Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Алтын күз келді далама" тақырыбында ересек "Гүлдәурен" тобында ертеңгілік өтті.

18.10.2021

Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград  ауданы бойынша білім   бөлімінің   жанындағы Жалғызқұдық ауылының  «Болашақ»  бөбекжайы    МКҚК.


 

Тақырыбы:«Алтын  күз келді,  бақшама!»

(ертеңгілік)

 

 

 

                                                   Өткізген :Жармуханбетова  Б.С.

 

                                               2021жыл

                                              

 

Мақсаты:балалардың  күз  мезгілі туралы  білімін,тапқырлығын,күз мерекесің  қыр-сырын меңгерту.Күзгі  еңбектін  және   табиғаты  сүйе  білуге қорғауға  үйрету.Эстетикалық  білімдерін  кеңейту.

Тақырыбы: «Алтын күз келді, бақшама!»
(Балалар ән ырғағымен залға кіріп, шеңбер бойында тұрады)
Жүргізуші: Береке бақ дарыған,
                      Жомарт көңіл, жарқын жүз,
                       Сары алтынға малынған,
                       Жетті міне, алтын күз!

- Сәлеметсіңдер ме, балалар! Бүгін біздің зал қандай әдемі, қаншама түрлі - түсті жапырақтарға толы. Балалар, бүгін бізде қандай мейрам?
Балалар: Күз мейрамы!

Жүргізуші:Күзде  ауа райы  қандай  болады  екен ?Күз мезгілінде  неше  айы  бар екен?Атап  беріндерші.

Балалар :Дала суық болады,жие-жие  жаңбыр  жауа бастайды.Күз мезгілінің  үш айы ол :қырқүйек,қазан,қараша.

Жүргізуші:Менің  сұрақтарыма  дұрыс  жауап  бердіңдер,жарайсындар!

Олай болса күз туралы тақпақтарын айтуға ортаға  (Қаусария,Самида,Султан,Дария,Назым,Қуаныш).

Жүргізуші:Ән салыңдар,күліндер,

                   Жайнап  гүлдей  жүріңдер .

                   Күздің  тойын тойлайық,

                   Би билейік ,ойнайық.

Ән: «Күз  тамаша».

Жүргізуші: Ой, балалар! Естіп тұрсыңдар ма? Жаңбыр жауайын деп тұрған сияқты. (Жаңбырдың даусымен залға бұлт кіреді).
Бұлт: Сәлеметсіңдер ме, балалар ,апайлар !

Жүргізуші:Сәлеметсіз бе  Бұлт !
Балалар: С
әлеметсіз бе!
Бұлт: Күзгі көк бұлт мен болам,
           Көтеріліп теңізден,
           Аспанға биік барамын,
           Қаласам қазір сендерге,
         Жаңбыр болып жауамын.
          (Балаларға жаңбыр шашады).
                   
Бұлт:Балалар  , сендер жаңбырдан қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Аяқтарыңды сулаймыз деп қорықпайсыңдар ма?
Балалар: Жоқ.
Бұлт: Қалай сендер барлықтарың батылсыңдар? Сендердің ойнағыларың келеді ғой, олай болса «Тамшылар мен жапырақтар» ойынын ойнаймыз.
(Кілем үстінде тамшылар мен жапырақтар шашылып жатады. Екі    бала шығып, бірінші себетке тамшыларды, екінші себетке жапырақтарды жинайды).
Бұлт: Балалар, сендер барлығың жылдам және шапшаң екенсіңдер.

   Жүргізуші:Бұлт   отырып   бізбен  бірге  балалардың  өнерлерін  тамашалыңыз.

     Жүргізуші: Бұлт, сенімен өте көңілді. Балалар сенімен ойнады, күлді, бірақ бізге әлі де біреу жетіспейтін сияқты. Бізде Күз ханшайымы   жоқ  екен. Қане, балалар, бәріміз мейрамымызға күзді қонаққа  шақырайық. (Балалар орындарына отырып, қолдарын шапалақтап, аяқтарың тыпырлатып, Күз ханшайымды шақырады). Күз келеді. : (әуенмен залға   Күз ханшайымы  кіреді).
Күз ханшайымы: сәлеметсіңдер ме балалар? Сендер мені шақырдыңдар ма ,достарым?
Балалар: Иә  шақырдық.

Күз  ханшайымы   : Салем  менің  достарым,

                                   Өмірге  көп қосқаным,

                                   Күз  сыйлығын  алыңдар

                                  Сыйлығына  қаныңдар.

                                  Молшылыққа  кенеліп,

                                   Шаттық  әнге  салыңдар.


 

Жүргізуші :Сәлеметсіз бе ,Күз  ханшайымы.Келгеніңіз қандай  жақсы  болды.

Күз ханшайымы:Ал мен  балалар    сендерге  құр  алақан  келген  жоқпын  әрине .Мен  сендерге  сыйлық  ала  келдім , ол  әрине    жемістер.Және  де  мен  сендермен   «Дәмін  көр   және  ата»  ойының   ойнағым  келіп  тұр..

(бала көзін жұмып  тұрып ,бір жеміс –жидектін немесе  көкөністін  дәмін көріп  ,атын атап беру   керек.Сол  жемісті  сипаттайды)

Күз ханшайымы:Өте  тамаша  ,жарайсындар  балалар !

Жүргізуші :Біздің  балалар  сізге  арнап  би ,ән  және  де  шумақтар  дайындап келген  болатын. . Ал енді  кезегімізді  шумақтарға  берейік.(Айгерім,Жоламан,Нүралі,Мухамедияр,Ислам,,Айлана)

Жүргізуші: « Күзгі   қиял »  биі,қошаметпен  қарсыалыңыздар.

Жүргізуші:Тереземнің  түбінде,

                    Тырсылдайды  тамшылар.

                     Бізге  қиял-ғажайып,

                     Табиғатқа  заң  шығар .

 «Тук-тук ,кап-кап»  әнің  қабыл алыңыздар.

Күз ханшайымы:Айналайын  балаларым  өнерлерін  көп  екен .Риза  болып  отырмын.Мен  қайтатын  кез  болды .Аман  есен  болыңдар.Еңбек етіп,ойнап-күліп,шырқап  әнге  салыңдар.(Әкелген  жемістерін  балаларға  таратып  береді).

Балалар:Рақмет  сізге  Күз  ханшайымы.

Жүргізуші:Тілегім аман  болсын ел  тірегі,

                    Алтын күз қайта  келді  берекесі.

                    Молшылықтың  жаршысы бола  білді,

                    Алтын  күз-ырыс,береке,бірлік ала келді .Осымен  біздің   «Алтын  күз келді ,бақшама!»  ертеңгілігімізді аяқтаймыз ,қош сау  болыңыздар !

 

  

 

 

 

Просмотров: 295


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст