Тәрбиеші: А.К.Машрапова
Тақырыбы: Қазақшаң қалай,балақай?.
Мақсаты: Қазақ халқының ұлттық құндылықтар туралы түсінік бере отырып,
ойын арқылы балалардың қазақ тіліне деген қызығушылығын, ынта - жігерін арттыру.
Әдіс-тәсілдері: Әңгімелеу,түсіндіру,сұрақ-жауап,ойын
Көрнекіліктер: Ұлттық құндылықтардың суреттері.
Ұйымдастырылған іс-әрекеттің барысы:
- Балалар бүгін бізге қонақтар келіпті. Қашанда қонағын сыйлайтын халықпыз. Сондықтан бірінші қонақтарымызбен жақсылап амандасып алайық.
Шаттық шеңбері:
Сәлем,сәлем көздерім,
Сәлем,сәлем беттерім
Сәлем,сәлем қолдарым
Сәлем,сәлем аяқтарым
Сәлем,сәлем достарым
Сәлеметсіздер ме,қонақтар!
Тәрбиеші:
- Балалар бүгін көңіл - күйлерің қалай?
Балалар: Жақсы
Тәрбиеші: Ал балалар, қазақшаларың қалай?
Балалар:Жақсы
Тәрбиеші:Көңіл-күйлерің жақсы болса бүгінгі іс-әрекетімізді бастайық.Ал, сендердің қазақшаларың қалай екенін іс-әрекетіміздің барысында байқайтын боламыз.
Тәрбиеші:
І тапсырма: (жеке жұмыс)
«Асықта не жасырынған»
Шарты:Балалар кубикті лақтырады, кубикте түскен асықтың түсі бойынша ашып ұлттық құндылықтарды атап шығу.
ІІ тапсырма: (жеке жұмыс)
«Қайсы киім кімге тиесілі» (қазақ халқының ұлттық киімдері)
Шарты: Луллия шеңбері арқылы киімдердің кімге тиесілі екенін тауып сәйкестендіреді және атап шығады.
ІІІ тапсырма: (Ұжымдық жұмыс)
«Құрастырмалы санды текемет» (1ден-10ға дейінгі сандар )
Сандарды дұрыс қойғанда текемет шығады.
Сергіту сәті: «Сиқырлы телефон»
Шарты: Балалар шеңберге тұрып әуен арқылы айналып билейді,әуен тоқтағанда телефон шырылдайды,тұтқаны кім алады сол байланысқа шығады.
VІ тапсырма: (ұжымдық жұмыс)
«Сурет арқылы сөйлем құрастыру»
Мен қуыршақпен ойнадым.
Атам газет оқыды.
Әкем құрт жеді.
Анам тауық пісірді.
Мен сүт іштім.
V тапсырма: «Қазақ халқының ұлттық құндылықтары»
Шарты: Үстелдің үстінде ұлттық құндылықтарға байланысты суреттер берілген,тәрбиеші атаған суретті балалар тауып тақтаға жапсыру керек.
(Осы ойын арқылы іс-әрекетімізді қортындылаймыз.)
Тәрбиеші: Бүгінгі іс-әрекетіміз қалай өтті ?
Балалар: Керемет!
Тәрбиеші: Қазақшаң қалай,балақай?
Балалар: Тамаша!
Жарайсыңдар балалар, бүгінгі іс –әрекетке өте жақсы қатыстыңдар.Сендерге менің сыйлығым бар, Қазақстан шоколадын балаларға беру.
- Сау болыңыздар!