Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы.
«Ақ желкен» тобы. Қаңтар айы.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімі: Ән-күй.
Тақырыбы: «Қыс әуендері»
Мақсаты: Қыс туралы; қысқы қызықты ойындар туралы түсініктерін
кеңейту, Әннің көңіл-күйін бере орындауға жаттықтыру.
Қардың пайдасы туралы түсінік беру.
Көрнекті құралдар: Қыс туралы сурет слайдтар; Ән тыңдау, ән айту.
Сөздік жұмыс: Қыс.аяз.боран.шана.қаржентек.
Сабақ барысы: Іс-әрекет кезеңдері:
1.Сәлемдесу.
2.Дауыс жаттығу.
3.Шаттық шеңбері.
4.Ән тыңдау.
5.Ән айту.
6.Әуенді-ырғақты би қимылдары.
Сабақ барысы; Тәрбиешінің іс-әрекеті: Сәлемдесу;
«Баспалдақ» дауыс
жаттығуын орындап жаттығу. «Жоғарыға шығамыз,-төмен қарай түсеміз»
«Аппақ аппақ бәрі аппақ, көше дала бәрі аппақ»
«Шаттық шеңбер» ін ұйымдастыру:
Сәлем,сәлем алтын күн,
Сәлем,сәлем көк аспан,
Сәлем,сәлем жан досым,
Бәрімізге бір сәлем.
Ән тыңдау: «Бұл қай кезде болады»
Аяз қысып, өрнек сызып,терезені торлайды
Қарға омбығып,бет домбығып
Балдырғандар ойнайды.
Кейде ұлып,кейде жұлып,ұйытқып боран
соғады.Бөбектерім айтыңдаршы,
Бұл қай кезде болады.
Ән айту: «Зырлайды шанамыз» Аязды келіп қыс, алғашқы қар ұшты,
Аппақ боп үстіміз,ақ қырау жабысты.
Алғашқы ақша қар бетінде із қалды,
Зырлайды ақ шанам,бетке ұстап ызғарды.
Әуенді-ырғақты би қимылдарын орындау: «Көңілді ән»
«Көңілді ән» слайдындағы би қимылдарын қайталап жаттығу.
Сабақтың соңы. Қорытынды жасау
.Келесі кездескенше сау болыңыздар.
Ақмола облысы білім басқармасының
Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы
Жалғызқұдық ауылының «Болашақ» бөбекжайы. МКҚК
Тақырыбы: «Қысқы әуендер» (ашық сабақ )
Өткізген: Ән-күй жетекшісі Жанбуршин Б.К.
2021 оқу жылы.