Тақырыбы : "Дені сау -жас ұрпақ" спорттық сайысы
Мақсаты :
1. Балалардың денсаулығын, белсенділігін нығайту, ептіліктерін, шапшаңдықтарын, батылдықтарын, күштіліктерін байқау.
2. Спортқа деген сүйіспеншіліктерін арттыру.
3. Салауатты өмір салтын насихаттау.
Түрі: Эстафеталық жарыс
Өтілетін орны: Балабақша алаңы
Керекті құралдар : Кеглилер , боулинг доптары , жалаушалар , доптар ,арқан .
Барысы :
Тәрбиеші : Құрметті қонақтар , ұстаздар және бүлдіршіндер ! Бүгінгі "Болашақ " бөбекжайының "Дені сау-жас ұрпақ" атты спорттық сайысына қош келдіңіздер !
Әр таңды бақытпен атырамыз ,
Өнерді ой көгінде бақылаңыз .
Сайысқа қатысуға енді ортаға ,
"Тұлпар" , "Қыран" топтарын шақырамыз .
Енді сайыс кезеңдерімен таныс болыңыздар .
1.Кенгуру
2.Кім жылдам?
3.Боулинг
4. Допты шеңберге лақтыр
5.Арқан тартыс
1 . Топ ұраны .
"Тұлпар" тобы
Желмен бірге жарысқан
Тұлпар қалмас жарыстан .
"Қыран " тобы
Қырандай күшті қанатты
Біз өрендер талапты
Жүргізуші:
Ойнайық, ойнайық та ойлайық!
Қатардан артта қалып қоймайық,
Белсенді болайық ортада,
Уақытты тектен - тек жоймайық!
Олай болса, сайысымызды бастайық!
1 - тур: «Кенгуру»
Ойынның шарты: Топ мүшелері үлкен резеңке доптың үстіне отырып кедергі арасымен айнала секіре өтіп, кері айналып қайту.
2-тур . «Кім жылдам ?»
Шарты : Балалар белгіленген дөңгелектің ішінен жалаушаны алып жүгіріп қайтады, жалаушаны келесі балаға береді ол барып қайтадан салады ,осылай жалғаса береді.
3-тур . «Боулинг» .
Шарты : Балалар қатар қойылған кеглилерді құлатуы қажет .
4- тур: «Допты шеңберге лақтыру»
Шарты: Әр команда 2м ара қашықтықта ортада орналасқан шеңбердің ішіне допты лақтырулары керек.
5-тур . « Арқан тартыс» .
Шарты : Екі топ балалары арқан тартысады
Осымен сайысымызды аяқтаймыз! Қатысқандарыңызға көп-көп рахмет!