Ұйымдастырылған оқу қызметінің технологиялық картасы
Күні:29.01.2021 ж.
Білім беру саласы:Таным.Коммуникация.Шығармашылық.
Ұ.О.Қ: Жаратылыстану.Сөйлеуді дамыту..Жапсыру.
Тақырыбы: «Жабайы аңдардың қысқы тіршілігі»
Мақсаты: Балалардың қыс мезгілі туралы білімдерін кеңейту.Тапсырма беру арқылы балалардың сөздік қорларын байыту,ойлау қабілеттерін арттыру.Қысқы орманға саяхат арқылы жабайы аңдардың атауларын және олардың немен қоректенуі туралы түсініктерін молайту.Ұйымшылдыққа,ұқыптылыққа, шапшаңдыққа үйрету.Саусақ моторикасын дамыту.Жабайы аңдарға деген сүйіспеншілікке, қамқор бола білуге тәрбиелеу.
Әдіс-тәсілдері:сұрақ-жауап,түсіндіру,сергіту сәті,ойын,талдау-жинақтау.
Қолданатын көрнекіліктер: Қыс мезгілі туралы суреттер слайд,қысқы орман көрінісі,аю,түлкі,қасқыр,қоян ойыншықтары.аңдардың дауысы ,дыбыстар боран,қардың аяқ басысы,қоянның суретінің бөлшіктері,сәбіздің шаблоны,қызғылт-сары ,жасыл түрлі-түсті қағаз,желім,сүлгі.
Билингвальды компонент: Аю - медведь, қоян - заяц, қасқыр - волк, түлкі – лиса.
Оқу қызметінің Кезеңдері |
Тәрбиешінің кезеңдері |
Баланың қызметі |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі |
Шаттық шеңбері. Қайырлы күн! Ормандар мен далалар. Қайырлы күн! Достасқан біз балалар. Қайырлы күн! Бізге келген қонақтар. |
Балалар өлең сөздеріне сай қимыл қозғалыстар жасайды. |
Ұмдастырушылық |
Слайд бойынша кіріспе әңгіме: -Балалар ,қазір жылдың қай мезгілі? -Қыс мезгілінде ауа райы қандай болады? -Қыста не жауады? -Қыста адамдар қалай киінеді? -Қыста балалар қандай ойын ойнайды?
Билингвальды компонент: Аю-медведь,қасқыр –волк,түлкі- лиса,қоян –заяц.
-Балалар ,сендер қысқы орманға саяхатқа барғыларын келе ме? -Орманға немен барамыз? -Сиқырылы шаңаға жайғасып отырындар. Шаңаға біз отырайық, Көзімізді біз жұмайық. 1,2,3,4,5 деп санайық , Орманға біз жетіп қалайық!
-Міне ,балалар орманға да келіп жеттік.Шаңадан мұқият түсейік. -Балалар ,ненің дыбысы естіледі? Балалар ,қарандаршы орманды қар баскан.Айналаның бәрі аппақ қар.Орманда да шыршалар көп екен.Шыршанын түсі қандай? -Балалар ,шыршанын түбінде бір дыбыс естіледі.Қарайықшы не екен ол. (шыршанын түбінде жылап қоян отырады) -Қоян жылама біз саған тиіспейміз .Неге жылайсын? Қоян:Мен тонып қалдым ? -Жылама біз сені жылытамыз. Қоянды жылыту үшін бір сергіп алайық.Бізбен бірге жылынып ал. Сергіту сәті: Біз орманға барайық, Жан жағымызға қарайық. Аю шықты қорбандап , Қасқыр шықты ыр-рылдар. Түлкі шыкты майысып, Қоян шықты секіріп. Қорықпандар ,балалар. Қарап,қарап алыңдар. Қоян:ой рахмет сендерге мен жылынып қалдым.Орманға қош келдіңдер!Менің орманда достарым көп сендерді таныстырамын.Алдымен менің тапсырмаларыма жауап берсендер мен достарыма апарамын.
-Балалар ,қоянның тапсырмаларына жауап береміз ба?
|
Балалар сұрақтарға жауап беруге тырысады.
Балалар сөздерді екі тілде қайталап айтады. -Ия,барғымыз келеді.
Қардың сықырлаған дыбысын естіледі. Жасыл
Балалар өлең сөздеріне сай қимыл қозғалыстар жасайды.
|
Ұйымдастырушылық-ізденіс кезеңі |
Қоян:1-тапсырма .Жұмбақ жасырамын. Қорбан,қорбан етеді. Қыста ұйқыға кетеді. -Жарайсыңдар,дұрыс таптыңдар. Аюдың апанына келдік .Балалар аюды ұйқысынан оятып жібермейік. . Аю - жыртқыш аң, бірақ ешкімге тиіспейді. Аюдың екі түрі болады ақ және сұр. Ақ аю суда, салқын жерлерде мекендейді. Сұр аю орманда мекендейді. Жазда жеміс - жидек тереді. Аюлар күзде май жинайды, ал қыс бойы апанда, алақанын сорып ұйықтайды. Аюлар тоңғандықтан емес, жейтін қорегі таусылғаннан кейін ұйықтайды. Орманда мекендейді. Қоян:2-тапсырма : -Мынау қандай аңдың құйрығы? Дәл таптыңдар ,түлкінің . Түлкі - ақылды, жыртқыш аң. Түлкінің терісі бағалы. Терісінен тымақ тігеді. Оны «түлкітымақ» дейді. Түлкі қыста ұйықтамайды. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Ол жүрген ізін құйрығымен сүртіп кетіп отырады. ол кез келген қиыншылықтың бәрінен аман есен құтыла алады. Сондықтан түлкіні қу дейміз. Түлкі інде тұрады. орманда мекендейді. -Мынау қандай аңдың дауысы? -Тамаша !Әрине ,қаскырдың дауысы . Қасқыр - жыртқыш аң. Тістері өткір, көздері қырағы жақсы көреді, сезімтал. Өздеріне керекті жемтіктерін алыстан ақ иісінен сезеді. Қыста жортып жүріп, азықтарын тауып жейді. Олар қыста ұйықтамайды. Орманда қасқыр үңгірде Мекеңдейді. Қоян:4-тапсырма -Қандай аңдың баласын көжек деп атайды? -Әрине қоянның баласың көжек деп атайды. Қоян - қорқақ аң, орманда мекендейді. Қояндардың жауы көп. Сондықтанда қояндар күзде түлейді сұр жүні түсіп орнына ақ жүндер өседі себебі, қыста жылы аппақ үлпілдек тон киеді. Сол жылы тонының арқасында суыққа тоңбайды. Оларды қыста ақ қардан ажырату қиын - ақ. Қояндар өздеріне үйшік дайындамайды, қысқа азық жинамайды. |
-Аю.
-Түлкі.
-Қасқырдың.
|
|
-Жарайсыңдар балалар сендер ақылды,білімді,тапқыр екенсіңдер.Менің достарым туралы бәрін біледі екенсіңдер.Менің кірпі досым сендерге алма берді сыйлыққа .Рахмет сендерге орманға тағы келіп тұрындар.Сау болыңыздар? Балалар бөбекжайға қайтайық. Шаңаға біз отырайық, Көзімізді біз жұмайық. 1,2,3,4,5, деп санайық, Бөбекжайға біз жетіп қалайық! «Сан және цифр»ойыны. Тәрбиеші әр балаға 1 –ден 5 –ке дейінгі суреттер жиынтығын береді.Балаларға саны жағынан әртүрлі жануарлар суреті бар карточкаларды кезекпен көрсетеді. Д/о : «Ненің құйрығы?» Әр балаға аңдардың және де құйрықтарының суреттерін береді ,олар болса құйрықтарын тауып сызық арқылы қосу тиісті.
Қоянды құрастыру. -Балалар ,енді біз қағаздың бөлшіктерінен қоянның суретін құрастырып көрейікші . -Жарайсыңдар !Өте әдемі қоян шықты. «Сәбіз» -Ал енді балалар,біз қояңға көп сәбіз дайындап берейік. Біз қызғылт-сары қағазды кішкентай бөліктерге жыртып содан кейін сол қағаздарды дайын сәбіздің шаблонына желімдейміз. Жасыл қағаздан жапырағын желімдейміз . 1.Тәрбиеші дайын сәбіздің үлгісін қөрсетеді. 2.Қалай жасайтының рет ретімен көрсетіп, түсіндіреді. 3.Қиындық көрген балаға тәрбиеші көмектеседі. Балалардың жұмыстарын тақтаға іліп қояды. |
-Қоянның баласы.
Сау болыңыз
Балалар тиісті цифр жазылған карточканы көрсету тиіс.
Балалар сызық арқылы аңдардың құйрықтарын тауып қосады .
Балалар қоянды құрастырады.
Балалар,сәбізді желімдейді.
|
Рефлексиялық – түзетушілік |
-Балалар бүгінгі оқу қызметі сендерге ұнады ма? -Балалар біздер қайда бардық? -Балалар орманда нелерді көрдік? -Балалар ,біз осы жабай аңдарды қорғауымыз керек.Өйткені олар біздің орманымыздың байлығы. Бүгінгі оқу қызметіне жақсы қатыстыңыздар сендерге сыйлығым бар.Қыста міндетті түрде жеміс-жидектер жеу керек сондықтан қоян сендерге алма берді . -Мадақтау. Сау болыңыздар.!
|
Балалар сұрақтарға толық жауап беруге тырысады. |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: Қыс мезгілі туралы және жабайы аңдар туралы түсіне білді.
Игерді: Балалар жабайы аңдардың немен қоректенетінін игерді.
Меңгереді:Қол моторикасын меңгерді.
Тәрбиеші :Жармуханбетова Б.С.