Тақырыбы: «Құтты болсын,жаңа жыл!»
Мақсаты: Балаларға мерекелік көңіл-күй тудыру; шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне ,балалардың , Аяз атаның, Ақшақардың киімдеріне назар аударту; көңілді ойындар ойнату,достық қарым-қатынас ояту,бірлескен ойындар ойнату.
Жүргізуші: Құрметті ата-аналар, балалар, қонақтар! Сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Жаңа жыл әрбір шаңыраққа құт береке, ырыс алып келсін! Жаңа жылда үйлеріңіз нұрға, құшақтарыңыз гүлге толсын! Әрқашан той болсын дей отырып, біздің «Құтты болсын,Жаңа жыл!» атты ертеңгілігімізді бастаймыз.
Жаңа жылдың таңы неткен арайлы,
Ақ мамыққа бөлеп алды маңайды.
Жаңа жылмен құттықтаймын бәріңді,
Бақыт, шаттық, молшылық әкелсін
Бәрімізге мына жыл арайлы.
(Балалар шырша түбінде жайғасып отырады.Ертегі тамашалайды.)
Жүргізуші:
Келіңдер жас ұландар,
Ертегімді тыңдаңдар.
Ертегімде сан қилы
Қызық-қызық сырлар бар.
Соныменен,балалар
Жаңа жылға арналған
Ертегіні көріңдер
Шын бағасын беріңдер.
Қараңдаршы балалар,айналаға.Сондай әдемі,өздеріңде әдемі болып кетіпсіңдер.Мынау не?Жамылғы ғой балалар.Бұл жай жамылғы емес екен жарқыраған,әдемі жұлдызды жамылғы.
-Сендер білесіңдерме,бұл кімнің жамылғысы?
-Иә,бұл ертегі елінің ханшайымы Шахерезаданың жамылғысы.Балалар мен жаңа айтып өттім.Бұл жай ғана жамылғы емес,жаңа жылда не тілесек,тілегімізді орындайтын жамылғы екен.Ендеше жамылғының сиқырлы жұлдызшасын ұстап, сиқырлы сөзді айтайық не болар екен?
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Шахерезада келеді)
Шахерезада:Менің атым Шахерезада Шығыс елінен келдім,мен ертегі айтқанды жақсы көремін.
Жүргізуші:Шахерезада біз жамылғыңызды тауып алдық.
Шахерезада:-Рахмет,менің сиқырлы жамылғымды тауып бергендеріңе.Мұндағы әрбір жұлдыз ертегіге айналады.Жұлдызшаны қолымызға алсақ,ертегілер елінен бірақ шығамыз.
Жүргізуші:Балалар Шахерезада жұлдызшаны қолына алды,сиқырлы сөзді айтуымыз керек.
Балалар:
Ертегі,ертегі
Таңырқат біздерді.
(Ән әуенімен Алладин кілемшемен,қолында шамы бар келеді)
Алладин:Қолындағы шамды уқалай бастайды.
(Жарық өшіп,үлкен ірі жын шығады.)
Жын:У-ух-хо-хо-ха-ха
(Алладин аяғына жығылады.)
Алладин:Шегініп сен кімсің?
Жын:Мен сенің құлыңмын тақсырым.Не бұйырасың? Тез арада орындаймын.Тасқа айналдыр десең,тасқа айналдырамын.Қатырып таста десең қатырамын.
Алладин:Міне керемет! Мен жаман іспен айналыспаймын,мен Шығыстың әдемі қыздарының арасында болғанды қалаймын тезірек орында.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Би:Шығыс биі.
Алладин:Рахмет жын,ертегі айтатын Шехерезада осыма?
Жын:Иә,бұл біздің Шахерезада.
Алладин:О,сұлу қыз жынды шамымен саған сыйға беремін,ал.
Шахерезада:Рахмет Алладин.
Алладин:Мен сыйлық бергенді ,жақсылық жасағанды жақсы көремін.Сау болыңдар.
Жын:Әмір беріңіз ханымым.
