«Ақмола обылысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы ЖАЛҒЫЗҚҰДЫҚ АУЫЛЫНЫҢ «БОЛАШАҚ» БӨБЕКЖАЙЫ» МКҚК
Эстафеталық ойындар
Тақырыбы: «Денің сау болу үшін не істеу керек»
Тәрбиеші: Мурат.А.Д
Амирова Г.Е
02.08.2021
«Денің сау болу үшін не істеу керек»
Эстафеталық жарыс Денің сау болу үшін не істеу керек
Жүргізуші: Құрметті балдырғандар, спортшылар! Сіздерді «Денің сау болу үшін не істеу керек» атты эстафеталық жарысқа қатысуға шақырамыз! Сіздерге зор ден - саулық «жарыста» сәттілік тілейміз. Ортаға жарысқа түсетін үш топты шақырамыз: №1топ -«Тұлпар» командасы
№2топ -«Жеңіс» командасы
№3топ -«Қыран» командасы
Командалар сәлемдесуі.
«Тұлпар»командасынан жалынды сәлем.
«Жеңіс»командасынан жалынды сәлем!
«Қыран»командасынан жалынды сәлем!
Жүргізуші: Міне, балалар шықты алаңға, Жас спортшылар жеке - жеке команда.
Ал, балалар өздеріңді танытыңдар,
Ептілік, мықтылық, батылдық көрсетіп табанда!
Тақпақ: Дене шынықтыру керек бәрімізге!
Дариға: Жаттығу ырғағы қосылады әніме
Дене шынықтыру жалқаулыққа жол бермей,
Ауру сырқауды жолатпайды тәнімізге!
Ал, қанекей бір - бірімізді қостаймыз,
Бүгінгі жарысымызды бастаймыз.
«Жеңіске»жетеміз деп
Жалынды ұран тастаймыз.
Жүргізуші: «Алақай»деген ұранды ортаға біз тастаймыз.
Жарысымызды денені қыздырудан бастаймыз.
Эстафета 5этаптан тұрады: 1 - этап «Кім жылдам?»
«Көкөніс отырғызу және жинау» эстафетасы.
«Екі команда бір-бірінің артына сапқа тұрады. Әр команда қарсы 5 «шұңқыр ұя» орналасқан. Алғашқы екі қатысушы шелегіндегі «көкөністерін» сол «шұңқыр ұяларға» салып кетіп 15 м қашықтықта тұрған манежді айналып келіп, қайтарында «шұңқыр ұядағы» көкөністерін жинап ала келеді. Қайтып келісімен шелегін келесі қатысушыға тапсырады. Ең аз уақыт мөлшері бойынша жеңімпаз. Команда құрамы 10 адам. (5 ұл+5 қыз).
2 - этап: «Жалауды тез жеткізу»
Шарты: Кеглиді айналып жүріп, жалаушаны 2 - балаға жеткізу
3 - этап: «Жүйрік ат»
Шарты: Шарды екі аяғына қысып секіру
4этап: «Шебер»
Шарты: бірінші бала допты шеңберге қою, екінші бала допты алып келу.
5 - этап: «Жаңа орын»
Шарты: бірінші бала айналып жүгіреді, екінші баланың қолынан ұстап, орындыққа отырғызады.
Жүргізуші: Бүгін міне, оң болып әр ісіміз,
Жоғары боп күш жігер намысымыз.
Осылайша қуанышпен думандатып,
Аяқталды халайық жарысымыз