Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Ашық ұйымдастырылған оқу қызметі "Гүлдәурен "(ересек тобы)

01.02.2021

Ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: 27.01.2021ж

Тәрбиеші: Хасенова А.У

Білім беру саласы: Таным
Бөлімі: Қарапайым математикалық түсініктерді қалыптастыру
Тақырыбы: Ғажайып математика
Мақсаты: 10 сан көлемінде садық есептеуге үйрету. Сандарды тура және кері санау. Балалардың тілін дамыту, іс-әрекет дағдыларын меңгерту,геометриялық пішіндер туралы ұғымдарын  тиянақтап, түстерді ажырата білуге,тапқырлыққа, ізденімпаздыққа тәрбиелеу. Балалардың ұсақ қол маторикасын дамыту.
Әдіс тәсілдері: сұрақ-жауап,түсіндіру,ой қозғау,талдау-жинақтау.
Көрнекілік құралдар: Пішіндер,шарлар, қоян суреті, геокант тақтасы  

Іс-әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті

Балалардың іс-әрекеті

 

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:

-Балалар бүгінгі оқу қызметі ерекше болмақ.Себебі бүгін біздің оқу қызыметімізге көптеген тәрбиеші апайлар қонаққа келіп отыр.Апайларымыз бен достарымызбен, амандасып алайық.


Сәлем досым! саған да,

Саулық тіле, маған да.

Сәлеметсіздерме, сіздерде,

Қуанып тұрмыз , біздерде.

 

Жарайсыңдар, балалар,

Бүгінгі күнге сәттілік!

 

 

 

 

 

 

Бір-бірімен

қол беріп амандасады.
 


Балалар қимылмен көрсету арқылы орындайды

 

Ұйымдастырушылық-

ізденіс

Балалар біз бүгін « Ғажайып математика» еліне  саяхатқа барамыз. Қанекей барлығымыз пойыз болып саяхатқа барайық. Міне ғажайып математика еліне де келіп жеттік. Балалар бұл саяхатта біз көптеген тапсырмаларды орындаймыз. Мен сендерге құр қол келген жоқпын. Мына шарларды ала келдім.
-Балалар, бір жылда неше мезгіл бар?
-Қане, атап шығайық....
Бұл шарлардың түсі де сол төрт мезгілді белгілейді.
Мына шардың түсі қандай?
-Бұл шардың түсі қандай мезгілді білдіреді?
Қыста жер қандай болады?

Сары шарды көрсету. Бұл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?

 

 

-Жасыл шарды көрсету.Бұл түс шөптердің түсі сияқты. Табиғат көктемде оянып, жер беті жасыл шөпке толады.
 

-Қызыл шарды көрсету. Қызыл түс қандай жыл мезгілін білдіреді?Қай уақытта гүлдер қызыл түске боялады?
- Балалар түстерін білдік енді сиқырлы шардың ішінде не бер екенін білгілерің келе ме? Қане, шарды кім жарады?
-Балалар бізге шардың ішінде жасыруға жұмбақтар берілген екен.

Жұмбақ шешіп көрейік.
1. Шуақ шашқан күнге ұқсаймын көбірек, менің атым.........
2. Барлық шатыр ұқсайды тек өзіме,
Бірден білер құлақ асқан сөзіме
3.Теледидар таныс екен баршаға,
Ал пішінім ұқсайды ғой .....
Дұрыс таптыңдар балалар, Жұмбаққа өте жүйрік екенсіңдер.    
Күн сияқты дөңгеленіп тұрады. Күнге қолдарын созады.

Балалар келесі шарларды да жарып көреміз бе?
Екінші шарды жарады.
Логикалық есептер:
- Қоянда неше құлақ бар?
-Ағашта 5 құс отыр, оның 2-уі ұшып кетті, ағашта қанша құс қалды?
Үшінші шардың тапсырмасы.
 

1-ден 10-ға дейін тура және кері санау.
 

Сергіту сәті
Бойыңды сергек тік ұста,

Емін еркін тыныста

Сол қолыңды соз алға,

Үшбұрыш сыз ауада,

Оң қолыңды соз алға,

Дөңгелек сыз ауада

 


Төртінші шарды жарады.
-Балалар ақылмен ойлап әр түрлі нәрслер жасауға болады екен. Мына кішкене пішіндерден зымыран құрастырып көреміз бе?
-Зымыран құрастыруға қандай пішіндер қажет?
-Қандай пішіндерді білеміз? \

 

 

 

 

Тақтамен жұмыс:

-Балалар мына тақтадағы қандай пішіндер?

Дұрыс айтасыңдар.

-Ал, мынау қандай пішін?

-Ал мынау қандай пішін?

Ал мынау қандай пішін?

 

Үстелде отырып тапсырмаларды орындайды.

 Геокант тақтасына үшбұрыш, шаршы, дөңгелек салады.

 

 

 

 

 

 

 

төрт мезгіл бар
-қыс, көктем,жаз, күз-ақ
 

-қыс мезгілі
Аппақ қар. 

-күз
-Себебі күзде ағаштардың жапырақтары сарғайып жерге түседі. Жер беті сары кілемге ұқсайды.

-жаз мезгілінде
Бір бала шығып шарды жарады.


-көктем мезгілі

.

 

 

 

Жұмбақтың шешуін табады
 

 

-дөңгелек

-үшбұрыш

 

-шаршыға
 

 

Шарларды жарады

- 2 құлақ бар
 - үш құс қалды.

Үшінші шарды жарады.
Тура және кері санайды

 

 

 

-  іс -қимылмен жасайды

 

 

 

 

-үшбұрыш, төртбұрыш, дөңгелек.

Пішіндерден зымыран құрастырады

 

 

-Геометриялық пішіндер.

-Шаршы.

-Үшбұрыш.

-Дөңгелек

Рефлекстік түзету

Өте жақсы құрастырдыңдар   .                                         -Балалар пішіндерден не құрастырдық?                                    -Балалар ендеше осы құрастырған зымыранмен елімізге оралайық.                                                          –Біз саяхатқа пойызбен келсек енді зымыранмен қайтамыз екен.                                                        Саяхат сендерге ұнады ма?                                        

  -Саяхатта не үйрендік?

 

зымыран

Саяхаттан оралады.

                                               

 

-ия, ұнады

-Жұмбақтар шешуді,санауды,зымыран құрастыруды.

Күтілетін нәтиже: 
 Баланың білуі: Тура және кері санауды, жұмбақтар шешуді, логикалық есептер шығаруды біледі. ;  

Меңгеруі: Жыл мезгілдерін түстермен сәйкестендіріп таба алуды меңгерді.          

  Жасай алуы: Пішіндерден зымыран құрастырып, геокант тақтасымен қолдану білуді;

 

Просмотров: 296

Қосымшалар:



Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст