриялық пішіндерді,жыл мезілдерің
Игереді: 1ден 10ға дейінгі сандарды санайды.
Менгереді: Пішіндерді:ажырату,Сұрақтарға толық жауап беру.