Қуант бізді Жаңа жыл! (ертеңгілік)
Мақсаты: Бүлдіршіндерге балғын балалық шақта, естен кетпейтін Жаңа жылдық көңіл-күй сыйлау. Қыс мезгізінде табиғатта қандай құбылыстар болатынын тағы естеріне салып, оларға керемет көңіл-күй тарту ету.
Балалар көңілді әуенмен залға ұстаса кіріп, әуенмен әртүрлі қимылдар жасап билейді. Әуен тоқтап қалғанда шыршаның екі жағына тұрады.
Жүргізуші: Ортада таңдандырып талайды,
Шыршамыз жасарып жайнайды.
Құбылып, құлпырып айнала,
Сиқырлы сәулелер тарайды.
Жасыл шырша төгілген алдымызда,
Қош келдіңіз көрермен шыршамызға.
Аман болсын отбасыңыз деп алайын,
Ізгі тілек тілейміз баршаңызға.
Жүргізуші: Армысыздар құрметті кішкентай бүлдіршіндер, және бөбекжай ұжымы! Бүгін сәні мен салтанаты жарасқан Жаңа жылдық ертеңгілігімізге қош келдіңіздер. Көзді ашып жұмғанша 2024жыл Ұлу жылы да аяқталып, 2025жыл Жылан жылы есігімізді қағып тұр. Барлығымыз тағы бір жасқа өстік. Құттықтаймын!
Жылан жылы жақсылығымен келсін деп тілейміз.
(мыстан кемпір келеді, қолында үлкен айнасы бар)
Мыстан кемпір: Масаған, мынау шырша ғой, қазір шыршаны құртпай бүлдірем. мына шырша неге әдемі, киімдері де әдемі емеспін? Қалай осылар секілді әдемі болам мен? Мыстан шыршаны құлатқысы келеді, балаларды қорқытады.
Жүргізуші: мыстан әже біз шырша тойын тойлағалы отырмыз.
Қазір Аяз Ата мен Ақшақарды шақырамыз. Аяз Ата сиқырлы таяғымен саған көмектесер.
Аяз ата мен Ақшақарды шақыру.
Аяз Ата, Ақшақар,
Шыршамызға кел, кел!
Тақпақ айтып береміз,
Бізге сыйлық бер, бер!
Аяз Ата келеді, Ақша қар жоқ. Құттықтады.
Жүргізуші: Балалар байқадыңдар ма? Аяз Ата қасында Ақшақар жоқ, қайда ол?
Аяз Ата: Соны өзім де білмедім. Жаңа қасымда келе жатқан, аяқ асты жоғалып кетті.
Мыстан кемпір: Ендеше, мен болам, Ақшақар мен болам, мені сиқырлы таяғыңмен Ақшақарға айналдыршы.
(жылтыр матаның ішіне мыстан мен Ақшақар тығылады. Аяз Ата сиқырлы таяғымен матаны түртіп)
Аяз-Ата: Көңілді балалар,
Шыршаны айналып.
Жалмауыз кемпір,
Ақшақарға айналсын - дейді.
Мата астынан көрінбей мыстан кетіп қалады да, мата астынан Ақшақар шығады.
(Ақшақар құттықтауы)
Жүргізуші: Аяз Ата, Ақшақар біздің шыршамыз әдемі болғанымен көңілсіз. Неге оның шамы жанбайды?
Аяз-Ата: Шырша, шырша
Шамдарыңды жарқырат.
Би билейміз, айнала,
Балаларды таңырқат.
(шам жанады)
Жүргізуші:
Жасыл желек жамылған,
Асыл моншақ тағынған.
Міне сұлу шыршамыз,
Көктен күтіп сағынған.
Кел балалар, келіңдер.
Шырша тойын тойлайық!
«Күншуақ» ортаңғы тобы бүлдіршіндерінің орындауында: «Ақ қоян» әні қабыл алыңыздар.
Аяз -Ата: әндерің жақсы екен.
Тақпақтар:
Тамаша, тамаша!
Шыршамызға тұр жараса
Басында әсем жұлдызы
Көз тоймайды қараса (Диляра)
Ақ қырауға малынған
Сақалы да мұрты да
Аяз-Ата сағынған
Сәлем берді жұртына (Абильхан)
Аппақ тонға оранған
Базарлығы мол алып
Келді алыс сапардан
Аяз-Ата оралап (Еркеназ)
(ғажайып сәт) есікті қағып Жылан билеп кіреді.
-Жылан: Сәлеметсіздер ме бүлдіршіндер! Жаңа жыл менің жылым Жылан жылы болады. Мен сендерге тек жақсылық, денсаулық, қуаныш әкелдім.
Жүргізуші: Жаңа жылмен шаттанып,
Жаңарады бар дала.
Шырша тойын тойлайды,
Дөңгеленіп бар бала.
Би: Қыздардың орындауында «Ақ ұлпа» биін қабыл алыңыздар.
Ойын: «Ұлпа қар жинау»
Шарты: бүлдіршіндер екі топқа бөлініп, қай топ бірінші ұлпа қарды тез жинайды.
Ән: «Шыршаға бардық» тамашалаңыздар!
Аяз Ата: Бүлдіршіндерге жаңа жылдық сыйлығын тарту етеді.
Жүргізуші: Кішкентай бүлдіршіндер, есік қағып тұрған Жаңа Жылан жылы тек жақсылығымен келсін.
Осымен Жаңа жыл мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды.