23.10.2025
"Менің Отаным-Қазақстан!"
Балалар зал музыка әуенімен кіреді. Қолдарында жалауша, гүл, шарлар ұстап шығады. Би қимылдарын орындайды.
Мақсаты: Балалардың Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, патриоттық сезімге тәрбиелеу. Қазақстан Республикасының рәміздері мен мерекелерін танып білуге үйрету. Ән айту, би билеу, көрініс ойнау арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту.
Жүргізуші: - Құрметті қонақтар, кішкентай бүлдіршіндер және бөбекжай ұжымы! Баршаңызды 25 қазан Республика күні Ұлттық мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Отбасылық бақыт, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс, мерекелік шат көңіл тілейміз.
Ведущий: -Дорогие ребята, уважаемые гости ! Мы сегодня собрались в этом зале, чтобы отметить День Республики Казахстан. Праздник посвященный Дню Республики
Жүргізуші: Құттықтау сөзі «Болашақ» бөбекжай меңгерушісі Машрапова Алия Калламановнаға беріледі.
Бақыт бірлік күн талабы,
Тоқтамайды дүбір әні.
Мәңгі бақи шырқалады,
Республика Гимні!
ҚР. Гимні орындалады.
Балалар Гимнді орындап болғаннан кейін отырады.
Ақжайық, Алтай арасы
Қазақтың шалқар даласы
Республикама қарашы!
Жерімнің дәні маржандай
Қырманы асқар таулардай
Республикама қарашы!
Шолсаң да биік аспаннан
Қарқырар кені тастардан
Республикама қарашы!
Шырқаған сайын тірегі
Республикама қарашы!
Республикамызда 130-дан аса ұлт өкілдері тұратын, осынау қасиетті мекенде, дархан даласы дастархандай жайылған асқақтаған өлкеде, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.
Ия Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Республика күні елдің мемлекет құру жолындағы тарихи қадамының символы болуы керек екенін атап айтты.
Ведущий: Родина - это самое важное, дорогое всеми любимое слово. У каждого человека есть своя Родина.
Ребята, а что мы зовем Родиной?
Дом где мы с тобой растем
И березки вдоль которых
Взявшись за руки идем.
Жүргізуші: Сән - салтанат жасайық,
Күйсандықты ашайық.
Бұл мереке, бұл тойға,
Бимен шашу шашайық – деп ортаға
«Күншуақ» кіші топ бүлдіршіндерінің биін тамашалаңыздар!
Ведущий: Что мы Родиной зовем? Дети: (все вместе) Край где мы с тобой живем! Ведущий: Правильно дети, под словом Родина мы понимаем и наш любимый детский сад, свою семью, свою прекрасное село, всю нашу республику Казакстан.
Жүргізуші: Сендердің Отандарың, қасиетті мекендерің қай Республика?
Балалар: - Қазақстан Республикасы.
Жүргізуші- Президентіміз кім?
Балалар: - Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев.
Жүргізуші: -Қазақстан Республикасының рәміздерін білесіңдер ме?
Балалар: - Ашық аспандай көгілдір туымыз бар,
-Мағыналы ән ұранымыз бар,
-Қасиетті бой тұмар елтаңбамыз бар.
Жүргізуші: - Сендер осы елдің бақытты ұл – қыздарысыңдар! Өте жақсы.
Ведущий: Кто из вас назовет государственные символы нашей страны? (герб- елтанба, флаг-ту, гимн әнуран).
Мой Казахстан - ты независим
И над страною вьется флаг
Орел парит свободно в выси
Знак мира, дружбы и добра.
Жүргізуші: -Отаным менің Қазақстан
Атыңнан сенің айналам
Бас иіп саған өтемін
Жасай бер жаса Қазақстан.
Қарсы алайық «Ақжелкен» ортаңғы тобын бүлдіршіндерін
Ән. «Менің Отаным»
Би: «Көк байрағым»
Жүргізуші: -Отаным менің - Қазақстан,
Ыстық қой сенің топырағын.
Орманын, көлін, бау-бағын,
Қастерлеген қазағым
«Гүлдәурен» ересек тобының орындауында,
Ән: «Біз Отанның бөбегі» қабыл алыңыздар.
Тақпақ
Би: «Жаса Қазақстан»
Жүргізуші: -Отаным менің Қазақстан
Мәңгілік сенімен мақтанам
Саяңда жүрсем әрдайым
Күлімдеп жүрем бақ табам.
Ведущий: Мой Казахстан - мой дом родной
Мне все в нем мило и пригоже .
Мой Казахстан - мой край степной
И нет мне Родины дороже..
«Капелька» ересек тобы
Песня: «Мой Казахстан»
Стихи
Танец: «Народ Казахстан»
Жүргізуші: - Қасиетті Қазақстан мекенім,
Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.
Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,
Болашағым, өнер - білім, өркенім.-
«Қарлығаш» мектепке даярлық тобының орындауында,
«Тәуелсіздік» әні шырқалады
Оркестр қыздар: «Текемет» биі
Тақпақ
Ұлдар: «Бәйге» биі
Жүргізуші: - Балалар, халқымыздың батыр ұлы Бауыржан Момышұлы айтқан екен: «Отан үшін отқа түс, күймейсің»,- деп. Басқа да батыр ағаларымыз, апаларымыз «Отан» деп жырлаған, қорғаған, қастерлеген және Отан үшін өмірлерін қиған екен.
Біз де осы ата - апаларымыз сияқты Отанымызды қорғауымыз керек. Отан үшін еңбек ету керек. Сендердің еңбектерің – сендердің жақсы тәртіпті бала болғандарың.
Ведущий:
Здесь все народы, как одна семья
Мой Казахстан, Республика моя!
Как повезло тебе и мне
Мы родились в такой стране
Где люди все - одна семья
Куда не глянь - везде друзья.
Ты цвети Казахстан - расцветай
Наш любимый и солнечный край.
В этот день поздравляем тебя
Будь отрадна родная земля!
Мы живем в стране особой
Самой дружной самой доброй
Мы гордимся ею
Родиной своею!
Жүргізуші: -Осындай шағын ертеңгілікпен мерекемізді аяқтай отырып, бүкіл дүниежүзіне бейбітшілік тілейміз, аспанымыз ашық, заманымыз тыныш болсын - дейміз! Келесіде кездескенше!!!!
Ведущий:
Мой Казахстан- Республика моя
На Приишимье солнце полыхает
Пусть краше расцветает вся земля
Мой Казахстан- Республика моя!
Счастья, удачи и здоровья!