Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған облыстық
«Менің халқымның тарихы» тақырыбындағы онлайн-конкурс
«Менің халқымның тарихы» патриоттық конкурстың мақсаты: балалардың бойында патриотизмді тәрбиелеу,балалардың өз халқының тарихына деген қызығушылығын арттыру,өткеннің жәдігерлерін сақтау, туған өлкенің бай тарихы мен ежелгі ұлттық мәдениетін зерделеу,өз халқының салт-дәстүрлеріне деген сүйіспеншілік пен сыйластықты тәрбиелеу.
«Менің халқымның тарихы» тақырыбында слайд жасалынып тәрбиеленушілерге өз халқының тарихы , баспаналары,салт-дәстүрлері,ұлттық киімі,ою-өрнектері ,мәдениеті туралы түсінік берілді.
«Менің халқымның тарихы» фотокөрмесі ұйымдастырылды ,балалар қызығушылықпен қатысты. Қазақ халқының ежелгі баспанасы киіз үй туралы толық ақпарат алу үшін, балабақшадағы қазақ тілі кабинетінде орналасқан киіз үйде ашық сабақ жүргізілді.