Ақмола облысы білім басқармасының Целиноград ауданы бойынша білім бөлімінің жанындағы Жалғызқұдық ауылының "Болашақ"бөбекжайы МКҚК

Ұйымдар тізімі

Галерея

Смотреть все>>>

Тақырыбы: Күз береке

16.10.2024

Күз - мереке, күз - береке

Тақырыбы: Күз - мереке, күз - береке.

Мақсаты: Күз мезгілі туралы түсініктерін, сөйлеу қабілетін жетілдіру.
Күз келбетін сипаттап, күз айларын атай білуге үйрету. Сөз қорларын байытып, ойлау, есте сақтау қабілеттерін арттыру. Табиғатты аялауға, сүюге, қорғауға тәрбиелеу.
І. Ұйымдастыру кезеңі.
Сәлемдесу.
Білер қазақ баласы.
«Сәлем – сөздің анасы»
Алдымыздан кезіккен
Көп танысты көреміз,
Бәріне де ізетпен
Біздер сәлем береміз.

Тәрбиешінің әңгімесі: – Балалар, бүгін біз берекелі күз айын шығарып салғалы отырмыз. Күз дегеніміз, бейнелеп айтар болсақ, жазира даланың дарқан дастарқаны деп аталады. Күз дегеніміз – байлық, молшылық, қауырта еңбек кезеңі. Олай дейтін себебіміз, күзде – егін, шөп, астық, көкөніс, жеміс – жидектер піседі. Күзде қыс мезгіліне қамдану басталады. Сондықтан адам да, жануарлар, құстар да, тіпті өсімдіктер де қысқа әзірлік жасайды. Біз бүгін мерекелі де, берекелі күз айына сүйіспеншілігімізді білдіріп, өнерімізді ортаға салмақпыз.

ІІ.Тәрбиешінің сұрақ жауабы:
- Қазір қай жыл мезгілі?
- Қазір күз мезгілі.
- Қандай күз айлары бар?
- Қыркүйек, қазан, қараша


ІV Сергіту сәті: Қыс – құнар береді,
Көктем – дән себеді,
Жаз – бастап, өсірсе
Күз – жинап береді.

Күз мезгілін қалай білеміз?
Өрік, алма, шие, алша.
Жидек, жүзім піседі.
Қауын, қарбыз, қияр, сәбіз,
Дүкендерге түседі.
Балалар
- Күзде күн суық. Күзде сары жапырақтар.
- Күзде алуан-алуан жапырақтар. Жапырақтар түседі.
- Құстар ұшып кетеді. Жемістер жинаймыз.
- Күзде жұмыс көп. Көкөністер жинаймыз.

VІ. Жұмбақ шешейік:
Бойын жерге жасырған,
Бұрымы бар жасылдан.
(Сәбіз)
Қалың киімді ұнатады,
Шешіндірсең жылатады.
(Пияз)
VІІ. Ойын «Кім жылдам?» (Көкөністер мен жемістерді топтап себетке жинайды)

VІІІ. Үлестірмелі суреттер.(Аттарын атап, салыстырып түстерін, пішіндерін және сөз тіркестерін айтады)
Алма – жеміс. Алма домалақ. Түсі қызыл. Дәмі тәтті.
Қияр - көкөніс. Пішіні сопақша. Түсі жасыл.
Шие – жеміс. Қызыл шие. Бес шие. Қышқыл шие.
Мынау - сәбіз. Сопақша сәбіз.сары сәбіз. Үлкен сәбіз.

Х. Күз: Астық пісіп, орақ түсіп,
Қырман дәнге толады.
Бөбектерім, айтыңдаршы бұл қай кезде болады?

Балалар: Бұл күзде болады

 

Тәрбиеші: Күз ханшайымы, саған мың алғыс! Бүгінгі  сыйлығыңа рахмет. Бізге тағы кел, біз сені  сағына күтеміз.

Күз ханшайымы:

Берекелі бақ дәулет

Артта түссін тойланып.

Сау болыңдар, балалар,

Келгенше   жыл айналып.

(Осы кезде әуен ойналады, Күз ханшайымы қоштасып кетеді)

Тәрбиеші: Күздің кереметі, байлығы өте көп. Күзде біздің  дастарханымыз дәнді дақылдарға, көкөністерге, жеміс-жидектерге толы болады, бірақ осы байлыққа жету үшін көп еңбек ету керек. Сондықтан сендер еңбекшіл болыңдар. Міне, балалар осымен  «Күз  мереке-күз береке» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Сіздерді  күз мерекесімен құттықтаймын, әр отбасыларыңа бақыт, береке тілеймін.

Қош сау болыңдар деп осы мен тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. 


 

Просмотров: 1329


Добавить комментарий



Включить данные в подпись

Текст