Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

"Қош келдің ,әз-Наурыз!"

25.03.2021

Бөбекжайда Наурыз мерекесі алдында ертеңгіліктер болып өтті. Ертеңгіліктер топтың ішінде барлық карантин кезіндегі санитарлық нормаларды орындаумен және қашықтықты сақтаумен топ тәрбиешілері мен олардың көмекшіліерінің ғана қатысуымен өткізілді.Ертеңгілік мақсаты:Халқымыздың салт-дәстүрін ,әдет-ғұрпын үйрете отырып Наурыз қазақтың ұлттық мейрамы екенін түсіндіру.Салт-дәстүрімізді білуге ,оны құрметтеуге  тәрбиелеу.Көктемде келетін мерекенің ерекшелігін көрсету,ұлттық өнермен ,киімдермен таныстыру және балалардың көңіл-күйін көтеру.Балалар ән айтты,мерекеге арналған тақпақтарын айтып,ұлттық ойындар ойнады.Тәрбиешілер салт-дәстүрлермен таныстырып,көрсетілімдер қойды.Балаларды ұлттық тағамдармен таныстырып, дәмге шақырып наурыз-көжеден дәм татты.Ертеңгіліктер жоғары деңгейде өтті.Балалар көтеріңкі күйде би биледі.Барлық бала ұлттық киімде болды.

Просмотров: 243


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст