Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Құрастыру
Тақырыбы: Қар және аққала
Мақсаты: 1.Балаларға қыс мезгілінің қызықты екенің түсіндіру.Қағазды умаждау арқылы қар кесегін және аққаланы жасай білуге үйрету,қоршаған ортамен таныстыру,кеңістікте бейнені дұрыс орналастыра білуге үйрету,ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу .
Құрал – жабдықтар мен көрнекіліктер: Жұмсақ қол сүртетін қағаз,желім,тиісті суреттер.
Оқу іс-әрекетінің кезеңдері |
Педагогтың іс-әрекеті |
Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық-қозғаушылық |
1.Шаттық шеңбері. Біздер жақсы баламыз, Өсті ақыл санамыз Қонақтармен ең алғаш Амандасып аламыз Сәлеметсіздерме? Жарайсыңдар балалар! Балалар бүгін мен топқа келгенде бір қорап тауып алдым.Ол қорапта мынадай хатқалта бар екен.Оның ішінде не бар екенін мен білмеймін.Кәне балалар ашып көремізбе? Оның ішінде хат бар екен.Балалар хатта не жазылған екен оқып көрейік. |
Шаттық шеңберге тұрады.Бір-біріне жылы лебіздерін білдіреді.
-көрейік |
Ұйымдастыру- шылық- ізденушілік. |
-Сәлеметсіздер ме,балалар! Қалдарың қалай?Сіздерге хат жолдап отырған Аққала. Балалар,мен сендерден көмек сұраймын. Менің денемді зұлым қасқыр бөлшектеп тастады. Денемді құрастырып, біріктіріп беріңдерші. Суретке қарасаңдар бәрін түсінесіңдер. Сәлеммен Аққала. -Балалар,Аққалаға көмектесеміз бе?
-Аққаланы қай уақытта,яғни қай жыл мезгілінде жасайды? -Ал, қазір жылдың қай мезгілі? Дұрыс айтасыңдар,қыс мезгілі. -Қыс мезгілінде қандай өзгерістер болады? -Қыс мезгілінде қандай ойындар ойнаймыз? Олай болса бізде бір ойын ойнап көрейік. «Қар кесегі» ойыны. Шарты: Балалар жерде шашылып жатқан қар кесектерін жинайды. Кім көп жинайды.
-Ал, енді балалар аққалаға көмектесейік. Педагог балаларға аққала салынған суреті бар қағаздарды таратады да,балаларға не істеу керектігін түсіндіреді. Балалар біз аққаланы жұмсақ қол сүртетін қағаздарды умаждау арқылы құрастырамыз. Үлгіге қарап Аққала жасайық. Педагог балалардың жасаған еңбектерін тақтаға іліп қояды. Жарайсыңдар ,балалар өте жақсы жұмыс жасадыңдар. Енді сіздерге Аққала қуанатын болды. Сергіту сәті. Боран соқты оң жақтан, |
Көмектесеміз.
-Қыста
-қыс -Суық,қар жауады,боран соғады,адамдар қалың киім киеді. -Шаңғы, шана,коньки,сырғанақ тебеміз,аққала жасаймыз,қар лақтырып ойнаймыз. Балалар қызығушылықпен қатысады.
Балалардың көңіл-күйі көтеріліп,жұмыс жасауға кіріседі.
Балалар өз еңбектерін қарап тамашалап,өздеріне баға бере білді. |
Рефлексиялық-түзетушілік |
-Балалар аққала неден жасалады? Аққаланы қардан жасайды?
Ал балалар бүгін біз аққаланы жұмсақ ақ қағазды умаждау арқылы құрастырдық
Жарайсындар! |
Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді? Балалар қойылған сұрақтарға жауап береді? |
Күтілетін нәтиже:
Біледі: қағазды умаждау арқылы қар кесектерімен аққа жасалды;
Игереді: Аққала мен қар кесектерін дұрыс орналастыруды
Меңгереді: Қағазбен ұқыпты жасай білуді
Тәрбиеші : Амирова.Г.Е