Қош келдің, Жаңа жыл
Балалар залға музыка әуенімен қол соғып кіреді.
Жүргізуші: Армысыздар ата аналар, балабақша қызметкерлері және балалар.Сіздерді келе жатқан жаңа жылдарыңызбен құттықтаймыз. Отбасыларыңызға амандық, денсаулық, бақыт тілейміз.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды
Жаңа жылмен құттықтаймын деген үн
Қанаттана кең алқапқа тарайды.
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағылған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көптен күткен сағынған,
Енжарлықты тастайық,
Шырша тойын бастайық
Жүргізуші: Балалар бүгін бізде қандай мереке? Жаңа жылда бізге кімдер келеді?
Балалар: Жаңа жыл ! Аяз -ата мен ақшақар!
Жүргізуші: Шыршамызда шамырақтар жағылмай тұр. Балалар, біз одан жаңа жылдық шамшырақтарды жағуын өтінейік. «Әсем шырша, күлімде! Әсем шырша, жан!» /шырша жанады/. Шыршамыз жаңды, енді балалар сендердің шыршаға ән айтуларың керек ия.
«Шыршаға бардық»
/Әуен дауысы шығады. Қызыл бөрікті қыз залға кіреді де, шыршаны айналып өтеді/
Қызыл бөрікті қыз:
-Пах, қандай әсем шырша.Балалар да соншалықты көп жиналып қалыпты. Сәлеметсіңдер ме,балалар! Сендер мені таныдыңдар ма? Мен апама бара жатырмын, оған бәліштермнен дәм татқызып келейін. Жарайды, мен кеттім /шыршаны айналып өтеді/. Жолдан адасып қалған сияқтымын, тоңып та қалдым.
Жүргізуші: Ұлпа қарлар көкке ұшып, би билегісі келгендіктен, сен тоңып қалдың. Ұлпа қарлар шығып, біраз би билендер.
Би «Ақшақарлар»биі
Қызыл бөрікті қыз: Барлық жолдарды сыпырып тастадыңдар, мен енді қалай ғана апамның үйіне жетемін? Сонымен қатар мүлдем тоңып та қалдым.
Жүргізуші: Сен біздің балалармен ойнасан жылынып та қаласың.
Ойын « Ұлпа қар жинау»
Қызыл бөрікті қыз: Бойым жылынып қалды, енді мен тоңбаймын /шыршаны айналып өтеді, шырша түбінде орман аңдары отырады/
Қызыл бөрікті қыз: Ой, мен қорқамын. Шырша түбінде отырған кім болды екен?
Жүргізуші: Қорықпа, Қызыл бөрікті қыз, бұл қайырымды аңдар . Тиіспейді біздерге.
Қызыл бөрікті қыз: Сендерде кеш қандай көңілді өтіп жатыр, барлықтарың да сондай әсем киімдер киіп, сәнденіп кеткен екенсіңдер. Қанекей, менің достарым шыршаның маңына келіп тұра қалыңдар, бәріміз ән айтайық.
Ән «Жаңа жыл »
Жүргізуші:Қызыл бөрікті қыз ән салып, апасына келе жатыр. Ал бұтақтардың арасыңдағы шатқалда қасқыр отыр.
Қасқыр: Сәлеметсің бе, Қызыл бөрікті қыз! Қайда асығып барасың?
Қызыл бөрікті қыз: Сәлеметсің бе, қасқыр! Апама бәліш алып бара жатырмын.
Қасқыр: Қанекей қызыл бөрікті қыз, оған жылдам бара ғой, ол сені күтіп отыр. Мен бұл қызды алдап соғайын, шеттеу жерде креслоға барып отырайын. Апа киімін киіп, шұлық тоқи бастайын.
Қызыл бөрікті қыз: Міне, апама да келіп жеттім, тезірек есік қағайын. /есік қағады/
Қасқыр: Жіпшені сілкісен, есік ашылады.
Қызыл бөрікті қыз: Апа,апа неге сенің қолдарың сондай үлкен?
Қасқыр: Сені құшағыма қаттырақ құшу үшін.
Қызыл бөрікті қыз: Апа, апа неге сенің құлақтарың ұзын?
Қасқыр: Сені жақсы есту үшін.
Қызыл бөрікті қыз: Апа, апа неге сенің тістерің сондай үлкен?
Қасқыр: Бұл сені тезірек жеп қою үшін.
