Білім беру саласы: «Денсаулық»
Бөлімі: «Дене шынықтыру»
Тақырыбы: Бір орыннан ұзындыққа секіру.
Мақсаты: 1. Бір орыннан ұзындыққа секіруге жаттықтыру.
2.Тепе-теңдікті сақтау және бағдарлай білу біліктерін дамыту.
3.Еңбектеуге және арқан немесе гимнастикалық қабырғада өрмелеуге үйрету; гимнастикалық орындық үстінде жүруді бекіту.
Құрал жабдықтары: әрбір балаға 2 қарағай бүршіктері , 1- 2 гимнастикалық қабырға , 2 баған , жіп немесе таяқша , ойынға арналған кішкентай шығыршық.
Іс-әрекет кезеңдері
Тәрбиешінің әрекеті
Балалардың әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық
1.Жүруді шашырап жүгірумен алмастыруды түсіндіру.
2. Педагогтің белгі беруі бойынша қысқа және терең дем жасап бір қатар тізбекпен жүру.
Қолдар әртүрлі қалыпта болады.
Ұйымдастыру-
іздестіру
1.Қарағай бүршіктерімен орындалатын ЖДЖ:
Б.қ.: негізгі тұрыс. Екі жаққа созылған қолдардв жоғары көтеру-қолдарды түсіру.
Б.қ.: қолды кеуде тұсында бүгіп ұстап, етпетінен жату.Қолдарын алға созып, қарағай бүршіктерін педагогке көрсету; алға тік қарап , қарағай бүршіктерін иыққа қою. Дененің жоғары бөлігін қатты имеуге тырысу керек.
Б.қ.: қолды екі жанға қойып, шалқадан жату. Қол мен аяқты бір уақытта көтеру , қолды тобыққа тигізу, б.қ. оралу.
Б.қ.: негізгі тұрыс. Қарағай бүршіктерін ұстап, бір орында тұрып секіру. Баяу жүру.
2.Еңбектеп жүру және доғаның астынан өту.
3. Бір орында тұрып ұзындыққа секіру.Педагог секіру әдістерін көрсетіп , түсіндіріп , секіре алмаған балаларға көмектеседі.
4. Гимнастикалық орындық үстінде кедергілерден (текшелерден) аттап жүру (түсіндіру, көрсету).
5. «Мысық пен торғайлар» қимыл қозғалыс ойыны.
Шарты: «Мысық» залдың шетінде ұйықтап жатады. «Торғайлар» зал ішінде дән шоқып , секектеп жүреді.Педагогтің белгісі бойынша «мысық» оянып, «торғайларды» ұстайды.
Жаттығуларды педагогпен бірге орындайды.
Әрбір жаттығуды 6-8 рет қайталайды.
Балалар жаттығуды бірінен кейін бірі 2-3 реттен орындайды.
Еңбектеу және доғаның астынан өту кезінде бір-біріне кедергі жасамау керек.
Әрбір бала ұзындыққа 2-3 реттен секіреді.
Педагогтің нұсқауы бойынша тапсырманы орындайды.
Ойын бірнеше мәрте ойналады.
Рефлексифті- түзетушілік
Еденде жатқан жіптің үстімен қалай жүру керектігін түсіндіреді, көрсетеді.
Педагогтің артынан еденде ирелеңдеп жатқан жіптің үстімен жүру.
Күтілетін нәтиже:
Орындайды: Бір орыннан ұзындыққа секіру;
түсінеді: тепе-теңдікті сақтап жүруді және кеңістікті бағдарлауды;
Қолданады: гимнастикалық орындық үстінде жүруді.