Шахерезада:Жын Аяз атаны мерекеге тезірек келуіне көмектес.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Аяз атаның дауысы:Келемін асығып келе жатырмын.-Сәлеметсіңбе мереке,жұлдыздай жарқыраған.
Жүргізуші: Сәлеметсізбе Аяз ата,көптен күткен.
Аяз ата:-Сәлеметсіңдер ме қыздарым мен ұлдарым.Мен сендердің мерекелеріңе асығып ұзақ жүрдім.Көп сыйлықтар әкелдім.Қарша қызым қайдасың?Сыйлығым кәне көрсетейік.
Ән: «Қош келдің,Аяз ата Ақшақар»
Жүргізуші: Ойын «Кім жылдам?» ата-аналармен
Сиқыршы:Алладин қайда?Шам қайда?Шахерезада айт кәне.
Шахерезада:Шамның саған не керегі бар.Жынды шақырып жаман істермен айналыспақшысың ғой.Кет бұл жерден әйтпесе саған жаман болады.
Сиқыршы:Әп бәлем сен мені қорқытпа.Әйтпесе Аяз Атаны сиқырлап,сені алып кетемін,жаңа жылда сыйлық болмайды.Ух-ха-ха-ха деп сиқырлайды.
Шахерезада:Балалар қайғырмаңдар .Жұлдызды жамылғыдан жұлдыз алайын жын көмекке келеді.
Жын:Әміріңізге құлдық.(айналып үш рет шапалақтайды)
Сиқыршы беталды әуре боласың.Мен сенің сиқырыңды жоямын,жаман істер істемейтін боласың.Жақсы сөз айтып жүретін боласың.
Сиқыршы:Кешірші Аяз Ата,енді жаман іспен айналыспаймын.
Аяз ата:Кешірейік балалар.Сиқыршы ескі жылмен жаңа жылды сахна төріне сиқырлап әкелсін .
Сиқыршы:Жарайды Аяз Ата дегенің болсын.
Жүргізуші: Ойын: «Аққала» ата-аналармен
Сиқыршы ұлу мен жыланды алып келеді.
Аяз ата: Ұлу жылы көп жақсылық әкелді.Енді жылан жылы көп жақсылық болсын.
(ұлу және жылан болып киінген бала кіреді)
Жүргізуші:Қош келдің, жылан жылы,төрлетіңіз
Ұлу: Балалар мен сендермен бір жыл бірге болдым,енді қоштасатын уақыт келді,енді сендерді жылан жылына тапсырамын.Қош сау болыңдар,келесі кездескенше аман болыңдар.
Жылан: Сәлеметсіңдер ме балалар,мен жылан жылы боламын,жаңа жыл құтты болсын,денсаулықтарың мықты болсын енді мен сендермен бір жыл бірге боламын.
Жүргізуші:Ал,балалар,мерекені ары қарай жалғастырайық.
Ән: «Келді бізге жаңа жыл»
Жүргізуші: Ойын: «Қар тасу» балалармен
Би: «Джингл Бенс»
Аяз Ата алыстан шаршап келді,олай болса тақпақ айтып берейік.
Тақпақтар.
Аяз ата:Жарайсың балаларым!Мені бүгін бір қуантып,алыс жерден шаршап келгенде көңілімді көтердіңдер.Барлықтарың да ақылды,білімді де өнерлі екенсіңдер.
Киген киімдерің қандай әдемі!Солай емеспе қызым?Біздің сыйлығымызға риза болыңдар. Ал енді біз жолға шығайық.Басқа да балалардың өнерін тамашалайық.Ал,балаларым,сендер өсе беріңдер,өркендей беріңдер.Аспандарың ашық болсын!Қош болыңдар!
Жүргізуші:Құрметті,балалар 2024 жаңа жылға арналған мерекеміз аяқталып қалды.Көріп тамашалағандарыңызға рахмет.Жаңа жыл құтты болсын!Отбасыларыңа тек бақыт пен қуаныш әкелсін!!!