Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: «Алақай, Жаңа жыл келді!»

25.12.2024

«Алақай, Жаңа жыл келді!»

Мақсаты: балаларға мерекелік көңіл күй сыйлау, шыршаның қалай әдемі де сәнді безендірілгеніне, назар аударту. Көңілді ойындар ойнату, достық қарым-қатынас ояту.

Қатысушылар: жүргізуші, Аязата, Ақшақар, Қоян, Түлкі, Аю балалар, ата-аналар.

Музыка әуенімен балалар залға кіріп, шеңбер бойымен қол ұстасып айналып, орындарына отырад

Орман ханшайымы қысқы әуенмен залға кіріп келіп, сиқырлы таяқшасымен сермейді.

Уа, халайық жараңдар,

Айналаға қараңдар!

Жаңа жылдық бұл тойын,

Салтанатқа санаңдар

Қызық көріп, шат болып,

Шаттық күліп тараңдар!

Орман ханшайымы:

Менің көмекшілерім (Түлкі мен қоян) Жаңа жыл жақындады, бізге Болашақ бөбекжайынан келе жатқан қонақтарды қарсы алыңдар.

Әуен ойналады. Залға балалар мен Түлкі,Қоян кіріп келеді.

Түлкі: Амансыздар ма қонақтар, ата-аналар! Жаңа жылдарыңыз құт – береке әкелсін! Мен әйгілі айлакер түлкі өз достарымды орман Жаңа жылына әкелдім. Балалар қане, қонақтармен амандасайық.

Қоян: Шыршаның артынан қоян ceкірin шығады да:

Ау, жарандар, ал қараңдар
Жауып тұр қар себелеп.
Көкке толды, жерге қонды
Сансыз аппақ көбелек.
Тым алыстан, Марстан
Келіп Аяз атамыз
Жылды тойлап,
Билеп-ойнап,
Көп қызыққа батамыз!

 

Балалар: Сәлеметсіздер ме !

Түлкі: Орман ханшайымы, біз сіздің шақыру билетіңізді алған соң дайындалып келіп отырмыз.

Орман ханшайымы: Балалар, қош келдіңдер, біздің Жаңа жылымыздың басты қонақтары Аяз ата мен Ақшақарды да барлығымыз бірге шақырып алайықшы.

Балалар: Алақай! Көптен күткен Аяз ата мен Ақшақар келе жатыр!

(Аяз ата мен Ақшақар кіріп келеді).

Аяз ата:

Уа, халайық жиналған.

Көңілдерің дүр маржан

Айналайын ұлдардан

Айналайын қыздардан

Аяз ата, Ақшақар

Жетті жолдан қиналған!

Ақшақар:

Амансыздар ма балалар, қонақтар, ата-аналар! Өздеріңді сағынып келдік. Жаңа жылдарың құтты болсын! Жылан жылы табыс, береке, бірлік әкелсін!

Балалар, мына шыршамыз көңілсіз тұрған сияқты ғой. Кәне, сиқырлы сөздерімізбен оның шамдарын жарқыратайық! Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат!
Балалар: Қуант бізді, таңырқат шамдарыңды жарқырат.(қолдарын шапалақтатады) Шырша жарқырайды

Орман ханшайымы: Аяз ата, Ақшақар қош келдіңіздер, бізбен бірге ән айтып, билеп балалардың өнерін тамашалаңыздар. Балалар, бізде орманда шыршалар өте көп, үлкені де, кішкентайы да бар. Сендер шырша туралы ән айтала аласыңдар ма?

Балалар: Иә.

«Шыршаға бардық» әні орындалады.

Ойын: «Тез жеткіз»

Түлкі: Орман ханшайымы, біздің балалар жаңа жылға арнап тақпақтар жаттап келді.

Тақпақтар:

Орман ханшайымы: Балалар, аю ұйықтап қалыпты, Жаңа жылдан кеш қалатын болды, біз оны оятайықшы, ол үшін аюдің биін тамашалаңыздар.

Би: «Аю-аю тұршы»

Аю: Жаңа жылдың алдында
Тойды еске алдым да
Ұйқымды ашып, сергідім
Ұйықтамаймын мен бүгін!
Жылды қарсы алайық
Би билеп, ән салайық.
Аю:
Жаңа жылдың тойында
«Жан салайық» ойынға!

Орман ханшайымы: Жоқ, Аю сен дәл уақытында жеттін кел төрлет біздің бүгінгі мерекемізге қош келдің!

Аяз ата мен Ақшақар: Рахмет сіздерге балалар, жаңа жыл қуанышқа мол болсын!

Қоян: Аяз ата мен Ақшақар, қонақтар, жаңа жылымыз қызықты жаңалықтардан басталып жатыр, осыған орай менің балаларым Жаңа жыл әнін сіздерге арнамақшы.

Ән «Қоян»

Түлкі: Мен ата –аналарымды шақырайын, бір ойын ойнап жіберейік.

Ойын: «Қимыл қозғалыс»

Түлкі: Мен би билегенді ұнатамын, билейікші!

Би: «Жаңа жылдық»

Орман ханшайы: Құрметті қонақтар ақ мол болсын, қар көп болсын дей отырып, менің ізбасарларым, кішкентай бүлдіршіндердің орындауында би тамашалаңыздар.

Би «Ұлдар »

Орман ханшайымы: Керемет, айнала аппақ қарға толды!

Қоян: Айналайын, Ақ желкен тобының бүлдіршіндері, сіздер бізді бақытты еттіңіздер, жиі қонаққа келіп тұрамыз! Біздің кететін уақытта болып қалды сау болыңыздар!

Түлкі: Міндетті түрде келіп тұрамыз! Сау болыңыздар!

Ақшақар: сыйлықпен кіріп келеді:

Аяз ата мен сіздің бұйрығыңызды екі етпей орындадым, «Ақжелкен» тобына барлық сыйлықтарды алып келдім.

Аяз-ата: Рахмет, сыйлықтарды уақытында жеткіздің.

Сағат соғады. Аяз ата:

Ау, бүлдіршін қыздарым
Жас жеткіншек ұлдарым.
Қандай жақсы жүздерің,
Қуанышты сыйлайын!

Орман ханшайымы: Міне, қымбатты қонақтар, бірлесіп, достасып өткізген мереке қашанда қуанышты өтеді. Аспанымыздағы күніміз сөнбесін!

Барлық жандар бір тілекке қосқан үн,

Бақытты боп бастады жыл дастанын

Қуанышпен келді той боп Жаңа жыл

Құтты болсын жаңа бақыт достарым!

 

Просмотров: 1353


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст