Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Көктем кереметі

17.04.2025

Күні: 16.04.2025

Топ: Ортаңғы топ

Ұйымдастырылған іс-әрекет: Кіріктірілген іс-әрекет

Тақырыбы: «Көктем кереметі»

Мақсаты: : Жеке және жұптық жұмыс арқылы балаларды шапшаңдыққа баулу,сонымен қатар ойлау қабілетін,сөйлеу дағдыларын дамыту.Көктем мезгілінің ерекшеліктері мен өзгерістерін бақылау арқылы тілдерін дамыту, табиғатты аялауға, табиғаттың әсемдігін, сұлулығын көре, сезе білуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: көктем көрінісі бейнеленген суреттер, геометриялық пішіндер, сандар, құстардың суреттері,ұяның суреттері

Әдісі:  түсіндіру, әңгімелеу, дидактикалық ойын,қимылды ойын, сұрақ- жауап.

Тәрбиеші:Балалар, қараңдаршы жарқырап күн шығып тұр, бізге шуағын шашып тұр.
Қандай шуақты ерекше күн! Және де бізге көп қонақтар келіп отыр екен амандасып алайық.

Шаттық шеңбері:

Біздің топта ұл-қыздар,

Тату-тәтті ойнаймыз.

Сыйластықпен өмір сүріп,

Тек жақсылық ойлаймыз.

Амансың ба, алтын күн!

Амансың ба, көк аспан!

Амансың ба, достарым!

Амансыз ба, қонақтар!

Тәрбиеші: Балалар, қазір жылдың қай мезгілі?

Балалар: Көктем мезгілі.

Тәрбиеші: Иә, дұрыс айтасыңдар, көктем мезгілі. Ал, көктемде неше ай бар, қазір қай ай?

Балалар: 3 ай бар,сәуір

Тәрбиеші: Көктемде табиғатта қандай өзгерістер болады?

Балалар:Көктем мезгілінде күн жылынады.

Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар,көктемде күн жылынады күн шуағын мол шашады ,сол себепті қар еріп, жылғалардан су ағады. Туған жерге құстар ұшып келеді.
Ғажайып сәт: Балалар бүгін мен балабақшаға келсем топта қорап тұр екен ,бұл жай қорап емес ғажайып қорап екен.Қане бәріміз бірге ашып көрейік.

Тәрбиеші:Балалар қорапта хат бар екен .


 

Хат
Сәлеметсіңдер ме, балалар.Балалар мен көктем ханшайымы боламын.Мен сендердің көктем туралы білімдеріңді тексеріп көрейін деп сендерге тапсырмалар беріп жібердім.Егерде тапсырмаларды дұрыс орындасаңдар сыйлық алатын боласыңдар.Сендерге сәттілік.

Сәлеммен көктем ханшайымы.

1.«Бұлт»

Бұлтты жапсыру.

2. «Кемпірқосақ»

Алдын-ала дайындалып ,жапсырылып қойған түтікшелерден түрлі-түсті бауларды өткізу арқылы кемпірқосақтың бейнесін шығарады.

Сергіту сәті:: Қимылды ойын: «Ою-өрнектер»

3. «Ағаштар» (құрастыру,математика негіздері)

Балалар ағаштарға құстарды қондырады қанша құсты қондырғандарын санап айтады.

4. «Құстар»

Балалар құстарға арнап ұя құрастырады

5. «Күннің көзі»

Көңілсіз тұрған күннің көзіне балалар шуақтарын қысқыш арқылы жабыстырады.

Қортынды:Балаларға сұрақтар қойылады ,балалар суретке қарап жауап береді. Сол арқылы іс-әрекетімізді қортындылаймыз.

Тәрбиеші:1.Хатты бізге кім беріп жіберді?

2.Көктемде ең бірінші келетін қандай құс?

3.Көктемде ауа райы қандай болады?

Балалар: Көктем ханшайымы,қарлығаш.жылы

Тәрбиеші:Балалар сендерге тапсырмалар ұнады ма?Көңілді болды ма?

Балалар :балалардың жауабы

Тәрбиеші: Іс-әрекетіміздің қалай өткенін білу үшін алдарыңда тұрған күннің көзін көрсете қойыңдар.Егер күннің көзі шуағын төгіп тұрса іс-әрекетіміз тамаша өткен және сендерге ұнаған деп есептейміз.

Балалар көктем ханшайымының тапсырмаларын толық орындадыңдар!

Жарайсыңдар ,сау болыңдар!

 

 



 

Просмотров: 246


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст