Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ата-аналарға аутизм туралы не білу керек?

02.04.2021

Аутизм синдромы: Қазақстанда не себепті аутист балалар көбейіп кетті?

 

Оның баласына аутизм диагнозы қойылды» деген сөзді соңғы кезде таныстарыңыздан қаншалықты жиі естіп жүрсіз? Бұрын тек ақпараттан еститін медициналық терминді енді өз көзімізбен көріп, бұл дерттің Қазақстанда да етек алғанын байқап жүрміз. 

АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталықтары (CDC) деректері бойынша, дүниежүзінде әрбір 59-шы бала – аутист. Қазақстандағы психологиялық-медициналық-педагогикалық консультация (ПМПК) қызметiнің дерегі бойынша Қазақстанда мұндай балалардың саны – 3820. Ал ҚР Денсаулық сақтау министрлігі республикада АСБ (аутизмдік спектр бұзылулары) диагнозымен 3204 науқастың есепте тұрғанын жақында жариялады.

Бейресми статистикаға сенсек, жағдай бұдан да күрделі. Орегон мемлекеттік университетінің (АҚШ) аутизм институты директоры Эрик Фон Бонның сараптамалық бағалауы бойынша, Қазақстанда 59 000 балада аутизм белгілері бар.

Не себепті бұл дерт Қазақстанда тез тарап кетті? Аутизмнен емделуге бола ма? Елімізде «ерекше балаларға» қандай жағдай жасалған? Azattyq Rýhy тілшісі осы сұрақтарға жауап іздеп көрген еді.  

АУТИЗМ ДЕГЕНІМІЗ НЕ?

Республикалық психикалық денсаулық ғылыми-практикалық орталығының ақпаратына сәйкес, аутизмдік спектр бұзылулары (АСБ) – өзара әлеуметтік әрекеттесу және қоғамдық байланысты бастау мен қолдау қабілетінің тұрақты тапшылығымен, сондай-ақ шектеулі қызығушылықтармен, жиі қайталанатын мінез-құлық әрекеттерімен сипатталатын жалпы даму бұзылысы (WHO).

10-шы қайта қаралымдағы Аурулардың халықаралық жіктеуіші бойынша АСБ «Психологиялық дамудың жалпы бұзылулары» айдарына кіреді және F 84.0 – 84.5 диагноздарын қамтиды (балалар аутизмі; атиптік аутизм; Ретта синдромы; балалық шақтағы басқа дезинтегративтік бұзылулар; ақыл-естің артта қалуымен және стереотиптік қимыл-қозғалыстармен үйлесетін гипербелсенді бұзылу).

СОҢҒЫ 5 ЖЫЛДА АУТИСТ БАЛАЛАР САНЫ ЕЛІМІЗДЕ 2,6 ЕСЕГЕ АРТТЫ

Денсаулық сақтау вице-министрі Ажар Ғиният Azattyq Rýhy тілшісіне берген сұхбатында:

«2015 жылдың соңында АСБ есебінде 1027 науқас болса, 2019 жылдың соңына қарай бұл көрсеткіш 2759-ға жетті. Осылайша, АСБ есебінде тұрғандардың саны 2015 жылдан 2019 жылға дейін 2,6 есе көбейді», - деді.

Вице-министрдің айтуынша, қазір Қазақстанда «Аутизм» клиникалық хаттамасы (бұдан ары – КХ) қолданылып келеді. Хаттамада науқастардың жас санаты балалар деп айқындалған. Осылайша, АСБ диагнозы 18 жасқа дейінгі науқастарға қойылады.

НЕ СЕБЕПТІ АУТИЗМГЕ ҰЛ БАЛАЛАР ЖИІ ШАЛДЫҒАДЫ?

Аутизм диагнозы қыз балаларға қарағанда ер балаларға 5 есе жиі қойылады. Мұның себебін ғалымдар әлі нақты анықтаған жоқ. Нұр-Сұлтан қаласының тұрғыны Гүлжім Құлахмет ұлына алғаш рет ауыр диагноз қойғанда, «дүниенің астаң-кестеңі шыққандай болды» дейді.

«Дәрігерлер ұлыма ЗПРР диагнозын қойды. Интернетті ақтарып, ұлымның бойында АСБ белгілері бар екенін түсіндім. Негізі, әр балада әртүрлі. Менің ұлымда өзгерістер 1,5 жастан кейін басталды. Егуден кейін, балам сөйлеуді мүлдем қойды. Өз уақытымен дамып, уақытында отырып, стандартқа сай өсіп келе жатқан еді. 1,5 жасына дейін «мама, папа, бер» сияқты сөздерді айтатын»,- деп еске алады ол.

АУТИЗМНЕН ЖАЗЫЛУҒА БОЛА МА?

Ауру бір ғасырдан астам уақыттан бері белгілі, бірақ доктор Лео Каннер аурудың белгілерін тек 1943 жылы сипаттаған. Дәл осы жылы аутизм бірқатар белгісі бойынша шизофрениядан бөлінді.

Қазақстандағы және әлемдегі үздік мамандар, ғалымдар аутизмнен жазылу мүмкін емес екенін айтады. Алайда, оның белгілерімен күресіп, балаға кең тараған америкалық АВА терапиясы аясында «көмек көрсетуге», қоғамға бейімдеуге әбден болады. Ғалымдардың тұжырымы бойынша аутизмге шалдыққан балалардың әрқайсы басқа адамдар сияқты еңбекпен шұғылданып, бақытты өмір сүре алады. Тіпті, «аутимзді» ауру емес, ерекшелік деп сипаттайды.  

Баласына ЗПРР диагнозы қойылған Гүлжім баланың қоршаған ортаға бейімделуі ең әуелі ата-анасына байланысты екенін айтады.

«Білесіз бе, балаға ананың депрессиясы, үйдегі отбасылық жағдайы 100% әсер етеді. Қазір ХХІ ғасыр. Интернетте ақпарат көп. Көмегін беретін дәрігерлер де жоқ емес. Алайда, баланы жазып алғыңыз келсе, өзіңізден бастаңыз. Қазір ұлым жаза алады, сөйлейді. Ең әуелі Аллаға, одан кейін қолдап, түсінген жолдасым мен мамандарға алғысым шексіз. Аутизм диагнозы қойылған әр баланың ата-анасына айтарым, сеніңіз. Күнде жаттығуымен айналысыңыз. Алладан тілеңіз. Сіз мықтысыз! Бұл сынақ жайдан-жай берілген жоқ. Балаңыз сөйлейді, жазылады!», - деп сендірді Гүлжім. 

АУТИЗМ ТУРАЛЫ ЗЕРТТЕУЛЕРДЕН АЛЫНҒАН ДЕРЕКТЕР:

  • Аутизм әлемдегі барлық нәсілдер мен этникалық топтарда кездеседі.
  • Аутистикалық ауруы бар балалардың барлығында IQ деңгейі орташа деңгейден төмен, жартысына жуығы (44%) орташа немесе, тіпті, орташа деңгейден жоғары.
  • Аутизм белгілері бар көптеген адамның ақыл-ой деңгейі қалыпты немесе орташа деңгейден жоғары болса да, жұмысқа орналасуы өте қиын.
  • Аутизмнің дамуына қандай геннің және қалай ықпал ететінін дәл анықтау мүмкін емес, бірақ ғылымда генетика мен аутизм арасында берік байланыс бар екені дәлелденген.
  • Ғалымдар нақты дәлелдемегенімен, қыз балаларда ауру белгілері ұлдарға қарағанда басқаша көрінуі мүмкін деп болжайды. Яғни, қыздарда ауру айқын көрінбейді және диагноз қою қиын.
  • АСП бар балалардың көпшілігіне мектепке дейінгі жасқа дейін диагноз қою мүмкін болмаса да, белгілері 6 айлық кезінен бастап білінеді.
  • Аутизм спектрі бұзылған адамдар отбасы мен қоғамның қолдауымен бақытты өмір сүре алады.
  • 16-шы хромосоманың мутациясы аутизммен байланысты. Қазіргі уақытта аутизмді анықтаудың ғылыми әдістері жоқ. Диагноз науқастың мінез-құлық реакцияларына негізделген.
  • Зерттеу көрсеткендей, жауын-шашын мөлшері жоғары аудандарда аутист балалар жиі туылады.
  • Соңғы онжылдықта әлемде аутизмді емдеу құны 200 - 400 миллиард доллар аралығын құрады.
  • Әлемде 67 миллионға жуық адамда аутизм белгілері бар.  
  • 40 жастан асқан ер адамдардан туған балаларда АСП 6 есе жиі кездеседі. Аналық жасы аутизмге аз әсер етеді.
  • Аутизм белгілері бар адамға қарым-қатынас орнату қиын, алайда бұл сүйікті ісін тауып, шұғылдануға еш кедергі емес.

 

 

 

Просмотров: 304


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст