Күні: 17.04.2025ж
Тәрбиеші: Хасенова А.У
Білім беру саласы: «Таным», «Қатынас». «Шығармашылық”, “Әлеуметтік орта”
Білім көздері: Қарапайым математикалық ұғымдар. Көркем әдебиет. Сөйлеуді дамыту. Құрастыру. Сурет Сауат ашу негіздері.
Тақырыбы: Тақырыбы: «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары».
Мақсаты: жыл бойы өткен материалдарды болжамдау және бекіту.
Міндеттері:
а) білімділік:
— Баланың оқу жылында алған білімін тиянақтау;
— Жыл мезгілдерін ажырата білуге үйрету.
ә) тәрбиелік:
— Ойынның шартын сақтап ойнауға, ұйымшыл, көпшіл, шыдамды, сабырлы, шапшаң болуға тәрбиелеу;
— Дербестікті тәрбиелеу.
Түзету-дамытушылық:Балалардың байланыстырып сөйлеуін, көркемдік талғамын, шығармашылық қабілетін арттыру, түзету тапсырмалар арқылы дыбысты айту, ұсақ саусақ моторика қабілеттерін дамыту,баланың логикалық ойлау қабілетін дамыту, тапқырлығын арттыру.
Түзету-тәрбиелік: Ұжыммен бірлесіп әрекет жасауға тәрбиелеу, құрмет сезімдерін тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілі:көрсету, түсіндіру, сұрақ-жауап, сергіту сәті, ғажайып сәт, әңгімелесу.
Көрнекі–құралдар: Көрнекі суреттер,
Сабақтың барысы:
Мотивациялық-қозғаушылық.
Балалар музыкамен залға кіреді. Жарты шеңберге тұрады.
Тәрбиеші:
- Сәлеметсіңдерме, балалар . Көңіл күйлерің қалай?
- Балалар жақсы .
-Тәрбиеші: Тамаша. Ендеше көңіл күйлерің тамаша болса, бүгінгі күнімізге сәттілік тілеп , күніміз жарқырап атсын десек осы жақсы көңіл күйімізбен амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Көтеріліп шаңырақ
Уықтары шаншылар,
Керегелер керіліп.
Өрімдей боп өрілер,
Бәріміз жүрсек айналып,
Киіз үй болып көрінер.
Жарайсыңдар,балалар.
- Тәрбиеші:Балалар қараңдаршы бүгін біздің күніміз мұңайып тұр екен? Күніміздің көңіл күйі сендердікіндей емес екен.
Ендеше балалар күнімізді жарқыратып жіберейікші.
Күнді жарқырату үшін жақсы жылы сөздер айтып шуақтарын орналастырайық.
-Тәрбиеші:Күн сен өте әдемісің?
-Балалар: Күн сен өте ақылдысың..
-Тәрбиеші: Біздің мұңайып тұрған күніміздің шуақтарын сендердің жылы лебіздеріңізбен жарқырай түсті. Қараңыздаршы күніміз не істеп тұр? Сендерге қарап күлімдеп тұр. Рахмет айтып жатыр.
Тәрбиеші: Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Көктем мезгілінде неше ай бар? Айларды атап берейікші? Жарайсыңдар. Ал балалар біздер қандай елде тұрамыз ? Ұлтымыз кім? Қандай тілде сөйлейміз? Туымыздың түсі қандай? Ортасында не бейнеленген? Жарайсыңдар балалар ендеше менің қолымдағы “Ғажайып дорбадан” қолдарыңды салып суреттер алыңдар.(балалардың жауаптары) Осы суреттер бойынша барлықтарымыз өз орнымызға барып тапсырмаларымызды орындайық.
1 тапсырма : Торсық (дыбыстарға талдау жасау)
2 тапсырма : Домбыра «Киіз үй құрастыру»
Шарты: Бөліктерге бөлінген суреттерден киіз үй құрастыру.
3 тапсырма : Дыбыстарды сурет арқылы табу және ою-өрнектерді атап беру
Тәрбиеші: Ал балалар осы тапсырмаларды орындауымыз қажет.
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар, балалар! Тапсырманы орындадық.
Тәрбиеші: Енді балалар басқа тапсырманы орындамас бұрын Сергіту сәтін жасап алайық. Тамаша жарайсыңдар.
4 тапсырма Сергіту сәті (Музыка ырғағымен )
5 тапсырма Тәрбиеші: Жарайсыңдар балалар енді біздер мына дөңгелек үстелде сендерге тапсырма берілген сол тапсырмаларды жеке - жеке орындаймыз.
Тәрбиеші: — Жарайсыңдар балалар. Ал біз барлық тапсырманы орындадық
Балалар мына асықтарды лақтыру арқылы түстерін ажыратып тапсырмаларын орындаймыз.
Балалар: Сау болыңыз.
Күтілетін нәтиже:
Нені білу керек: дыбыстардың айырмашылығын, буынға бөлуді, асықпай сөйлеуді.
Нені игереді: Дамытушы ойындар арқылы ой қабілеттерін дамыту. Сандарды ажыратуды, , сұрақтарға дұрыс жауап беруді білу керек.
Нені меңгерді: суреттер бойынша дыбыстарды ажыратуға үйрету.