/Қызыл бөрікті қыз қаша жөнеледі, ал қасқыр оны қуып жетеді,бірақ сүрініп кетеді, сосын іздей бастайды./
Қасқыр: Қызыл бөрікті қыз қайда,сендер көрдіңдер ме?
Балалар: Жоқ
Қасқыр: Сендер мені алдап отырсыңдар. Жарайды солай ақ болсын. Онда, мен сендердің шыршаларыңды сөндіріп тастаймын/үрлеп сөндіреді,залға аяз- ата мен ақшақар келеді/
Жүргізуші: Балалар қане Аяз-ата мен ақшақарды шакырайық ортаға.
Аяз ата, ақшақар 3 - рет
(музыка әуенімен Аяз ата, Ақшақар келеді)
Аяз Ата:
Құтты болсын, балалар
Келген Жаңа жылдарың
Алаңдамай өсіңдер
Еркелеп қыз, ұлдарым
Өткен жылы келіп ем
Бәріңді де көріп ем
Жыл өткізіп келем деп
Уәдемді беріп ем
Ойларың мен бойларың да
Бірдей өсіп қалдыңдар ма?
Ал, мен кіммін айтыңдаршы
Мені тани алдыңдар ма?
Балалар: Аяз ата!
Ақшақар:
Сәлеметсіңдер ме, балалар. Жаңа жылдарың құтты болсын!
Сүйсіңдірер маңайды
Ақшақармын арайлы
Жалт - жұлт еткен жүзімнен
Күміс сәуле тарайды.
Ақшақармын аппақпын
Қалай тыныш жатпақпын
Менсіз қыстың сәні жоқ
Әнмін, жырмын, тақпақпын.
Аяз ата: Мен Аяз-атамын қызым Ақшақар, сіздермен көңілді мереке тойлауға келдік!»
Аяз-ата:Айтыңдаршы, менің сыйлықтарым сендерге керек пе?»
Балалар хормен «Иә!» дейді.
Аяз-ата: . Ал неге шыршада шамшырақтар жанбай тұр.
Жүргізуші: Аяз Ата, бұның барлығына қасқыр кінәлі.
Аяз Ата: шыршаны жағады./ Шырша шырша жан деп,айтады/ Қайда бұл баукеспе? Қанекей,мұнда кел. Қазір мен сені қатырып тастаймын.
Қасқыр: Жооқ – жооқ .Сендер мені кешіру үшін сендердің ата -аналарыңмен ойын ойнап берейінші.
Аяз-ата: Жарайды қасқыр қане ойын ойна
Ойын ата-аналармен «Қар жинау»
Жүргізуші: Ал, кешімізді одан әрі жалғастырайық. Енді Аяз Атаға алғысымызды білдіріп, оған арнап әнімізді шырқайық.
Ән «Жаңа жыл келді»
Жүргізуші: Аяз Ата, біраз тынығып, жаңа жылға қарай тақпақтар дайындағанбыз, тыңданыз.
Тақпақтар айтылады.
Аяз Ата: Қызыл бөрікті қыз, сен қасына құрбыларыңды ертіп келген сиятысың.
Қызыл бөрікті қыз: Ия, ата біз сізге би билеп бергіміз келіп тұр.
Би «Дженгл бенс» биі
Жүргізуші: Ата сіз біздің балалармен бірге ойнағыныз келеме?
Аяз Ата: ой,, мен шаршадым, дем алуға барайын.
Жүргізуші: Ата, сіз кеткелі жатырсызба,ендеше сіз ештеңе ұмытқан жоқсызба?
Аяз Ата: Әрине, ұмытқан жоқпын. Менің дорбам қайда? Іздеп таппады, аса таяғымен тықылдатады. Қасқыр дорбаны сүйретіп алып келіп, кешірім сұрап қашып кетеді. Сыйлық таратылады.
Қызыл бөрікті қыз: Сау болыңдар балалар! Жаңа жылды әрдайым ынтымақпен қарсы алайқ.
Аяз Ата: Баршаңа Жаңа жылда табыс тілеймін
Жүздеріңнен күлкі кетпесін.
Ақжарқын достарың,құрбыларың
Әрдайым барлығына сендермен бірге шаттансын.
Сыйлық таратылады!
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар осымен біздің жаңа жыл мерекесі аяқталды, кегендеріңізге көп рахмет.