Тақырып: Ұлттық құндылықтар - ұлт қазынасы
Мақсаты: Ұлттық құндылықтар туралы мағыналы көлемде түсінік бере отырып, ойын арқылы балалардың ұлттық құндылыққа деген қызығушылығын, сана - сезімін,ынта - жігерін арттыру. Ұлттық құндылықтарымызды сақтауға тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу, түсіндіру, сұрақ-жауап, ойын.
Көрнекіліктер: фетрден жасалған кілемше, тақиялар
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
- Бүлдіршіндер, бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
-Сәлеметсіздер ме!
Шаттық шеңбері:
Ал балалар тұрайық,
Үлкен шеңбер құрайық.
Шаңырақты көтеріп,
Керегені құрайық.
Уық болып иіліп,
Бір отбасы болайық.
Тәрбиеші: - Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
Бүлдіршіндер: -жақсы
(осы кезде топқа Балқия әже келеді)
-Сәлеметсіңдер ме балалар мен сендердің Балқия әжелерің боламын. Сендерді қазақ халқының ұлттық құндылықтары мен таныстырғым келеді.
Тәрбиеші: Сәлеметсіз бе, Балқия әже әрине келіңіз, төрлетіңіз.Балқия әже бүлдіршіндерімізге қазақ ұлтының құндылықтары жайлы айтып береді.
-Балқия әже -Қазақ ұлтының басқа ұлттан ерекшелендіріп тұратыны ұлттық құндылықтары. тілі, ертегілері, мақал-мәтелдері, әдет- ғұрпы, салт-санасы, мәдениеті, өнері, тағамдары, ұлттық қолөнері, тұрмыстық бұйымдары, ұлттық ойындары, т.б. өзгелерге ұқсамайтын қасиеттері. Ұлттық құндылықтарды әр ұлттың ата-бабалары өздерінің өмір сүру салтына байланысты шығарып, пайдаланып, дамытып ұрпақтарына мұра етіп қалдырып отырған. Оны әр ұлттың ұрпақтары сақтап, заманына қарай дамытып отырулары керек.
-Балқия әже -ойын арқылы ұлттық құндылықтарды, көрсету, түсіндіру. Бүлдіршіндерге ұлтмыздың құндылықтарын әрі қарай түсіндіру дидактикалық ойындар ойнату.
Балқия әже: (сандықтың ішінде) Мен сендерге қолымда тапсырмалар әкелдім, берілген сол тапсырмаларды кезекпен орындайық.
Балқия әже: Мақал-мәтелдер
Дидактикалық ойындар:
І-ойын: (жеке жұмыс)
1.«Асықтарды санайық» ойын.
Шарты: асықтарды өсу ретімен қою. 1-5ке дейінгі сандарды ретімен орналастыру.
2.«Асықтар пирамидасы» ойын.
Шарты: Асықтардың көлеміне және түсіне қарай дұрыс сәйкестендіру (үлкен, орташа, кіші)
ІІ -ойын: (жеке жұмыс)
1.«Оюдың жартысын тап»
2.«Асықтың жартысын тап»
Шарты: балалар алдына берілген түрлі асықтар мен оюлардың жартысын табу.
III-ойын (жеке жұмыс)
«Асықтарды оюлардың түстеріне қарай сәйкестендір
Шарты: 1.Бүлдіршіндердің алдына түрлі-түсті оюлы шеңбер беріледі, сол ою түсіне қарай асықтарды орналастырады.
IY-ойын. (топтық жұмыс)
«Пішіндерді асық түстеріне қарай дұрыс орналастыр»
Шарты: Пішіндерді, асық түстерсіне қарай орналастыру.
Сергіту сәті: Ойын: «Секірмек» кубик әдісі арқылы
Шарты: Кубикте оюлар бейнеленген, кубикті лақтырғанда түскен ою бойынша балалар секіреді, түсіне сәйкес тақия таңдайды.
Y -ойын (жеке жұмыс)
«Қоржын баулау» ойын
Шарты: бүлдіршіндер қоржынға бау өткізу, ұсақ қол моторикасын дамыту
Қорытынды: Ұйымдастырылған іс-әрекетіміз сендерге ұнады ма?
-Сендер не жасадыңдар?
Балқия әже: Менің де кететін уақытым болды, «Ұлттық құндылықтарымыз-ұлт қазынасы екенін» ұмытпаңыздар» бүлдіршіндер! Сау болыңдар!
Тәрбиеші: Ұстаз- шәкірт жанының бағбаны,
Әрбір бала-жарқыраған шамшырақ.
Оны жаға білген ұстаз ғана ұтады,
Жер бетінде мекен еткен адамзаттың бір бұтағы - деп келген қонақтармен
қоштаспаймыз, келесі кездескенше дейміз.