Білім беру саласы: Әлеуметтік
Бөлімі: Қоршаған орта, сөйлеуді дамыту.
Тақырыбы: «Ұлттық тәрбие бастауы-балабақшадан»
Мақсаты: Рухани құндылықтарымызды бағалай білуге үйрету. Ойын арқылы балалардың адамгершілік ,адалдық ,әділдік ,сезімталдық қасиеттерін қалыптастыру.Балалардың тіл байлықтарын арттыру ,сөздік қорларын дамыту.
Күтілетін нәтиже: Тапсырмаларды орындауда тиімді әдістерді қолданып, уақытты үнемді пайдалануды үйренеді. Заман талабына сай білім беруде топтық жұмыстарды өзара ынтымақтастықта жүргізу арқылы балалардың білімге қызығушылығын арттыру арқылы өз тәжірибелеріне өзгеріс енгізеді.
Әдіс - тәсілдер: түсіндіру, бақылау, сұрақ – жауап, ойын технологиясы
Шаттық шеңбер: Достығы жарасқан
Сыйлы біз баламыз.
Келісіп бәрімен
Татулық табамыз.
Бәріміз бір болсақ,
Бәрінде жеңеміз.
Тәрбиеші:Балалар біздің туған жеріміз қалай аталады?Қазақстан елінің туы қандай түсті?Туымызда не бейнеленген?Дүрыс айтасыңдар , оюлар бейнеленген.Оюларды тағы қайда кездестіруге болады?(балалардың жауаптары)
(сұрақ-жауап)
Тосын сәт:Ата қолына киіз үй алып келеді.
Ата :Сәлеметсіңдер ме ,балалар!Мен сердерге қонаққа келдім .Бірақ құр алақан келген жоқпын,өзімен тапсырма және ойындар ала келдім.
Тәрбиеші:- Әрине, келіңіз төрлетіңіз! Балалар тапсырма ,ойындар ойнауға дайынсындар ма?(балалардың жауаптары)
Ата :балалар сендер мақал-мәтелдер білесіңдер ме ?
1 – тапсырма::Мақал –мәтелдер .(Додекаэдр)
Ата : Балалар ,ал ұлттық киімдер ,тағамдарды ,ойынадарды да білесіңдер ме ?
2 – тапсырма: «Әткеншек» ойыны.Шарты: балалар фетрдан жасалған шеңбер бойымен айналып жүреді ,музыка тоқтаған кезде әр бала көрпешенің үстіне отырады.Тәрбиеші түрлі –түсті асықтары бар кубикті лақтырып ,қандай асық туссе сол асықты ашады .Бала не жасырынғанын айту керек.
Тәрбиеші: Балалар , енді мен сендерге жұмбақ жасырамын .
Жұмбақ:Кішкене ғана басы бар ,
Айналдырып киген тоны бар .(қой)
Ата: Ой, балалар, менде қой қалып қойыпты қырқылмаған .Ұлдар қой қырқып ,ал қыздар киіз дайындап берсеңдер жақсы болар еді.
3 – тапсырма: «Қой қырқу»(ұлдар ) , «Киіз басу»(қыздар)
Мақсаты:
Сергіту сәті: «Қара жорға» балалар қолдарында екі асықтан қолдарына алып қара жорға биін билейді.
Ата :Балалар ,ойындарға да кезек келді.
Ұлттық ойын: «Шыр» (ұлдар ойнайды)
4– тапсырма:»Шыр» ұлттық ойыны .(ұлдар ойнайды).
«Қуыршақ киіндіру» (қыздар)
Ата:Жарайсыңдар ,балалар !Барлық тапсырманы дұрыс орындадыңдар .Сендерге алып келген сыйлықтарымды берейін.Рақмет сендерге,сау болыңдар!
Тәрбиеші:Балалар ,бүгінгі іс-әрекетііміз сендерге ұнады ма ?Несімен ұнады?
Үйымдастырылған іс-әрекетімізді қорытындылай келе ,түрлі-түсті асықтарды таңдап алайық.
Нәтиже: Жарайсыңдар балалар, бүгінгі біздің оқу қызметіміздің мақсаты - заман өзгерсе де ұлттық құндылықтарымызды дәріптей отырып көнермейтіндігін еске салып, ұлттық мұраны қайта жаңғырту.